Р/с N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді қолдану нәтижелерін талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, электр станциялары (келісім бойынша) | Жыл сайын, 2010 жылғы 20 қаңтар, 2011 жылғы 20 қаңтар, 2012 жылғы 20 қаңтар |
| 2 | Электр энергетикасы саласындағы субъектілердің қызметін реттеудің саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік қатынастарды дамытуға бағытталған әдістерін жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА | 2010 жылғы 20 сәуір |
| 3 | Электр энергиясындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру және электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА,"КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша) | 2010 жылғы 20 шілде |
| 4 | Электр энергетикасы саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі өлшемдерін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА | 2010 жылғы 20 қазан |
| 5 | Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда алаңын пайдалана отырып, Орталық Азия энергетикалық сауда алаңы негізінде электр энергиясының мемлекетаралық нарығының моделін қалыптастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша) | 2011 жылғы 20 қаңтар |
| 6 | Электр қуаты нарығының моделін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша) | 2011 жылғы 20 наурыз |
| 7 | "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына электр энергетикасында нарықтық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу | Заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, ЭБЖМ | 2011 жылғы 20 қазан |