• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015 г

Отправить по почте

2

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 310-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қыркүйекте № 7168 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес (2015 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған құқықтық-қатынастарға қолданылады)
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Қ.А.Манабаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (С.Ғ.Бисақаев) осы бұйрық талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә.Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі     Г.Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрінің
 2011 жылғы 23 тамыздағы
 № 310-ө бұйрығымен
 бекітілген
1
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарын орындау үшін тексерулерді жоспарлау және жүргізу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және қажеттілікті айқындайтын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын мемлекеттік мекемелерді тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.
1) тәуекел – субъектілердің адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімнің орындалмауынан, арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімінің бұзылуынан жеке тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығы;
2) тексерілетін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және оған қажеттілікті айқындайтын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын мемлекеттік мекемелер.
3. Осы Өлшемдердің шеңберінде қызмет алушыларға қарттар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған және (немесе) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар жатады.
4. Тәуекел дәрежелеріне стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу бойынша жатқызу осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне немесе мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылады. Кейіннен тексерулердің нәтижесі бойынша өлшемдер бойынша алған балдарын ескере отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тиісті тәуекел дәрежелері топтарына бөлінеді:
1) тексеру жиілігі жылына бір рет болатын жоғары дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 21-ден 30-ға дейін қоса алғанда балл алған бақылау субъектілері жатады;
2) тексеру жиілігі үш жылда бір рет болатын орта дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 11-ден 20-ға дейін қоса алғанда балл алған бақылау субъектілері жатады;
3) тексеру жиілігі бес жылда бір рет болатын шамалы дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 10-ға дейін қоса алғанда балл алған бақылау субъектілері жатады.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімді орындайтын, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің, арнаулы әлеуметтік қызметтің және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзбайтын тексерілетін субъектілерге осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген өлшемдерге сәйкес балл есептелмейді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет
 көрсету саласында және
 мүгедектерді әлеуметтік қорғау
 аясында тәуекел дәрежесін
 бағалау өлшемдеріне
 1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
 
р/с
Талаптар тізбесі Тәуекел дәрежесін айқындаудың шекті көрсеткіштері
1. Стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу, арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару жөнінде
1.1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы Белгіленген мерзімге сәйкес жүргізбеу – 5 балл
1.2. Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін беру туралы шешім шығарудың уақтылығы Белгіленген мерзімге сәйкес шешім шығармау – 5 балл
1.3. Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы Жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл
1.4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі өтініш берушілердің өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуы Уақытылы қарамау – 5 балл
1.5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру Уақытылы жәрдемдеспеу – 5 балл
1.6. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының болуы Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл
1.7. Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл
2. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу, арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну беру туралы шешім шығару жөнінде
2.1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы Белгіленген мерзімге сәйкес жүргізбеу – 5 балл
2.2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығарудың уақтылығы Белгіленген мерзімге сәйкес шешім шығармау – 5 балл
2.3. Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы Жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл
2.4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі өтініш берушілердің өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуы Уақытылы қарамау – 5 балл
2.5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру Уақытылы жәрдемдеспеу – 5 балл
2.6. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының болуы Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл
2.7. Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл
2.8. Мамандық алуға жәрдемдесу Қызметтің көрсетілмеуі – 5 балл
1
Арнаулы әлеуметтік қызмет
 көрсету саласында және
 мүгедектерді әлеуметтік қорғау
 аясында тәуекел дәрежесін
 бағалау өлшемдеріне
 2-қосымша
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
 
р/с
Талаптар тізбесі Тәуекел дәрежесін айқындаудың шекті көрсеткіштері
1. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы Оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл
2. Оңалту шараларының мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес орындалуы Ішінара орындалды – 5 балл Орындалмауы – 10 балл
3. Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл
4. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында өтініш берушілердің өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуы Уақытылы қарамау – 5 балл