Bestprofi Logo

Қаулы № 1297 от 2011-11-04г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары

1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде жер пайдалану мақсаттарын жүзеге асыруда жерді қорғауды және табиғи факторлармен өзара оңтайлы әрекеттесуді есепке ала отырып, топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәсілдерімен жоғары дәрежеге жетуді қамтамасыз етуі;

2) топырақ құнарлылығының айтарлықтай нашарлауы - соңғы екі агрохимиялық зерттеулердің нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тозуы - табиғи шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсерлердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қасиеттерінің нашарлауы;

4) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы - ауыл шаруашылығы жерлері аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын анықтайтын және негіздейтін құжат, онда әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктері) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралардың кешені қамтылады;

5) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасы - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық операцияларын жүргізудің тәртібін көрсететін құжат;

6) танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабы - уақыт бойынша және аумақтағы жоспарланған ауыспалы егісті, дақылдар мен сүрі жерді нақты алмастыруды және технологиялық операциялардың орындалуын көрсететін, ұсынымдық сипаты бар нормативтік техникалық құжат;

7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты - жер учаскесінің, оның сәйкестендіру сипаттамаларының, сондай-ақ жер пайдалану объектісінің топырақ құнарлылығының құрастыру сәтіндегі нақты жай-күйін көрсететін құжат;

8) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган).

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың тәртібі

3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание