Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына, 45-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 11 ақпан N 805
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 11.03.2008 жылғы № 552 Жарлығымен
Редакция 21.09.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына, 45-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2565 Жарлығының 2, 4, 5-баптары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 412-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 3144 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 42, 392-құжат);
3) "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штат саны, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 қарашадағы N 3242 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 465-құжат);
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 3144 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3434 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 98-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 427-құжат);
6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мәртебесiн, өкiлеттiгiн және Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi (бұдан әрi - Президент Әкiмшiлiгi) Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын, оған тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Президент Әкiмшiлiгi заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi бар.
3. Президент Әкiмшiлiгi мен оның қызметкерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Конституция, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
4. Президент Әкiмшiлiгiнiң негiзгi мiндеттерi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлығымен (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың, Жоғары Сот Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметiн қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн жалпы бақылау, соның iшiнде Мемлекет басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;
3) Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсіз, түбегейлi және уақтылы орындау;
4) Республика Президентiн елдегi және шетелдегi iстiң жағдайы туралы уақтылы әрi толық хабардар ету болып табылады.
2. Президент Әкiмшiлiгiнiң өкiлеттiктерi
5. Президент Әкiмшiлiгi iшкi саясаттың негiзгi бағыттары бойынша:
1) Мемлекет басшысының халық пен мемлекеттiк билiктiң бiрлiгiн, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттiк егемендiктi, конституциялық құрылысты қорғау мен нығайту, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын іске асыруға;
2) қоғамдық келiсiм мен саяси тұрлаулылықтың, Қазақстан халқының игiлiгi үшiн экономикалық дамудың, қазақстандық отансүйгiштiктiң және мемлекет өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешудiң конституциялық принциптерiн жүзеге асыруға;
3) елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын, оны iске асыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге, әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетiктерi мен тактикасын жетiлдiруге қатысады.
6. Президент Әкiмшiлiгi Республика Президентiнiң қарауына:
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351 жарлығымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) прогресс пен рухани түлеу негiзiнде қоғамды топтастыру, қазақстандық қоғамның демократиялық менталитетiн орнықтыру, Қазақстанда адам мен мемлекеттiң мүдделерiне жауап беретiн саяси жүйе құру;
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi қызметiн қамтамасыз ету;
3) билiк органдарының Қазақстан халқының алдындағы Конституцияда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiгiн қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының - саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылы тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
7. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының елдегi жағдай және Қазақстан Республикасының iшкі және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауын даярлауды қамтамасыз етедi.
8. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметiн қамтамасыз ете отырып:
1) Мемлекет басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясын әзiрлеуге, елдiң ұлттық мүдделерiн ескере отырып, оның әлемдiк қоғамдастықтағы орнын айқындауға және Республика Президентiнiң халықаралық бастамашылықтарын iске асыруға қатысады;
2) сыртқы экономикалық мәселелер бойынша, соның ішiнде халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы, Қазақстан Республикасының әлемдiк экономикалық кеңiстiкке кiрiгуi жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдайды;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалу мониторингiне қатысады;
4) Республика Президентiнiң айрықша сыртқы саяси құзыретiн протоколдық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
9. Президент Әкiмшiлiгi құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың қылмысқа қарсы күрестi, ұлттық қауiпсiздiктi, құқық тәртiбi мен заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi және бақылау жасауды жүзеге асырады.
10. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының норма түзушiлiк қызметiн қамтамасыз ете отырып:
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351, 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлықтарымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Республика Президентiне мемлекеттiң құқықтық саясатының негiзгi бағыттары, азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиiмдi мемлекеттiк тетiгiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2) елде заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, Республика Президентiнiң норма түзушiлiк қызметiнiң тетiгiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданады;
3) Мемлекет басшысының қарауына енгiзiлетiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық және өзге де актiлерге құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, Республика Президентiнiң актiлерiн әзiрлеуге және оның тапсырмасы бойынша заң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
4) Республика Президентiнiң қарауына Парламенттiң заң шығарушылық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiметтiң және басқа да мемлекеттiк органдардың заңдарда белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi өз жарлықтарымен құқықтық реттеу туралы ұсыныстар енгiзедi;
5) Республика Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру мақсатында заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, сараптауды жүзеге асырады және оларды әзірлейді.
11. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламентiне қатысты өкiлеттiктерiн қамтамасыз ету мақсатында:
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351, 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлықтарымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Мемлекет басшысын Парламенттегi заң шығару процесiнiң жай-күйi және онда қаралатын мәселелер туралы ұдайы хабардар етедi, Республика Президентiнiң заң жобалары бойынша ұстанымын түсiндiредi;
2) Республика Президентiне: Парламентте заң жобаларын қарау басымдығын айқындау; заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау туралы Парламентке ұсыныстар енгiзу Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыру; Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарында немесе Парламенттiң тиiстi Палатасының отырысында Мемлекет басшысының қатысуының қажеттiгi, Президенттің Парламент басшылығымен, партиялар фракцияларымен және депутаттық топтармен, Парламенттің жекелеген депутаттарымен кездесулер өткізуі жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) Республика Президентiне Парламент Сенаты Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған заңдар туралы қорытындылар дайындайды;
4) Республика Президентi қол қойған заңдардың жария етiлуiн не Мемлекет басшысының шешiмi бойынша заңдардың немесе олардың жекелеген баптарын қайта талқылау және дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарылуын қамтамасыз етедi.
12. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының Yкiметке қатысты өкiлеттiктерiн iске асыруды қамтамасыз ете отырып, Республика Президентiне:
1) Үкiметке Конституцияда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен басқа атқарушылық функцияларды жүзеге асыруды жүктейтiн актiлер шығару туралы;
2) Парламент Мәжiлiсiне заң жобаларын енгiзу туралы;
3) Yкiмет актiлерiнiң күшiн жою не толық немесе iшiнара тоқтата тұру туралы;
4) Yкiметтiң ерекше маңызды мәселелер жөнiндегi отырыстарында Мемлекет басшысының төрағалық етуi туралы;
5) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгiзедi.
13. Үкiметтiң Мемлекет басшысының төрағалық етуiмен өткен отырыстарында тұжырымдалған Үкiмет шешiмдерiнiң жобалары Президент Әкiмшiлiгiмен келiсiлуге тиiс.
14. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз ете отырып:
1) Мемлекет басшысының Конституцияның 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске жүгiнуiн;
2) Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңестiң шешімдерiне қарсылықтарын дайындауды жүзеге асырады.
15. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет Басшысының оған тiкелей бағынатын әрi есеп беретiн мемлекеттiк органдарға және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарға қатысты өкiлеттiктерiн қамтамасыз ету мақсатында:
15-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлығымен (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Мемлекет басшысына оған тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарды және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара iс-қимылын және үйлестiрiлуiн қамтамасыз етедi;
3) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың, Жоғары Сот Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметiн қамтамасыз етедi.
16. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының аймақтық саясат саласындағы өкілеттiктерiн iске асыру мақсатында:
1) Республика Президентiне елдiң аймақтық саясатының стратегиясы, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың сындарлы бiрлесiп жұмыс істеуi, олардың елдiң орталық органдарымен, көршiлес мемлекеттердiң шекаралас аймақтарымен өзара iс-қимылы жөнiнде болжам жасауды және ұсыныстар тұжырымдауды жүзеге асырады;
2) Мемлекет басшысының әкiмдермен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
3) Мемлекет басшысына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерiнiң актiлерiн жою не толығымен немесе ішiнара тоқтата тұру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) Республика Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының сөзсiз және түбегейлi орындауына; Yкiметтiң, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерiнiң, мемлекеттiң өзге де лауазымды тұлғаларының актiлерiнiң Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Республика Президентiнiң актілеріне сәйкестігіне бақылау жасауды жүзеге асырады.
Президент Әкiмшiлiгi аталған бақылауды жүзеге асыру үшін:
тұрақты негiзде тексерулер жүргiзедi;
қажет болған жағдайда тиiстi лауазымды тұлғалардың ауызша түсiнiктемелерiн тыңдайды және жазбаша түсiнiктемелер талап етедi;
анықталған жолсыздықтарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Республика Президентiнiң актiлерiн сақтамауды және оның тапсырмаларын орындамауды жою жөнiнде шаралар қолданады.
Президент Әкiмшiлiгi жүргiзетiн тексерулердiң нәтижелерi мен олар бойынша қорытындылар ұдайы Республика Президентiне баяндалады.
17. Президент Әкiмшiлiгi Республика Президентi қызметiнiң ұйымдық қамтамасыз етiлуiн, соның iшiнде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетiн iс-шараларды жүргiзудi жүзеге асырады.
18. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының қызметiн ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыра отырып:
18-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351 жарлығымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалға, мемлекеттік органдардың және мемлекеттің лауазымды адамдарының жұмысына талдау жүргізеді; қоғамдық пікірді зерделейді, елдегі және шет елдердегі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалға болжам жасайды; Республика Президентіне мемлекеттік маңызды мәселелер жөнінде ақпарат дайындайды;
2) ақпаратты жинауды, өңдеудi жүзеге асырады және Республика Президентiн iшкi және сыртқы саясат мәселелерi бойынша ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етедi;
3) Республика Президентi жүргiзiп отырған ішкi және сыртқы саясатты түсiндiредi;
4) Республика Президентiнiң қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi, Мемлекет басшысының олармен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
19. Президент Әкiмшiлiгi Республика Президентiнiң кадр саясаты және мемлекеттiк қызмет саласындағы бағытын жүргiзудi қамтамасыз ете отырып:
19-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351 жарлығымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) кадр саясаты мен мемлекеттiк қызметтiң жай-күйiне, Президент Әкiмшiлiгi қызметшiлерiнiң кәсiби дайындығының деңгейіне талдау жасайды;
2) Мемлекет басшысының қарауына заңнаманы және Республикадағы мемлекеттiк қызмет жүйесiн жетiлдiру, кадрларды ірiктеу және орналастыру, олардың резерві жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) қызметке тағайындау және қызметтен босату кезiнде материалдарды ресiмдейдi, Мемлекет басшысы тағайындайтын және онымен келiсiлетiн лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк қызметтi өткеруiне байланысты өзге де мәселелердi шешедi, олардың жеке істерiн жүргiзедi;
4) Президент Әкiмшiлiгi қызметшiлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5) Президент Әкiмшiлiгi қызметшiлерiнiң бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарды, аттестациялауды ұйымдастырып жүргiзедi.
20. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының қызметiн құжаттамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыра отырып:
1) Республика Президентi шығарған актiлердi тiркеудi жүргiзедi;
2) Мемлекет басшысының актiлерiн жариялауды, Республика Президентi актiлерiнiң, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар құжаттарының тиiсiнше ресiмделуi мен жөнелтiлуiн қамтамасыз етедi;
3) Президент Әкiмшiлiгiнде іс жүргiзудi ұйымдастырады;
4) Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде атқарушылық тәртiптiң жай-күйiне талдау жүргiзедi;
5) қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн қарайды;
6) азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
7) құжат айналымына, соның iшiнде Мемлекет басшысының атына келiп түскен хат-хабарға талдау жүргiзедi;
8) мемлекеттiк тiлдi кеңiнен қолдануға, іс жүргiзу ережелерiн сақтауға және оларды жетiлдiруге, жұмыс стилi мен әдiстерiн жақсартуға, жаңа ақпараттық технологияларды енгiзуге бағытталған шараларды қолданады.
21. Президент Әкiмшiлiгi Мемлекет басшысының өзге де өкiлеттiктерiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында:
1) Республика Президентiнiң азаматтық, саяси баспана беру мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлейдi;
2) Республика Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау әрi құрметтi жоғары әскери және де өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) Республика Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
22. Президент Әкiмшiлiгi Республика Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады.
23. Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету, елдегi және шет елдердегi iстiң жағдайы туралы оны уақтылы және толық хабардар ету, Республика Президентiнiң шешiмдерiнiң сөзсiз және тыңғылықты орындалуы және олардың атқарылуын бақылау мақсатында Президент Әкiмшiлiгi:
23-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлығымен (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне;
2) министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдарға;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сот әкiмдерiне;
4) Жоғары сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына) - тиiсiнше, сот төрелiгiн iске асыруға, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу функциялары мен жедел іздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер жөнiнде; Жоғары Сот жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетке;
5) Ұлттық Банкке;
6) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне;
7) Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарға тапсырмалар беруге хақылы.
24. Президент Әкiмшiлiгiнiң осы Ережеде көзделген өкiлеттiктерiн iске асыруы үшiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан барлық қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
25. Тапсырма беру, барлық қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды сұрату және алу құқығы Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысында, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысында, Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарларында, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасында, Президенттің көмекшілерінде, Президент Кеңсесінің бастығында, Мемлекет басшысының кеңесшiлерiнде және Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларында, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторларында болады.
25-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351, 06.06.2006 жылғы № 131, 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлықтарымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
26. Президент Әкімшiлiгiнiң қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды табыс ету жөнiнде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылатын тапсырмалары мен сұратуларына, егер Президент Әкiмшiлiгi өзгеше мерзiм белгiлемесе, оларды алған күннен бастап жетi күн мерзiмде жауап берiледi.
3. Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымы
27. Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымы оның бөлiмшелерiнен, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың аппараттарынан құралады.
27-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351, 23.03.2005 жылғы № 1528 жарлықтарымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
28. Президент Әкiмшiлiгiнiң құрамына Мемлекет басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Әкiмшiлiктiң Басшысы, Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарлары, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттiң кеңесшiлерi, Президент Әкімшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнiң өзге де мемлекеттiк қызметшiлерi кiредi.
28-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.05.2003 жылғы № 1094, 23.04.2004 жылғы № 1351, 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлықтарымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
29. Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штат санын Республика Президентi айқындайды.
30. Президент Әкiмшiлiгiн Республика Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босататын және оның тiкелей басшылығымен жұмыс iстейтiн Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы басқарады.
Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы:
1) Мемлекет басшысының бекiтуiне Президент Әкімшiлiгi туралы ереженi ұсынады, Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штаты жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, Президент Әкiмшiлiгiнің штат кестесін бекітеді, оған бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
2) Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң жұмысын үйлестiредi, Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттап отырады, өзге мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
3) Мемлекет басшысының қарауына Президенттiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiн, Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi, Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
5) Мемлекет басшысының актiлерiнiң орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, Президент Әкiмшiлiгiнде құжаттардың өтуiн бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
6) Республика Президентiнiң қол қоюы мен қарауына Парламент қабылдаған заңдарды, Жарлықтардың, өкiмдердiң жобаларын және Мемлекет басшысына жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
7) Президент Әкiмшiлiгi бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекiтедi;
8) Президент Әкiмшiлiгiнде iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;
9) Президент Әкiмшiлiгiнiң шығыстар сметасын бекiтедi және соның шегiнде қаржы қаражатын жұмсайды;
10) қызметтiк құжаттамаға қол қояды;
11) Президент Әкімшiлiгiнiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жазалау шараларын қолданады;
12) Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiн iссапарларға жiбередi;
13) нормативтiк құқықтық актiлердiң, бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жобаларын әзiрлеу үшiн жұмыс топтары мен уақытша шығармашылық ұжымдарын құрады;
14) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) Президент Әкiмшiлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
16) тұрақты негiзде Президент Әкiмшiлiгiнiң Парламентпен, оның Палаталарымен, жұмыс органдарымен және аппаратымен; Үкiметпен және Премьер-Министр Кеңсесiмен; министрлiктермен және өзге орталық атқарушы органдармен; Конституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Бас прокуратурамен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн өзге мемлекеттiк органдармен; Ұлттық Банкпен; Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен; облыстардың, Республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiмен және мәслихаттарымен; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен; саяси партиялармен және өзге қоғамдық бiрлестiктермен; бұқаралық-ақпараттық құралдарымен; халықпен байланысын қамтамасыз етедi;
17) Парламенттiң және оның Палаталарының ашық және жабық отырыстарына қатысады;
18) Үкiметтiң, орталық атқарушы органдардың, Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың отырыстарына қатысады;
19) Мемлекет басшысының кадр саясатын iске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
20) Үкiмет басшы лауазымдарға тағайындауға ұсынған кандидатураларды Мемлекет басшысымен келiсудi қамтамасыз етедi;
21) осы Ережеде көзделген, сондай-ақ оған Республика Президентi жүктеген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
31. Президент Әкiмшiлiгі Басшысының орынбасарлары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оларды Президент Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынуы бойынша Мемлекет басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
31-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.05.2003 жылғы № 1094 жарлығымен, 23.04.2004 жылғы № 1351 жарлығымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Орынбасарлардың, сондай-ақ Президент Кеңсесі бастығының арасында мiндеттердi бөлудi Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады.
Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы орнында болмаған жағдайда, оның мiндеттерiн Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы белгiлеген орынбасарларының бiрi атқарады.
32. Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiн (бұдан әрi - көмекшiлер мен кеңесшiлер):
1) Мемлекет басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) олар Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымына енедi;
3) олар осы Ережеде белгiленген құзыретiне және Мемлекет басшысы мен Әкiмшiлiк Басшысының өзге де актiлерiне және тапсырмаларына сәйкес жұмыс iстейдi.
33. Көмекшiлер мен кеңесшiлердiң негiзгi мiндеттерi:
1) Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
2) Мемлекет басшысын елдегi және шет елдердегi iстiң жағдайы туралы уақтылы әрi толық хабардар ету болып табылады.
Республика Президентi Мемлекет басшысының алдында тұрған мiндеттердiң бiрiншi кезектiлiгiне және маңыздылығына байланысты осы Ережеде көзделгендерден ерекше өзге де мiндеттер мен өкілеттiктердi көмекшiлерi мен кеңесшiлерiне жүктеуi мүмкiн. Мемлекет басшысы көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң санын және қызметi бағыттарын, сондай-ақ олардың жанында консультанттардың болу қажеттiгiн айқындайды.
34. Көмекшiлер мен кеңесшiлер олардың алдына қойылған мiндеттердi шешуде, Мемлекет басшысы тапсырмаларының уақтылы, сапалы әрi түбегейлi орындалуына жауапты болады.
35. Көмекшiлер мен кеңесшiлер өз құзыретi шегiнде:
1) Республика Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын мемлекеттiк органдар мен елдiң лауазымды тұлғаларының сөзсiз әрi түбегейлi сақтауы мен орындауын бақылауға; Мемлекет басшысы жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатты түсiндiруге және оның қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуге қатысады;
2) Мемлекет басшысын қажеттi ақпараттық-талдау және анықтамалық материалдармен қамтамасыз етедi;
3) өз өкiлеттiктерiне сәйкес Республика Президентiнiң тиiстi актiлерiнiң жобаларына қолбелгi қояды;
4) өздерiнiң атына жiберiлген хат-хабарды, қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн қарап, азаматтарды қабылдайды;
5) Мемлекет басшысының елдегi және шет елдердегi iссапарларында iлесiп жүредi, өз өкiлеттiктерiне сәйкес Республика Президентi қатысатын іс-шараларды ұйымдастырылуын бақылайды, iссапар барысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды белгiлеп алады, қажеттi жағдайда оның азаматтарды қабылдауына, олардың өтініш-арыздарын зерделеуге қатысады.
36. Көмекшiлер мен кеңесшiлердiң арасында мiндеттердi бөлудi Мемлекет басшысының келiсiмi бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.
37. Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн олардың басшылары басқарады, оларды:
1) Президент Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынуы бойынша Мемлекет басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) олар құрылымдық бөлiмшелерге жүктелген мiндеттердi орындауға, Мемлекет басшысының актiлерi мен тапсырмаларын, Президент Әкiмшiлiгi Басшысының тапсырмаларын уақтылы әрi түбегейлi орындауға жауапты болады; қызметкерлердiң арасында мiндеттердi бөледi, еңбектi ұйымдастыру мен тиiсiнше еңбек тәртiбiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнде бекiтiлген ережелерге сәйкес iс жүргiзуге жауап бередi.
38. Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары:
1) мемлекеттiк органдардың құзырындағы кез келген ақпараттық деректер банкiн белгiленген тәртiппен пайдалануға;
2) Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң функционалдық қызметiне қатысты мәселелердi қарау кезiнде Үкіметтiң отырыстарына, министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың алқа отырыстарына қатысуға;
3) мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен Президент Әкiмшiлiгiнiң құзырына жатқызылған мәселелер бойынша хат жазысуға;
4) Президент Әкiмшiлiгiнiң құзырына жатқызылған мәселелердi шешуге Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен өзге де атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттiк органдардың аппараттарының қызметшiлерiн, сондай-ақ ұйымдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң өкiлдерiн, ғалымдар мен мамандарды, соның iшiнде шарттық негiзде, тартуға хақылы.
39. Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары осы Ережеде көзделген және (немесе) оларға Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүктеген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
40. Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерi Президент Әкiмшiлiгiнiң алдында тұрған мiндеттердi шешу жөнiнде өкiлеттiктер берiлген мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады.
41. Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде белгiленген тәртiппен:
41-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2004 жылғы № 1351 жарлығымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Yкiметтiң, орталық атқарушы органдардың, Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың отырыстарына, орталық атқарушы органдар мен әкiмдер өткiзетiн iс-шараларға қатысуға;
2) Президент Әкiмшiлiгiнiң лауазымды тұлғаларына Yкiмет, орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдар, әкiмдер мен мемлекеттiң өзге де лауазымды тұлғалары әзiрлеген, белгiленген талаптарға жауап бермейтiн актiлердiң жобаларын пысықтау үшiн қайтару туралы ұсыныстарды енгiзуге;
3) Әкiмшiлiк Басшысының және оның орынбасарларының, Президент Кеңсесі бастығының, өзге де құрылымдық бөлiмшелер басшыларының тапсырмасы бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң құзыретi шегiнде өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |