• Мое избранное
Авиация персоналы куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Авиация персоналы куәлігін беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6860 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 11.02.2014 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.09.2013 жылғы № 750 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                       Ә. Құсайынов
  • 2
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрінің
 2011 жылғы 14 наурыздағы
 № 138 бұйрығымен
 бекітілген
Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) 1-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағида азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация персоналына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘК ТҚК), әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
2) авиация персоналының куәлігі (бұдан әрі - куәлік) - авиация персоналының біліктілігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
3) авиация персоналына куәлік беру тiзiлiмi (бұдан әрі - Тізілім) - авиация персоналына куәлік беру туралы жазба жазылатын құжат;
4) біліктілік белгісі - куәлікте жазылған немесе оған қатысы бар, оның бөлігі болып табылатын, осы куәлікке қатысты ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетілген жазба.
4. Куәлік мынадай авиация персоналына беріледі:
1) әуесқой пилот (ұшақ);
2) әуесқой пилот (тікұшақ);
3) коммерциялық авиация пилоты (ұшақ);
4) коммерциялық авиация пилоты (тікұшақ);
5) желілік пилот (ұшақ);
6) желілік пилот (тікұшақ);
7) аса жеңіл авиация пилоты;
8) штурман;
9) борт инженер (борт механик);
10) борт радист;
11) борт операторы;
12) борт жолсерігі;
13) ӘҚҚК диспетчерi;
14) ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер;
15) ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник;
16) аса жеңiл авиация технигi;
17) ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер;
18) авиациялық станция (теңіз қондырғыларында орналасқан) операторы.
Ескертпе. ӘК құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженер үшін ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерге куәлік беруге рұқсат етіледі.
ӘК құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техник үшін ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі техникке куәлік беруге рұқсат етіледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 02.12.2011 жылғы № 711 Бұйрығымен (14.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
5. Авиация персоналының куәлігі мамандыққа байланысты түстері мен сериялық әріптік кодтары бойынша ажыратылады.
Авиация персоналы куәлігінің сериялық әріптік кодтары мен түстері осы Қағиданың 1–қосымшасында көрсетілген.
6. Куәлік медициналық куәландырудан өткен күнінен бастап:
1) әуесқой пилот (ұшақ немесе тiкұшақ) үшін – 24 ай;
2) коммерциялық авиация пилоты (ұшақ немесе тiкұшақ) үшін – 12 ай;
3) авиакомпанияның желілік пилоты (тiкұшақ немесе тiкұшақ) үшін – 12 ай;
4) борт операторы үшін – 24 ай;
5) штурман үшін – 12 ай;
6) борт инженер немесе борт механик үшін – 12 ай;
7) борт радист үшін – 12 ай;
8) аса жеңiл авиация пилоты үшін – 24 ай;