• Мое избранное
Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің м.а 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 қазанда № 7248 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 06.03.2014 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2013 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.09.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және әкімшілік деректерді жинауды қамтамасыз ету мақсатында БҰйЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ай сайынғы кезеңділік:
жекелеген инфекциялық және ларазиттік аурулар туралы есеп (1-нысан );
адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменггік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан );
вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп (5-нысан );
профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан );
өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне-конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан );
стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан ).
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы кезеңділік:
көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы есеп (3-нысан );
анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан );
медицина және фармацевтика кадрларының қозғалысы туралы есеп (58-нысан );
психикалық және мінез-құқық бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (61-нысан );
психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлықтың бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (64-нысан );
уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының есебі (23-нысан ).
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жылдық кезеңділік:
жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп (2-нысан );
қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мен аурулар туралы есеп (7-нысан );
туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп (8-нысан );
көбінесе жыныстьщ жолмен берілетін инфекциялар мен тері аурулары туралы есеп (9-нысан );
психикалық және мінез-құлық бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (10-нысан );
псикикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар туралы есеп (11-нысан );
медициналық ұйымның қызмет көрсететін ауданында тұратын науқастардың және диспансерлік бақылауда тұрған тіркелген науқастар контингентінің ауруларының саны туралы есеп (12-нысан );
аборттар туралы есеп (13-нысан );
стационар дан шыққан науқастар контингенттері туралы есеп (14-нысан );
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық қызмет көрсету туралы есеп (15-нысан );
медицина және фармацевтика кадрлары туралы есеп (17-нысан );
Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысы туралы есеп (18-нысан );
санитариялық авиация мен шұғыл және жоспарлы - консультациялық медициналық көмек бөлімшесінің есебі (22-нысан );
стационарды алмастыратын көмек алған науқас контингенттер туралы есеп (24-нысан );
медициналық ұйымының есебі (30-нысан );
балаларға медициналық көмек корсету туралы есеп (31-нысан );
жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету туралы есеп (32-нысан );
сот-психиатриялық комиссияның жұмысы туралы есеп (38-нысан );
қан қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымның есебі (39-нысан );
жедел медициналық жәрдем ұйымының есебі (40-нысан );
балалар үйінің есебі (41-нысан );
сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есебі (42-нысан );
фельдшерлік - акушериялық, фельдшерлік, медициналық пункттердің және жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерінің есебі (43-нысан );
балалар санаторийінің есебі (44-нысан );
ересектерге арналған туберкулез санаторийінің есебі (45-нысан );
саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының штат лауазымдары туралы есеп (46-нысан );
денсаулық сақтау ұйымдарының желісі және қызметі туралы есеп (47-нысан);
апаттар медицинасы ұйымының жұмысы туралы есеп (48-нысан );
төтенше жағдайларды жоюға қатысқан медициналық ұйымдардың (медициналық құралымдар) қызметі туралы есеп (49-нысан );
балалар мүгедектігі туралы есеп (52-нысан );
дезинфекция станциясының штат лауазымдары туралы есеп (53-нысан );