Bestprofi Logo

Қаулы № 1329 от 2011-11-11г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Документ на казахском языке

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1329 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.10.2015 жылғы № 18-02/897 Бұйрығын қараңыз

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1329 қаулысымен бекітілген

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары

1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін анықтайды.

1) тұқымдар мен отырғызу материалдарын - ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (ауыстыру шекарасы) регламенттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады;

2) отандық тұқымдар мен отырғызу материалдары - карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады;

3) импорттық тұқымдар мен отырғызу материалдары - фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Импорттық тұқымдар мен отырғызу материалы карантиндік объектілер және басқа да ерекше қауіпті зиянкес организмдермен жасырын залалдану нысанына интродукциялық-карантиндік тұқымбақтарда тексерілуге жатады.

2. Тұқымдарды пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

4. Пайдалануға рұқсат етілген тұқымдар жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және олардың топырақтағы өнгіштігін арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.

5. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: стратификация (қар шашу), тұқымдардың сыртқы жамылғысына механикалық, жылу және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен сәулелендіру, тұқымдарды дезинфекциялау және дезинцекциялау.

6. Тұқымдарды себу алдында дайындаудың негізгі тәсілі стратификация болып табылады.

7. Орман тұқымдарын стратификациялау арнайы үй-жайларда, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымының түріне байланысты +10 градустан +350 С дейін, салқын стратификация 0 градустан +70 С дейін, сирек +100 С градус температура жағдайында жүргізіледі).

8. Стратификациялаудың ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының терең сипат алуына, орман тұқымдарының өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың орын алуына байланысты.

9. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте қабығы жарылған орман тұқымдарын сусымалы күйге жеткізіп кептіреді және елейді.

10. Тұқымдарды себу алдында дайындау тәсілдерінің ерекшеліктері тұқымдылықтарға байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

11. Тиеу, тасу және түсіру кезінде тұқымдар механикалық әсерлерге ұшырамауға және суланбауға тиіс.

12. Тұқымдардың орнын ауыстыру (тасымалдау кезінде бүлінбеуі үшін оларды құрғақ күйге жеткізіп (12-15% ылғалдылық), кептіреді және нығыздап салмай бес қабатты қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдыстарға салады. Ыдысқа салынған тұқымның бір орнының массасы 50 килограммнан аспауға тиіс.

13. Ыдыстың әрбір орны тұқымдардың түр атауы, массасы, күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.

14. Себу орнына немесе көлік құралдарына жеткізілген тұқымдар оларды пайдалану немесе жөнелту сәтіне дейін лапас астында немесе жабық платформаларда сақталады.

3. Отырғызу материалдарын пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

15. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде отырғызу материалдарды пайдалану мен олардың орын ауыстыруға отырғызу материалы өсірген орман тұқымбағының иесі беретін отырғызу материалдарының паспорты болған кезде рұқсат етіледі.

16. Отырғызу материалының паспорты отырғызу материалдарын қабылдау актісінің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

17. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарының сапасы мен саны бойынша қабылдау орман иеленуші немесе орман пайдаланушы тұқымбағының барлық қазып алынатын алаңында жылына екі рет көктемгі және күзгі отырғызу материалдарын қазып алу алдында комиссия жүзеге асырады, оның құрамында:

1) тұқымбақтың өкілдері (тұқымбақ бастығы немесе орман екпелерінің инженері);

2) карантиндік қадағалау қызметінің өкілі;

3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілі болады.

18. Отырғызылатын материал лекпен қабылданып алынады. Бірдей жағдайларда өсіріліп бір тұқымның жасы мен шығу тегі бір екпе көшеттердің, тікпе көшеттердің кез-келген мөлшері лек болып есептеледі.

19. Орман иеленуші мен орман пайдаланушы ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін өсірген немесе сатып алған отырғызу материалы осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген талаптарына сай келуге тиіс.

20. Тамыр жүйесі ашық екпе көшеттер, тікпе көшеттері және қысқы (сүректенген) қалемшелер көктемгі және күзгі кезеңдерде ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылады.

21. Тамыр жүйесі жабық екпе көшеттер мен тікпе көшеттерді (топырақ кесегімен) тамыр жүйесі кеуіп қалудан сақталған жағдайда бүкіл жыл бойына отырғызуға болады.

22. Отырғызу материалының орнын ауыстыру (тасымалдау) көліктің барлық түрімен жүзеге асырылады, оларда отырғызу материалының діңдері, бұтақтары және тамыр жүйесі бүлінбейтіндей етіп біркелкі орналастырылуы қамтамасыз етіледі.

23. Отырғызу материалдарын тасымалдау кезінде:

1) оларды бумалап байлап, саңылауы бар жәшіктерге, қаптарға және себеттерге салады;

2) тамыр жүйесінің кеуіп, құрғап қалуына жол бермеу мақсатында олардың бетіне ылғалды ағаш ұнтақтары, қар, сабан немесе қамыс төсейді.

24. Тиеу, тасу және түсіру кезінде отырғызу материалына механикалық зақым келмеуге тиіс.

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларына 1-қосымша

Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында өңдеудің ерекшеліктері

Р/с
N
Тегі Т ұқ ымды себуге дайындау тәсілдері Тұқымдардың өсу қуатын және олардың жердегі өнгіштігін ынталандыру үшін дайындау әдістері
к ү згі көктемгі
1 2 3 4 5
1 Кәдімгі өрік Т ұ рақты аяздарға екі ай қалғанда себілсе стратификацияланбайды. К ү з аяғында себілсе, жинал ғ ан сәттен бастап жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды 3-5 о С температурада дым қ ыл құм салынған жәшіктерде 90-100 күн бойы немесе қыста то ң азымайтын траншеяларда стратификациялайды Т ұқ ымды температурасы 35 0 С суға жібітеді, Үшінші тәулікте Температурасы 16-18оС су қ ұяды. Содан кейін температурасы 30-35 о С ү й-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды.
Қоспаны к ү ніне 2-3 рет аударыстырып т ұ рады.
12-15-ші к ү ні ө сіп- ө не бастайды.
2 Биік айлант Дайындамайды 2-3 к ү н бойы су ғ а жібітеді
3 Бұталы аморфа Дайындамайды 24 са ғ ат бойы су ғ а жібітеді
4 Қара жемісті а ронин Дайындамайды Марганец қыш қ ылды калий ерітіндісінде (0,5 %) 2 са ғ ат бойы жібітеді, содан кейін 60 к ү н Стратификациялайды
5 Салпыншақ қайың (қотыр) Ерте жазда себілсе алдын ала т ұқ ымды жабыска қ к ү йге дейін жібітіп алады, к ү з аяғында және қыста себілсе, дайындамайды Алдын ала ішінара жабысқақ к ү йге дейін жібітіп алады (2-3 тәулік) немесе қ ұ рға қ күйінде себеді Алдын ала жібітілген тұқымды 2 т ә улік бойы қарға аунатып, тоңазытып алады. Қ арға аунату ұзақтығы - 30 күн. Температурасы төмен (0 о С- қ а жуық) ү й ішінде құ м салын ғ ан жәшіктерде 30 к ү н бойы стратификациялайды және ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді. Т ұқ ымды 6 са ғ ат бойы 0,005 % к ү кірт қышқылды кобальт ерітіндісімен (COS04) немесе 0.001 % молибден ерітіндісімен (NH4)2 Мо04 өң дейді. Марганец қышқылды калийді ң 0,5 % ерітіндісімен 2 сағат дәрілейді
6 Түкті қайың Талап етілмейді Алдын ала 2 тәулік бойы жібітіп алады немесе құрғақ күйінде себеді Қарға аунатып алады немесе төмен температурада (0 0 С-қа жуык) алдын ала жібітілген тұқымды құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды. Алдын ала жібітілген тұқымды брезентке үйіп, жабысқақ күйге дейін жеткізеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.
7 Шығыс биотасы Тәулік бойы жібітіп алады Тәулік бойы жібітіп алады
8 Кәдімгі қынаағаш Қыркүйектен кешіктірмей себілсе дайындамайды; одан кеш себілсе 30 күн стратификациялайды 80-90 күн бойы 0-5 0 С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды Тұқымды 50 0 С температурадағы суда 2 тәулік бойы жібітеді
9 Тікенді (кәдімгі) долана Сеппейді 12-24 сағат бойы 45 % күкірт қышқылы ерітіндісінде жібітеді, жуып-шаяды және температурасы 20-25 0 С үй-жайларда 180-240 күн стратификациялайды
10 Алқызыл долана Сеппейді Жинап алғаннан кейін бірден 5-10 0 С температурада 160-260 күн бойы үнемі ылғалдандыра және араластыра отырып стратификациялайды
11 Бір аналық долана Жинаған соң 1 жыл ішінде стратификациялап, келесі күзде себеді. Стратификация алдында 3-4 күн жібітеді Сеппейді
12 Кәдімгі шие және дала шиесі Жиналған сәттен бастап себуге дейін жаңа жиналған, кептірілмеген тұқымдарды жазғы траншеяларда немесе салкын үй ішінде стратификациялайды Жинаған сәттен бастап 180 күн ішінде (дала шиесі үшін - 120-180 күн) үйжайда немесе тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды
13 Жылтыр шегіршін Жинағаннан кейін бірден құрғақ күйінде себеді немесе 2 сағат суға жібітіп, кептіріп алады

14 Үш тікенекті (кәдімгі) қарамала Тұқымды жинаған сәттен бастап себуге дейін жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Құрғақ тұқымды ерте көктемде себуге болады Тұқымға қайнаған ыстық су (90 0 С) құяды, содан соң салқындаған суда 10 сағат қалдырады. Су мен тұқымның арақатынасы 3:1. Ісінбеген тұқымды қайта өңдейді. Ыстык су құюды 2 сағат бойы күкірт қышқылының концентратымен өңдеумен алмастыруға болады
15 Кәдімгі алмұрт Аязға 1,5 ай қалғанда себер болса дайындамайды, одан кеш себетін болса жинаған сәттен бастап жазғы траншеяларда стратификациялайды Алдын ала 2 тәулік бойы жібітілген тұкымды қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайда 0-5 0 С температурада стратификациялайды. Стратификация мерзімі - құмда 90 күн, шымтезек Ұнтағында 75 күн Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік бойы жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7 күннен кейін өсіп-өнеді. ТМТД-мен немесе фентеураммен дәрілейді
16. Ақ дерен алқызыл дерен (свидина) Жинаудан себуге дейін бірден жазғы траншеяларда стратификациялайды. Жинаған соң дайындықсыз бірден себуге болады. Үй-жайларда құм салынған жәшіктерде 180 күн бойы немесе жинаған соң бірден жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 240-270 күн бойы стратификациялайды Тұқымды 15 күн бойы қарға аунатып алады, содан кейін оны үйжайларда 90 күн бойы 5-6 0 С температурада стратификациялайды
17 Өте әдемі емен Дайындамайды Қыста траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде сақталған соң дайындықты қажет етпейді
18 Кәдімгі шырша және сібір шыршасы Дайындамайды 9-12 сағат суға жібітеді Жібітілген тұқымды себу алдында 60-90 күн бойы қарға аунатып алады. Марганец қышкылды калийдің 0,5 % ерітіндісінде 2 сағат жібітеді. ТМТД-мен, фентиураммен, БМК-мен немесе фундазолмен дәрілейді. Мынадай микроэлементтердің су ерітінділерінде 12-18 сағат жібітеді: күкірт қышқылды кобальт (0,03 %), күкірт қышқылды мыс (0,03 %) немесе марганец қышқылды калийдің, бор қышкылының, күкірт қышқылды мыстың, мырыштың және кобальттің (0,002 %-тен) қоспасы
19 Шренк (тянь-шань) шыршасы Сеппейді Алдын ала бір тәулік суға жібітілген тұқым қарға аунатылады. Қарға аунату мерзімі 1-1,5 ай. Қарға аунатқаннан кейін 0,5% КМn04 ерітіндісінде 30 минут дәрілейді Тұқымды температурасы 35-40 С суға салып, 24 сағат ұстайды. Содан соң оны 0,5% КМn04 ерітіндісінде 30 минут дәрілеп, көлеңкеде әбден кептіріп алып себеді.
20 Кәдімгі ұшқат Дайындауды қажет етпейді Қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе үйжайларда 2-50С температурада 60-90 күн стратификациялайды
21 Татар ұшқаты Дайындауды қажет етпейді Қысқы суық траншеяларда немесе үй-жайларда 2-5 С температурада 50-60 күн стратификациялайды Себу алдында шағын қаптарға салып 1,5 ай бойы қар үстіне қойып қояды немесе 5-8 С температурада аптасына 2 рет ылғалдандыра және араластыра отырып ағаш үгінділерінде стратификациялайды. 18-20 күннен кейін тұқым өнеді
22 Кәдімгі шәңгіш Жаңа жиналған тұқымды жазғы траншеяларда стратификациялағанда өскіндер бір жылдан кейін пайда болады. Жинаған соң алдымен жазғы, одан кейін қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе алдымен үй-жайларда 15-18 0 С температурада, содан соң қыста 5 0 С дейін төмен температурада стратификациялайды

23
Ағаш тәріздес қараған (сарықараған ) Дайындауды қ ажет етпейді Бөлме температурасында ғ ы суда 5 сағат жібітеді 45 күн бойы қарға аунатады немесе 0 0 С мұзда 30 күн бойы ұстайды

24

Ат талшын
Дайындауды қажет етпейді Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтау кезінде дайындайды Сақтаудан кейін жылы жерде бірнеше күн ұстап, өнгенше, араластырып және ылғалдандырып тұрады
25 Ақ үйеңкі Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды Алдымен үй-жайда 0-3 0 С температурада 45 күн стратификациялайды, содан кейін 45 күн бойы қар астында ұстайды. Тұқымды 3 тәулік бойы жібітеді, содан соң алдымен 5-10 0 С температурада үй-жайда 60 күн, одан кейін 0 0 С-та 60 күн стратификациялайды Қарда 45-60 күн стратификациялайды. Молибден аммонийдің 3% ерітіндісінде 24 сағат жібітеді, содан соң 8 күн бойы күніне 3 рет 4 минутка жылы суға (35-38Т) және суық суға (0 0 С) салады
26 Сүйір жапырақты үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі) Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды Үй-жайларда немесе қыскы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификациялау мерзімі 45-60 күн. Қар араластыра отырып 45-60 күн стратификациялайды. Тұқымға жылы (40 о С) су құйып, брезентпен жауып, 3 тәулік ұстайды. Содан кейін 30 0 С жуық температурадағы үй-жайларда құм салынған жәшіктерде ұстап, күн сайын араластырып және ылғалдандырып тұрады. Тұқымдар 7-ші күні өнеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді
27 Дала ү йе ң кісі Жинал ғ аннан кейін жаз ғ ы траншеяларда себуге дейін кемінде 45 к ү н стратификациялайды Жина ғ аннан кейін алдымен жаз ғ ы, содан кейін қысқы то ң азымайтын траншеяларда 150-180 к ү н стратификациялайды Т ұ кымды 3 к ү н жібітіп, алдымен ү йжайларда 10-15 0 С температурада 60 к ү н, содан кейін 0 0 С температурада 30-60 к ү н стратификациялайды
28 Күміс үйеңкі Сеппейді Жинаған соң дайындықсыз бірден себіледі (мамырдың аяғы - маусымның басы) Құрғақ ауа райында екпелерді суару міндетті
29 Татар үйеңкісі Жиналғаннан себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды Күзден бастап қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды Тұқымды құм салынған жәшіктерде 0-3 0 С температурада әрбір 2-3 күн сайын ылғалдандыра және араластыра отырып страфикациялайды. 30 күннен соң ылғалдандыруды тоқтатады, температураны 0 0 С дейін төмендетеді. 2-ші күні тұқымды қайта ылғалдандырып, температураны 5 0 С дейін көтереді. Бұдан кейін тұқым 18-20-шы күні өнеді. Дайындықтың жалпы ұзақтығы 50 күн
30 Шаған жапырақты үйеңкі Дайындауды қажет етпейді Үй-жай ішінде 30 күн стратификациялайды немесе 1 ай қар астында ұстайды
31 Ірі жапырақты жөке Тұқымды жиналғаннан бастап жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде 90 күн бойы стратификациялайды Алдымен жазғы Траншеяларда немесе үй-жайларда, ал содан кейін 0-5 0 С температурада қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификация ұзақтығы - 180 күнге дейін
32 Ұсақ жапырақты жөке Тұқымды жинағаннан соң себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды Тұқымды жазғы, содан соң қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды Тұқымды ауық-ауық ауыстырылып тұратын суда 10 күн жібітеді, содан соң 30 күн 15-25 0 С температурада және 90-120 күн 0 0 С температурада стратификациялайды
33 Сібір балқарағайы Дайындауды қажет етпейді 9-12 сағат суға жібітеді және 1-1,5 ай қарға аунатады; КМn04 0,5% ерітіндісінде 30 минут дәрілейді Тұқ ымды 3 тәулік марганец қ ышкылды калийді ң 0,004 % ерітіндісінде +26 0 С температурада жібітеді, содан кейін дәке дорбаларға салып, дымқыл ағаш үгінділерімен (1,5-2 см қабатпен) к ө міп, 2 тәулік ұстайды. Т ұқ ымды 24 сағат бром калийіні ң 0,5 % ерітіндісінде немесе 0,05 % колхицин ерітіндісінде жібітеді. Тұ қ ымды себуге 30 са ғ ат қал ғ анда әлсіз әк ерітіндісінде (10 л суға 200-250гр әк) жібітеді.
34 Жіңішке жапырақты жиде Ерте күзде сепкенде жинаудан кейін дайындамайды; кеш себілсе, жиналған кезден бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды Алдын ала 4 тәулік жібітілген тұқ ымды қысқы то ң азымайтын траншеяларда немесе 16-20 0 С температурада үй-жайлар ішінде стратификациялайды. Стратификациялау ұзақтығы - 90-120 күн Тұқ ым ғ а ысты қ су (50-60 0 С) құ йып, бір тәулік жібітеді. Содан кейін температурасы 16-20 С үй-жайда құм салын ғ ан жәшіктерде стратификациялайды. 15-20-шы к ү ні ө не бастайды.
35 Кәдімгі бадам Дайындауды қажет етпейді Үй-жайларда немесе траншеяларда 30-60 күн стратификациялайды
36 Виргиния аршасы Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді Үй-жай ішінде 20-30 0 С температурада 30 күн, 15 0 С темпратурада 120 күн стратификациялайды Тұқымды 30-50 мин. мөлшерінде күкірт қышқылы концентратымен өңдейді, сумен шаяды, содан кейін 0-50С температурада 90-120 күн стратификациялайды
37 Кәдімгі арша Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда Себілетін болса, дайындауды қажет етпейді Үй-жай ішінде 20-30 0 С температурада 30 күн, 15 0 С температурада 120 күн стратификациялайды
38 Түркістан аршасы Жаңа жиналған Тұқымды дайындамай сол күйінде тамыз айы ішінде себеді Өткен жылғы терең тыныштықтағы тұқымды жазда шілдеде - тамыздың бас кезінде себеді.
39 Жарты шар тәрізді арша Бұл да қыркүйектің бірінші жартысында себіледі Бұл да солай
40 Шырғанақ маймылжиде Топырақ қатпай тұрып 1 айдан кешіктірмей себілсе, дайындауды қажет етпейді Үй-жайда 0-5 0 С температурада құм салынған жәшіктерде 90 күн стратификацияланады 3 тәулік суда жібітіп алып, үй-жайда 30 күн стратификациялайды
41 Грек жаңғағы Дайындамайды Үй-жайда құмда 0-5 0 С температурада 30-45 күн стратификациялайды Тұкымды көктемде себуге 5-7 күн қалғанда қапқа салынған күйінде тау өзенінің ағын суына малады.
42 Кәдімгі шабдалы Дайындауды қажет етпейді Үй-жайда 0-5 0 С температурада 100-120 күн стратификациялайды
43 Сібір самырсыны Дайындауды қажет етпейді Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн 0-5 0 С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн қарға аунатады
44 Ақ қараған Сеппейді Тұқымды стратификациялайды немесе температурасы 80-85 0 С су құйып, алғашкы 15-20 минут араластырып, суығанша қалдырады. Қажет болса ісінбеген тұқымдарды електен өткізіп алып, оларды өңдеуді қайталайды
45 Итмұрын итсиген Шала піскен жемістер тұқымын сепкенде дайындауды қажет етпейді Шала піскен жемістер тұқымын үй-жайда 0-5 0 С температурада құм салынған жәшіктерде 210-240 күн стратификациялайды
46 Кәдімгі шетен Жинап алғаннан бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда немесе үй-жайда стратификациялайды Температурасы 0-5 0 С үй-жайда дымкыл құмда 90-120 күн стратификациялайды, содан кейін қармен көмеді Стратификацияның жалпы ұзақтығы -150-180 күн Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. 7 күннен кейін өнеді
47 Ақ сексеуіл және қара сексеуіл Қыста сепкенде дайындауды қажет етпейді Дайындауды қажет етпейді
48 Кәдімгі мамыргүл Дайындауды қажет етпейді Үй-жайда 0-5 0 С температурада құм салынған жәшіктерде 45 күн стратификациялайды 10-15 сағат суда жібітеді, содан кейін дымқыл ағаш үгіндісінде немесе шымтезекте 2-8 күн ұстайды
49 Үй қара өрігі Жазғы траншеяларда 90 күн стратификациялайды Қыскы тоңазымайтын траншеяларда кемінде 150 күн стратификациялайды
50 Тікенді қараөрік (шомырт) Ерте жазда, тамызда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді, кеш себілетін болса, жиналғаннан бастап себуге дейін (2 ай бойы) жазғы траншеяларда, өткен жылдың тұқымын - 80 күн стратификациялайды Жинала салысымен үй-жайда 150-180 күн немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда 180-210 күн стратификациялайды
51 Алхоры өрік (алша) Жинала салысымен себуге дейін жазғы Траншеяларда стратификациялайды. Өткен жылғы тұқымды 60-90 күн стратификациялайды Жинала салысымен жазғы траншеяларда стратификациялайды, ал содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 120-170 күн немесе температурасы 3-5 0 С үй-жайда 150 күн стратификациялайды
52 Қызыл күрең қаракат Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды Тұкымды бастапқы температурасы 50 С суда 24 сағат жібітеді. Содан кейін 12-150С температурада күн сайын араластырып, ылғалдандырып 30 күн стратификациялайды. Ауыспалы температурада (жылы және суық) стратификациялағанда тұқымды 30 күн дайындайды.
53 Қара каракат Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды
54 Сібір самырсын қарағайы Дайындамайды, тек марганец қышқылды калийдің 0,5 % ерітіндісінде жібітеді Тұқымды алдын-ала 3 тәулік жібітеді, дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен немесе шымтезек ұнтағымен араластырып, жәшіктермен қар астына немесе салқын 0 0 С үй-жайға себуге дейін 2-3 ай қойып қояды. Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтағанда да дайындалады Құммен араластырылған тұқымды (2:1) қалыңдығы 20 см, 50% дейін толық ылғал сақтағанша сулап, 30-40 0 С температурада 12 сағат бүркептіргішке қояды, содан кейін қарға көмеді. Бұдан кейін қайта сулап, бүркептіргіштерге қояды, содан соң қар астына қояды. Екі мәрте өңдеуден өткен тұқымды 10-11 күн стратификациялайды. ТМТД немесе фентиураммен дәрілейді.
55 Қырым қарағайы Себілмейді Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді
56 Кәдімгі қарағай Дайындауды қажет етпейді Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді. Дорбаларға салынған құрғақ немесе жібітілген тұкымды 1-2 ай қарға қояды. Тұқымды жібітіп, өнгенше ылғалды күйінде ұстайды және 1-2 айға қар астына шығарып қояды. Микориз құрайтын майқұлақ саңырауқұлағының таза дақылымен тұқым микоризациясын жүргізеді. 24 сағат 0,02 % дейін күкірт қышқылды мырыш, күкірт қышқылды марганец (0,1 % және одан төмен), бор қышқылы (0,025%) және гетероауксин (0,01 % және одан төмен) ерітіндісінде жібітеді. Жиілігі 22,5кГц және қуаты 15 Вт ульртадыбыспен 10 минут өндейді.
57 Aқ терек Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)

58 Қара терек Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)

59 Батыс боз аршасы Дайындауды қажет етпейді. Жібітілген тұқымды бір ай бойы қарға аунатады
60 Нағыз пісте Себілмейді. Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (40 0 С) жібітіп, құм салынған жәшіктерде (1:3) немесе траншеяларда 30-40 күн стратификациялайды Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (40 0 С) жібітіп, қаппен жылы жерге іліп қояды және өне бастағанша 9-12 күн анда-санда сулап тұрады
61 Кәдімгі мойыл Дайындауды қажет етпейді. Үй-жайда 0-5 0 С температурада 150-180 күн стратификациялайды
62 Жабайы орман алмасы
Суда 2 тәулік жібітеді, содан кейін 0-5 0 С температурада құмда, шымтезекте немесе ағаш үгіндісінде 75-105 күн стратификациялайды Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7-ші күні өнеді.
63 Кәдімгі шаған Онша толыспаған тұқымды жазғы траншеяларда маусым айынан бастап себуге дейін стратификациялайды Үй-жайда алдымен 18-20 0 С температурада 2-3 ай, содан кейін 5-11 0 С температурада стратификациялайды. Стратификациялаудың жалпы ұзақтығы 180-200 күн (шала піскен тұқымдар)

1. Тұқымдарды себуге стратификациялау ар-жайларда үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі.

2. Тұқымды стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларына 2-қосымша

_____________________________________________________________________

(тұқымбақ, орман иеленуші, орман пайдаланушы, _____________________________________________________________________ заңды пошталық мекен-жайы) өсірілген____________________________________________________________

(отырғызу материалдардың түрі: екпе көшеттер, тікпе көшеттері, _____________________________________________________________________ соның ішінде тамыр топырағымен, тұқымы)

Лек нөмірі Екпелердің (тікекпелердің) стандарт талаптарына сәйкестігі Жасы Сорты Мөлшері, дана










Қазылған уақыты _____ Қаттау уақыты _____ Жіберілген уақыты _____

Пайдалану мақсаты _______________________________________________ (дербес қажеттілік, өткізу, тасымалдау ауданы)

Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның берген құжаты __________________________________________________________

(отырғызу материалы карантин ауданынан басқа жерге

_________________________________________________________________ әкетілгенде толтырылады)

Тұқым жиналған жер _______________________________________________

(облыс, аудан, орман иеленуші, орман пайдаланушы, __________________________________________________________________ орманшылық, орам)

Тұқымның сапасы туралы куәлік ____________________________________ (№, қашан және кім берген)

Тұқымның селекциялық санаты ______________________________________ (сортты, жақсартылған, қалыпты)

Өсіру тәсілі _____________________________________________________ (ашық жер, бақылау жасалатын орта жағдайлары)

Топырақ жағдайлары, қолданылатын субстрат ________________________

Тыңайтқыш шашу, басқа агротехникалық іс-шаралар __________________

(атауы, доза, __________________________________________________________________ кезеңділігі, т.б.)

Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу жөніндегі іс-шаралар _____________________________________________

(препараттың түрі, атауы, өңдеу мерзімі мен

__________________________________________________________________ кезеңділігі)

Орман иеленуші, орман пайдаланушы ________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О.

__________________________________________________________ тіркелді

(орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру

__________________________________________________________________ және орман өсіру саласындағы аумақтық орган)

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларына 3-қосымша

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалына қойылатын талаптар

Р/с № Тұқымдардың атауы Жасы, жыл Тамыр мойнындағы діннің жуандығы, (кем емес), мм
1. Қылқан жапырақты тұқымдар:

1.1. Шырша, самырсын, арша 3-5 2,0
1.2. Қарағай, қызылқарағай 2-3 2,5
2. Жапырақты тұқымдар (бұталардан басқа) 1-3 3,5
3. Бұталар 1-3 2,5

1. Кестеде көрсетілген талаптар тамыр жүйесі ашық көшеттерге қатысты.

2. Ағаштар мен бұталардың барлық тұқымдарының діңшесінің биіктігі 10 сантиметрден 60 сантиметрге дейінгі екпе көшеттері стандартты отырғызу материалы болып есептеледі. Бұл ретте стандартты отырғызу материалдарының тамыр жүйесінің ұзындығы мынадай болады:

3. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде тегіс діңшелері, толық сүректенген өркен ұштары, тыныштық жағдайындағы әбден қалыптасқан бүршіктері, сондай-ақ шашақты тамырларының мөлшері жеткілікті жақсы тармақталған сау тамыр жүйесі бар екпе көшеттер мен тікпе көшеттер пайдаланылады.

4. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе көшеттер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (11.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларына 4-қосымша

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарына (қалемшелерге) қойылатын талаптар

Р/с № Т ұ кымдарды ң атауы Орман ө сетін аймақтар Жасы, жыл Сорт Тамыр мойнындағы діңнің жуандығы (кем емес), мм Жердегі бөлігіні ң биіктігі (кем емес), см
1 2 3 4 5 6 7
1 Салпыншақ қайы ң (қотыр қайың)
Betula pendula Roth (В.veruco Ehrh.)
барлық айма қ 3-4 1
2
8
5
50
35
2 Кәдімгі қынаағаш
Ligustru vulgare L.
таулы аудандар 2-3 1
2
9
6
80
60
3 Жербауырлы шегіршін
Ulmus pinnato-ramosa Dieck.
орманды
дала,
дала
2-3 1
2
8
6
55
40
4 Кәдімгі алм ұ рт
Pirus communis L.
барлы қ аймақ 2-3 1
2
7
5
45
30
5 Ө те әдемі емен
Quercus robur L.
барлық аймақ 3-4 1
2
9
6
45
30
6 К ә дімгі (еуропалы қ ) шырша
Picea abies (L.) Karst.
барлық аймақ 5-6 1
2
5
4
20
15
7 Сібір шыршасы
Picea obovata Lebed.
орманды
дала
5-6 1
2
6
4
30
20
8 Шренк шыршасы
Picea Schrenki na Fischet Meg.
таулы аудандар 5-6 1
2
6
4
25
15
9 Ағаш тәріздес қара ғ ан (сары қараған)
Caragana arborescens Lam.
барлық аймақ 3-4 1
2
6
4
35
25
10 Еуропалық екпе талшыны
Castanea sativa Mill.
барлық аймақ 2-3 1
2
15
10
60
45
11 Ақ ү йе ң кі
Acer pseudoplatan sL.
барлық аймақ 2-3 1
2
10
6
55
40
12 С ү йір жапырақты
ү йе ң кі
(платан тәрізді үйе ң кі)
Acer platanoides L.
барлық аймақ 3-4 1
2
8
6
35
25
13 Aт талшыны
Aesculus hippocastanum L.
барлық аймақ 2-3 1
2
15
10
40
25
14 Ұсақ жапырақты
ж ө ке
Tilia cordata Mill.
барлық аймақ 3-4 1
2
9
5
50
30
15 Сібір балқарағайы
Larix sibirica Ledeb.
орманды дала 3-4 1
2
9
5
40
25
16 Шыр ғ анақ маймылжиде
Hippophae ramnoides L.
барлық аймақ 3-4 1
2
9
7
35
25
17 Грек жаңғағы
Juglans regia L.
барлық аймақ 3-4 1
2
20
10
60
40
18 Сібір самырсыны
Abies sibirica Ledeb.
таулы аудандар 6-8 1
2
6
4
25
15
19 Шы ғ ыс биотасы
Biota orientalis Endl
барлық аймақ 4 1
2
12
7
60
40
20 А қ кара ғ ан
Robinia pseudoacacia L.
барлық аймақ 1-2 81
12
8
6
70
50
21 К ә дімгі шетен
Sorbus aucuparica L.
барлық аймақ 3-4 1
2
9
7
35
25
22 Самырсын, сібір қарағай
Pinus sibirika Du Tour
барлық аймақ 6-7 1
2
10
6
30
20
23 Кәдімгі қара ғ ай
Pinus silvestris L.
орманды дала 3-4 1
2
8
5
25
20
24 Ақ (күміс) терек
Populus alba L.
орманды дала 2-3 1
2
10
7
100
70
25 Қ ара терек
Populus nigra L.
орманды дала 2 1
2
7
6
80
60
26 Орман алмасы
Malus silvestris (L.) Mill.
барлык аймақ 2-3 1
2
8
6
45
30
27 Кәдімгі ша ғ ан
Flaxinus excelsio L.
барлық аймақ 3-4 1
2
9
7
35
25

1. Аумағы жағынан орман өсетін аймақтарға, қосымша аймақтарға және табиғи өңірлерге енетін әкімшілік аудандар:

Қостанай облысының солтүстік аудандары;

Павлодар облысының солтүстік-шығыс аудандары.

Қостанай облысы (солтүстік аудандардан басқа);

Павлодар облысы (солтүстік-шығыс аудандардан басқа);

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары (таулы аудандардан басқа);

Қарағанды облысының солтүстік бөлігі.

3) Таулы аудандар: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

2. Бұталарды қоспағанда, діңшелері қосарланған және басты өркені тармақталған, сондай-ақ әртүрлі зақымдары бар, соның ішінде зиянкестер мен аурулар бүлдірген отырғызу материалы стандартсыз материал болып есептеледі және ландшафтық-рекреациялық екпелер өсіру кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (11.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание