Bestprofi Logo

Қаулы № 698 от 2012-05-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 Қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік огандардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесінде:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді";

"2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) атрибут – HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;

2) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;

3) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;

4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;

5) серпінді ақпарат – бұл мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар және басқалары);

6) статикалық ақпарат – бұл мемлекеттік органның ішкі қызметін көрсететін тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, құрылым, мемлекеттік орган ережесі және басқалар);

7) тегі – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;

8) Web Content Accessibility Guidelines (WCAG.2.0) – әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың заманауи ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.";

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.";

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

"6-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру WCAG.2.0 сәйкес жүргізіледі:

1) безендіру мақсатында пайдаланылатын мәтіндік емес веб-контенттен басқа мәтіндік емес және медиа веб-контенттер баламалы мәтінмен сүйемелденіп, бағдарламалық кодта тиісті атрибуттармен белгіленуге тиіс;

2) веб-бетте бейнеленген, мағынасы оның түсіне байланысты болатын мәтіндік емес және мәтіндік веб-контент мағыналық жүктемесі дәл сондай баламалы мәтінді қамтуы тиіс;

3) нысанында, мөлшерінде және орналасуында мағыналық жүктеме бар веб-контент элементтері тиісті мәтіндік анықтамамен сүйемелденуі тиіс;

4) медиа веб-контент титрлермен немесе транскрипттермен сүйемелденуі тиіс;

5) егер веб-контентті оқудың дұрыс дәйектілігі оның мағынасын анықтаса, онда ол бағдарламалы түрде анықталуы тиіс;

6) үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын аудио веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату механизмдерін беру қажет;

7) интернет-ресурста орналастырылған веб-контент пернетақта арқылы басқарылуы тиіс;

8) уақыт бойынша шектелетін бет немесе қосымша тоқтататын, икемдейтін немесе шектеу мерзімін ұзартатын механизмді қамтуы тиіс;

9) секундына үш реттен астам жарқылдауды қамтитын, автоматты түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті құру ұсынылмайды, қолданылған жағдайда осы веб-контентті тоқтату жөніндегі механизмді беру қажет;

10) үлкен көлемді графикалық элементтері немесе навигациялық сілтемелері бар веб-бетте көрнекі бөлігінде веб-контенттің негізгі бөлігіне өту үшін сілтеме жасау қажет;

11) әрбір веб-бетте беттің мақсаты мен тақырыбын сипаттайтын, тиісті тегте көрсетілетін ақпаратты тақырып болуы тиіс;

12) сілтеменің мақсаты сілтеменің өз мәтінінен не сілтеме мәтіні мен оның бағдарламалы анықталған контекстінен түсінікті болуы тиіс;

13) веб-бетте негізгі қолданылатын тіл тиісті атрибуттың көмегімен бағдарламалық кодта анықталуы тиіс;

14) пайдаланушының ақпаратты енгізген кезіндегі анықталған кез келген қате мәтіндік хабарлама түрінде ұсынылуы қажет.";

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесінде:

реттік нөмірі 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Мемлекеттік органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердің, деректер банкінің, тізілімдердің, тіркелімдердің тізбелері. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтердің тізбесі.

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын іске асыру және ақпараттық жүйелерді әзірлеу туралы ақпарат.";

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание