| Газ желісі ұйымдары |
| 1. | Аккредиттеу туралы куәліктің болуы |
|
|
| 2. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болуы (меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) |
|
|
| 3. | Өндірістік-техникалық базаны пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтауы |
|
|
| 4. | Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін қызметтің болуы |
|
|
| 5. | Тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша оқытудан, нұсқау беруден, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандар құрамының болуы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-дан кем емес) |
|
|
| 6. | «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болуы |
|
|
| 7. | Сол бiр ғана газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да көп газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі |
|
|
| 8. | Сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі |
|
|
| 9. | Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы шарт болған жағдайда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру |
|
|
| 10. | Бекітілген: қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың; қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың; негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-сақтандыру ала жөндеу кестесінің; аварияларды жою жоспарының; қаланың апаттарды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының; апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болуы |
|
|
| 11. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы |
|
|
| 12. | Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыратын шарттың болуы |
|
|
| 13. | Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттiк есепке алуды жүзеге асыруы |
|
|
| 14. | Тұрмыстық баллондарды газ желiсi ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгiсiмен таңбалауды немесе жүзеге асыруы |
|
|
| 15. | Есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрдегі оны ауыстыруымен сұйытылған мұнай газды сатуды жүзеге асыруы |
|
|
| 16. | Белгіленген шекті бағадан аспайтын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру |
|
|
| 17. | Қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес сұйылтылған мұнай газын теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көліктерімен арнайы жіберілген және жабдықталған көліктермен тасымалдауды жүзеге асыруы. |
|
|