Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 24 мамыр N 626
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1)Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілсін.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің құрылымы бекітілсін.
3) Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi.
1-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.06.2004. № 695 қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық туралы ережені бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі N 1114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 352-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1028 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 36, 327-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық) республикалық бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету мемлекеттiк бюджеттiң мемлекеттiк мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөнінде салааралық үйлестірудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi құзыретінің шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылық аумақтық бөлiмшелерi болады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.03.2000. № 338 қаулысымен.
2. Қазынашылық өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкiметінің актілерiн және өзге де нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазынашылық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Қазынашылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Қазынашылыққа заңдарға сәйкес уәкілеттік берiлген болса, онда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Қазынашылық өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күші бар.
5. Қазынашылықтың құрылымын және штаттық санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.07.2000. № 1084 қаулысымен.
7. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Қазынашылықтың құрылтай құжаты болып табылады.
9. Қазынашылықтың қызметi тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Қазынашылықтың өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлермен шартта қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
Егер Қазынашылыққа заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген болса, мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Қазынашылықтың негiзгi міндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi:
1) республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыруды және бақылауды жақсарту;
2) мемлекеттiк бюджетке есеп айырысу-кассалық, оның iшiнде ақылы қызметтердi, депозиттiк сомаларды сатудан және демеушiлiк пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттiк ұйымдар алатын қаражаттар бойынша шоттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi жақсарту;
3) бюджет жүйесiндегi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi және қазынашылық органдары жүйесiндегi iшкi аудиттi дамытуға және жетiлдiруге қатысу;
4) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
5)
6) Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.1999. № 951 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.03.2000. № 338 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.06.2001. № 813 қаулысымен.
11. Қазынашылық заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету;
2) кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
3) республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағындарын болжайды;
4) мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету;
5) республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында мемлекеттiк салықтар мен төлемдердi бөлудi және оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге есептеудi қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік мекемелерді тапсырмалары бойынша ұлттық және шетел валютасымен ақша аударуды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелер ұсынған төлем құжаттарына бақылау жасайды;
7) мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды өтеген кезде ақша аударуды және оған қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
8) екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
9) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептiліктi жүргізудің және жүзеге асырудың тәртiбiн әзiрлейді, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуы туралы ақпарат тапсырады;
10) бағдарламалардың республикалық бюджеттiк мекемелерiне-әкiмшiлерiне бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бойынша бөлінген лимиттер мен жүргiзiлген кассалық шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отырады;