«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес «Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 13.01.2015 жылғы № 5 Бұйрығын қараңыз
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 қаулысымен бекітілген
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жоба алды құжаттама;
2) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) – көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтитын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
3) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
4) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Құрылыс жобасын келісу тәртібі
3. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу үшін магистральдық құбыр салуды жүзеге асыруға ниеттенген тұлға (бұдан әрі – мүдделі тұлға) уәкілетті органға ТЭН-ді ұсынады.
4. Уәкілетті орган ТЭН-ді алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оны қарастырады және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН келісу кезінде уәкілетті орган оның мына талаптарға сәйкестігін қарастырады:
1) уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мұнай өндіру және тарату теңгеріміне сәйкес жоба үшін ресурс базасының болуы;
2) магистральдық құбыр трассасын және алаңдарын аумақтың табиғи ерекшеліктерін, елді мекендердің, көлік жолдарының және коммуникациялардың орналасуын ескере отырып таңдау.
6. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-і осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келісуден бас тартады. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-і осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде ТЭН-ді келіседі.
7. Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келіскеннен кейін жаңа магистральдық құбыр салу жобасын уәкілетті органға ұсынады.
8. Уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі не жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартады.
9. Уәкілетті органмен келісілген жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін, сондай-ақ жаңа магистральдық құбыр салу жобасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған жағдайда уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартады.
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартқан кезде уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде бұл туралы мүдделі тұлғаны бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
10. Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін құжаттар уәкілетті органға қайта келісуге жіберіледі. Қайта келісу кезінде құжаттарды қарау өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
лерді жойған жағдайда уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |