Toggle Dropdown
1
Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1612 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1._ Қоса беріліп отырған Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1612 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi (бұдан әрі – Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында салық органдары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдарында (бұдан әрі – уәкілетті органдар);
Toggle Dropdown
2) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар);
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз Мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда), не меншік иесі мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан заттың болуы, толық және уақтылы берілу мәселелері бойынша;
Toggle Dropdown
4) Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бақылауды жүзеге асыруды салық органдарының қызметкерлері тексерілетін орган өкілінің қатысуымен жүргізеді, ол жылына бір реттен жиі болмайды. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды, ал бақылау кезеңі бес жылдан аспайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері
Toggle Dropdown
Уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру
Toggle Dropdown
4._ Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдарда мыналар:
Toggle Dropdown
1) Мүлікті есепке алудың толықтығы мен оның сақталуы;
Toggle Dropdown
2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
Toggle Dropdown
3) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
Toggle Dropdown
4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
Toggle Dropdown
5) Мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
Toggle Dropdown
6) Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы;
Toggle Dropdown
7) ұсынылған мәліметтердің уақтылы және дұрыс болуы;
Toggle Dropdown
8) Мүлікті жою тәртібі тексеріледі.
Toggle Dropdown
5._ Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органдар мынадай құжаттарды табыс етеді:
Toggle Dropdown
1) Мүлік есепке алынған атқару парақтарының көшірмелері;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне сәйкес мәлімделген кедендік декларациялар;
Toggle Dropdown
3) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
Toggle Dropdown
4) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
Toggle Dropdown
5) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;
Toggle Dropdown
6) Мүлікті сату жөнінде аукцион ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге табыс етілетін ақпарат;
Toggle Dropdown
7) өткізілген аукциондардың нәтижелері туралы актілер мен хаттамалар;
Toggle Dropdown
8) салық органдарына ұсынылған Мүлік жөніндегі мәліметтер;
Toggle Dropdown
9) жойылуға жататын Мүліктің тізбесін қоса бере отырып, Мүлікті жою туралы шешімдер;
Toggle Dropdown
10) Мүлікті жою туралы актілер;
Toggle Dropdown
11) Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттар.
Toggle Dropdown
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру
Toggle Dropdown
6._ Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
Toggle Dropdown
1) Мүлікті есепке алудың толықтығы және оның сақталуы;
Toggle Dropdown
2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
Toggle Dropdown
3) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
Toggle Dropdown
4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
Toggle Dropdown
5) Мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
Toggle Dropdown
6) Мүлікті өткізуден алынған ақшаның бюджетке аударылуының толық және уақтылы болуы;
Toggle Dropdown
7) ұсынылған мәліметтердің уақтылы және дұрыс болуы;
Toggle Dropdown
8) Мүлікті жою тәртібі.
Toggle Dropdown
7._ Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
Toggle Dropdown
1) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
Toggle Dropdown
2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
Toggle Dropdown
3) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;
Toggle Dropdown
4) Мүлікті сату жөніндегі аукционды ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге табыс етілетін ақпарат;
Toggle Dropdown
5) Мүлік жөнінде салық органдарына ұсынылған мәліметтер.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда бақылауды жүзеге асыру
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз Мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда), не меншік иесі мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан заттың болуы, толық және уақтылы берілуі мәселелері бойынша бақылау жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
Toggle Dropdown
1) Мүліктің мемлекеттік мекемелерде іс жүзінде болуы;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік мекемелердің уәкілетті органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға есепке алуға Мүлікті толық және уақтылы беруі;
Toggle Dropdown
3) Мүлікті уәкілетті органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға беру кезінде мемлекеттік мекемелердің Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін толық және уақтылы жасауы.
Toggle Dropdown
9._ Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
Toggle Dropdown
1) заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабы;
Toggle Dropdown
2) заттай дәлелдемелердің, соттағы құжаттардың түсуін және берілуін есепке алу кітабы;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға Мүлікті қабылдау-беру актісі;
Toggle Dropdown
4) арнайы шоттар, шетел валютасындағы шоттар мен есеп айырысу кітаптары немесе карточкалары;
Toggle Dropdown
5) меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз Мүлікке (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда), не меншік иесі мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан затқа байланысты басқа да құжаттар.
Toggle Dropdown
Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Мүлікті сақтау және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асыру
Toggle Dropdown
10. Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
Toggle Dropdown
1) Мүлікті сақтауға қабылдаудың толықтығы мен оның сақталуы;
Toggle Dropdown
2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің толық және дұрыс жасалуы;
Toggle Dropdown
3) Мүлікті өткізу бойынша аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуы;
Toggle Dropdown
4) Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы.
Toggle Dropdown
11._ Бақылауды жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар табыс етіледі:
Toggle Dropdown
1) Мүлікті сақтауға және өткізуге уәкілетті органмен жасасқан құжаттар;
Toggle Dropdown
2) Мүлікті өткізу бойынша хаттамалар;
Toggle Dropdown
3) Мүлікке байланысты басқа да құжаттар.
Toggle Dropdown
Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар
Toggle Dropdown
12._ Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша салық органының лауазымды тұлғасы Салық кодексінің 656-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау актісін жасайды.
Toggle Dropdown
13. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ Мүлікті беру тәртібі мәселелері жөніндегі бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық органы Салық кодексінің 656-бабының 7-тармағына сәйкес бақылаудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талапты шығарады және оны тексерілетін субъектіге жібереді.
Toggle Dropdown
14. Тексерілетін субъект жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша салық органына бұзушылықтардың жойылғаны және (немесе) бақылау нәтижелері бойынша анықталған Мүлікті өткізуден түскен сомалардың өндіріліп алынғаны туралы күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабарлайды.