• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1112 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсін: 
1) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 19, 164-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсін: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктің барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, адамдардың жұқпалы аурулары iндетi мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдiктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауіпті аурулар мен карантиндiк жұқпалы аурулар әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестіру"; 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады"; 
2) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулысына: 
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгiзілсін:
Исекешев                    - Қазақстан Республикасының 
Әсет Өрентайұлы               Индустрия және сауда вице-министрi

Мұстафин                    - Қазақстан Республикасының Көлiк 
Қуандық Сапарұлы              және коммуникациялар министрлігі 
                              Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы

Ойнаров                     - Қазақстан Республикасының 
Азамат Рысқұлұлы              Қаржы вице-министрi

Түсімов                     - Қазақстан Республикасының Iшкi 
Өмiрзақ Төлеуұлы              iстер министрлiгi Жол полициясы 
                              департаментiнің бастығы;

      мына:

"Белоног                    - Қазақстан Республикасының 
Анатолий Александрович        Денсаулық сақтау вице-министрi, 
                              Қазақстан Республикасының бас 
                              мемлекеттік санитарлық дәрiгерi"
деген жолда "вице-министрі" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Бейсембаев Мұхтар Таңатұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы, Өмiрзақов Берік Нұрпейісұлы шығарылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi