• Мое избранное
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінiң 09.02.2005. № 122 қаулысымен. (02.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 09.02.2005. № 122 қаулысымен. (02.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесіндегі консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚРҮ-нiң 28.04.1998. № 390 қаулысымен.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық (қалалық, аудандық) комиссияларды құрып, басшылық жасауды олардың өздеріне бекітіп, ал ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді және қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүктесін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.05.2000. № 671 қаулысымен, 09.02.2005. № 122 қаулысымен
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына (бас инженерлерiне) жүктейтiн болсын. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 09.02.2005. № 122 қаулысымен. (02.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi қосымшаға сәйкес күшiн жойды деп танылсын. 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 мамырдағы
N 553 қаулысымен
Бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 09.02.2005. № 122 қаулысымен. (02.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2003. № 1112 қаулысымен, 09.02.2005. № 122 қаулысымен. (05.05.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) азаматтық қорғауды дамытудың және одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары;
2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру;
3) азаматтық қорғау саласында күштер мен құралдарды құру және дамыту;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зілзаланың және басқа да нәубеттердің салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссияның:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 09.02.2005. № 122 қаулысымен. (02.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарын азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларға қатысты мәселелер бойынша тыңдауға;
3) орталық және атқарушы органдардан, ұйымдардан өз жұмысына қажетті олардың қызметі жөнінде ақпарат сұратуға;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауына талдау жүргізуге;
5) ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісім бойынша) азматтық қорғау мәселелері жөнінде талдау, сараптама және басқа да жұмыстарды орындау үшін тартуға;
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ұсыныс енгізуге құқығы бар.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі комиссияның төрағасы болып табылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 28.04.1998. № 390 қаулысымен, 05.05.2000. № 671 қаулысымен, 07.11.2003. № 1112 қаулысымен, 02.02.2004. № 123 қаулысымен, 09.02.2005. № 122 қаулысымен
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 28.04.1998. № 390 қаулысымен, 05.05.2000. № 671 қаулысымен, 09.02.2005. № 122 қаулысымен
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (09.02.2005 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
7. Комиссия өзiнiң қызметiн төраға бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 28.04.1998. № 390 қаулысымен, 05.05.2000. № 671 қаулысымен, 09.02.2005. № 122 қаулысымен
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін талап ететін мәселелер бойынша Комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арқылы белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
8. Комиссияның құзыретiне сәйкес қабылданған шешiмдерiнiң нұсқаулық сипаты болады. 
9. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiн Комиссия қарайтын және шешетiн неғұрлым маңызды мәселелер жөнiнде үнемi хабардар етiп отырады. 
10. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
Ереже 10-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ереже 11-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 12-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 мамырдағы
N 553 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн жойған шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
 1. "Қазақ ССР-iнiң Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 11 қыркүйектегi N 525 қаулысы.  
2. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 мамырдағы N 476 қаулысы.  
3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 345 қаулысы.  
4. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қаңтардағы N 82 қаулысы.  
5. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 сәуiрдегi N 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 210-бап).  
6. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1119 қаулысы.  
7. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 желтоқсандағы N 1379 қаулысы.  
8. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1453 қаулысы.  
9. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 223 қаулысы.  
10. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 718 қаулысы.