• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 13.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 Қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже;
2) Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. «Кемелер экипаждары мүшелеріне диплом беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 350 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 188-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 тамыздағы
 № 315 қаулысымен
 бекітілген
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипажды басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Кемелер экипаждарының мүшелеріне диплом беру, сондай-ақ ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кемелердің командалық құрамының адамдарын және экипаждың басқа да мүшелерін аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемеде орналасқан адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті - командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір келесі үш жыл аяқталғанда жүргізіледі;
2) Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелерінің біліктілік деңгейін анықтау бойынша жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша дипломдар немесе біліктілік куәліктері беріледі.
3. Осы Ереже Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.
2. Біліктілік комиссиясын құру
4. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.
5. Комиссия қызметінің мақсаты кемелердің командалық құрамының және экипаждың басқа да мүшелерінің ішкі су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттілігін белгілеу болып табылады. 
6. Комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының су көлігі саласындағы заңнама нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырады.
7. Комиссия құрамы кемінде бес адамды құрайды, аумақтық бөлімше басшысының орынбасары (комиссия төрағасы) төрағалық етеді және мыналардан тұратын комиссия мүшелері қатысады: су көлігінде қауіпсіздікке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкерлері, сондай-ақ су көлігі саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тәжірибелі мамандар (капитандар, командирлер, кеме жүргізушілері, механик-тәлімгер, механиктер, электр-механиктер және кеме иесінің өкілдері) (келісім бойынша). 
8. Комиссия құрамы аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі. 
9. Хаттаманы жасау үшін комиссияның отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы қатысады.
10. Комиссияның хатшысы диплом беру және аттестаттауға дайындық бойынша мынадай ұйымдастырушылық іс-шараларды:
1) кандидаттарға қажетті құжаттарды дайындауды; 
2) диплом беру және аттестаттау жүргізу кестесін әзірлеуді;
3) диплом беру және аттестаттау жүргізудің мақсаттары және тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды; 
4) кандидаттармен диплом беру және аттестаттау жүргізу мерзімі мен орнын келісуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкері болып табылады.
3. Біліктілік комиссиясының функциялары
11. Комиссия өз құзыреті шегінде кемелердің командалық құрамының адамдарын және экипаждың басқа да мүшелері орнына үміткер адамдарды ішкі су көлігі мәселелері бойынша тыңдайды. 
12. Аумақтық бөлімшенің басшысы комиссия хатшысы ұсынған құжат пакеттері негізінде бұйрық шығарады, онда үміткерлер тізімі бекітіледі, диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі мен орны, сондай-ақ комиссияның жұмыс кестесі белгіленеді.
13. Комиссия хатшысы кандидаттарды жазбаша түрде қол қоюмен не почта арқылы диплом беру мен аттестаттау жургізу мерзімін оның басталуына дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей хабарлайды. 
14. Комиссия шешімі, егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса және ол үшін олардың елу пайыздан артығы дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 5 тамыздағы
 № 915 қаулысымен
 бекiтiлген
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждардың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағида Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына пайдаланылады.
3. Лауазымы бар немесе арнайы біліктілікті талап ететін жұмыстарды орындайтын кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом берілуі тиіс, кемелердің командалық құрамының адамдары да әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң аттестаттауға жатады.
Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электр-механиктеріне және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом беру рәсімінен өткен адамдарға диплом беріледі.
Кемелердің старшина-моторшыларына, кемелердің кеме жүргізуші-механиктеріне және бас қозғалтқыштарының қуаты 55 кВт-тан (75 ат күші) 110 кВт-қа (149 ат күші) дейінгі кемелердің рульші моторшыларына біліктілік куәлігі беріледі.
4. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беруге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) білімі – жоғарғы немесе орта кәсіптік;
2) жүзу өтілін растайтын құжаттың;
3) тиісті медициналық комиссияның кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысының болуын қамтиды.
5. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан шетел мемлекеттерінің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға диплом беру және аттестаттау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, осы Қағидаға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.
2. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау
6. Осы Қағиданың 7 және 8-тармақтарында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беруіне рұқсат етіледі.
7. Диплом беруді жүргізу кезінде диплом алу үшін адам Комиссия төрағасының атына аумақтық бөлімшеге еркін нысанда жеке өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
1) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;