• Мое избранное
Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 12 сәуір N 69 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 12.04. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 731

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының бұдан былайғы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62  қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін. 
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап бес күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін. 
Ұлттық Банк 
Төрағасы 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 12 сәуiрдегi
N 69 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 62 қаулысымен бекiтiлген   Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар
1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша заңды және жеке тұлғалардың»(банк операцияларының»жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан басқасы) екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) банктiк есепшоттарындағы теңгемен талап етiлетiн де және мерзiмдi теңгелiк депозиттерi де осы Ережелердiң»2, 3, 4 және 5-тармақтарында белгiленген шарттарға сай айырбастауға жатады. 
Сонымен қатар, егер 1999 жылғы 29 наурыз - 2 сәуiр аралығындағы кезеңде депозитордың банктiк есепшотынан ақша алу және/немесе ақша қосу (есептеу) жүзеге асырылған болса, онда депозитордың банктiк есепшотындағы 1999 жылғы 2 сәуiрдiң»аяғындағы депозит сомасы 1999 жылғы 29 наурыздағы депозит сомасы қалдығының шегiнде айырбастауға жатады. 
1999 жылғы 5 сәуiрден бастап өтiнiш берiлген күнге дейiнгi кезеңде депозитордың есепшотынан ақша алған және/немесе ақша қосқан жағдайда, 1999 жылғы 2 сәуiрдiң»аяғындағы қалдық шегiнде, осы Ережелердiң 6-тармағында көзделгендей өтiнiш берген күнгi депозитордың есепшотындағы депозиттiң нақты сомасы айырбастауға жатады, бiрақ 1999 жылғы 29 наурыздағы депозитордың есепшотындағы ақша қалдығынан аспауға тиiс. 
Айырбастауға жататын депозит сомасын анықтау мысалдары осы Ережелерге қоса берiлiп отыр (N 3 қосымша).". 
2. 4-тармақтағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
"Депозиттi қайта ресiмдеу күнiндегi жағдай бойынша есептелген сыйақыны (мүдденi) банк бұрынғы жасалған депозит шартының талаптары бойынша төлейдi." 
3. 5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: 
"Депозитор қайта ресiмделген депозиттiк есепшоттан өз қалауы бойынша ақшаны (барлығын немесе соманың бiр бөлiгiн) мерзiмiнен бұрын алған жағдайда, банк осы Ережелерде белгiленген шарттармен депозиттегi ақшаны АҚШ долларына айырбастамайды. 
Депозитордың шотынан ақша алуға құқығы бар үшiншi тұлға оның қайта ресiмделген депозиттiк есепшотынан заңға сәйкес оның келiсiмiнсiз мерзiмiнен бұрын ақша алған жағдайда, айырбастау депозитордың осы есепшотты толықтыру құқығынсыз, қажеттi соманы есептен шығарғаннан кейiн көрсетiлген есепшоттағы ақша қалдығы бойынша жүргiзiледi.". 
4. 9 және 10-тармақтардағы "шартта", "шартына", "шарттың", "шарт" 
деген сөздер тиiсiнше "шартта" (қосымша келiсiмде), "шартына" (қосымша 
келiсiмге), "шарттың" (қосымша келiсiмнiң), "шарт" (қосымша келiсiм) деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     
5. 15-тармақтағы "депозиттiк шартта" деген сөздер "және/немесе қосымша келiсiмде" деген сөздермен толықтырылсын.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басқармасының 05.04.99 жылғы N 62
қаулысымен бекiтiлген 

Еркiн өзгермелi айырбас бағамы
режимiне көшуге байланысты жеке және
заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi
банктердегi теңгелiк депозиттерiн
айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне
№  N 3 қосымша
Айырбастауға жататын депозит сомасын белгiлеу мысалдары

1-мысал:
     
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды. 
     
Депозитор 02.04.99 жылы өзiнiң есепшотына 6000 теңге салып, өзiнiң банктiк есепшотындағы ақша қалдығын күннiң»аяғына қарай 16000 теңгеге ұлғайтты. Бұдан әрi есеп шот бойынша өзгерiстер болған жоқ, және депозитор банкке өтiнiш берген күннен бастап оның банктiк есепшотында 16000 теңге болды.
Бұл жағдайда ақша қалдығы шегiндегi депозит сомасы, яғни 10000 теңге 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша айырбастауға жатады. 
2-мысал: 
Депозитордың банктiк есепшотындағы қалдық 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды. 
31.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 4000 теңге алды, нәтижесiнде 31.03.99 жылғы күннiң аяғында қалдық 6000 теңге болды. 
Депозитор 02.04.99 жылы өзiнiң есепшотына 2000 теңге салып, өзiнiң банктiк есепшотындағы ақша қалдығын күннiң»аяғына қарай 8000 мың теңгеге ұлғайтты. Бұдан әрi есепшот бойынша өзгерiстер болған жоқ және депозитор банкке өтiнiш берген кезден бастап (08.04.99 ж.) оның банктiк есепшотында 8000 теңге болды. 
Бұл жағдайда 1999 жылғы 2 сәуір күнгi ақша қалдығы шегiндегi депозит сомасы, яғни 8000 теңге 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша айырбастауға жатады. 
3-мысал: 
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды. 
30.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 1000 теңге алды, нәтижесiнде осы күннiң»аяғынан бастап және 02.04.99 ж. күндер аралығында депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 9000 теңге болды. 
07.04.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан тағы 2000 теңге алды, банкке өтiнiш бергенге дейiн өзiнiң»есепшоты бойынша операциялар жасаған жоқ. Осылайша депозитор банкке өтiнiш жасағанда (08.04.99 ж.) оның есепшотындағы ақша қалдығы - 7000 теңге болды. 
07.04.100 Бұл жағдайда өтiнiш берiлген күнгi депозит сомасы, яғни 7000 теңге айырбастауға жатады. 
4-мысал: 
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды. 
30.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 2000 теңге алды, нәтижесiнде осы күннiң»аяғында және 02.04.99 ж. күндер аралығындағы депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 8000 теңге болды. 
07.04.99 ж. депозитор өзiнiң есепшотына 12000 теңге салды. 
08.04.99 ж. депозитор депозиттi қайта ресiмдеуге өтiнiш бердi. 
Осылайша депозитор банкке өтiнiш жасағанда (08.04.99 ж.) оның есепшотындағы ақша қалдығы - 20000 теңге болды. 
Бұл жағдайда 02.04.99 ж. күнгi депозит сомасы, яғни 8000 теңге айырбастауға жатады. 
5-мысал: 
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды. 
30.03.99 ж. депозитор 4000 теңге алды, және 8.04.99 ж. күнге дейiн өзiнiң есепшоты бойынша операциялар жасаған жоқ. Осылайша 02.04.99 ж. күннiң»аяғына қарай депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 14000 теңге болды. 
08.04.99 ж. депозитор өзiнiң есепшотына 9000 теңге ақша салды, оның есепшотында жалпы қалдық көрсетiлген күннiң»аяғына қарай 23000 теңге болды, 09.04.99 ж. депозитор депозиттi қайта ресiмдеуге өтiнiш бердi. 
Бұл жағдайда 29.03.99 ж. жағдай бойынша депозит сомасы, яғни 10000 теңге айырбастауға жатады.
     
6-мысал:
     
Депозитор айырбастауға жататын 10000 теңгеден 6000 теңгенi (депозиттiң 60%-iн) айырбастау үшiн өтiнiш бердi.
     
Бұл жағдайда айырбастай отырып, ресiмдеуге жататын 6000 теңге ғана, оны банк Ереженiң 10-тармағына сәйкес қайта ашылатын арнайы баланс шотына жеке есепке алады.
     
Қалған 4000 теңге бұрынғы есепшотқа есепке алынады және айырбастауға жатпайды.