Toggle Dropdown
"Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 1322 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесінде:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.»;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекітілген нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерінде:
Toggle Dropdown
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.».
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов