• Мое избранное
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1307 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 333 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1307 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi       Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 17 қарашадағы
№ 1351 қаулысымен
бекiтiлген
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1307 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеудi бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.
3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынған жылжымалы құрам бірліктері кiредi.
4. Мемлекеттік тiркеуден не қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – тізілім) енгiзуге тиiс.
2. Жылжымалы құрамды тiркеу, қайта тiркеу және оның кепiлін тіркеу тәртiбi
5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу жылжымалы құрамды иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.
6. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу:
1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тiркелген орны бойынша;
2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
7. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өткен;
3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге жатпайды.
8. Меншік құқығы алынған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда мемлекеттік тiркелуге тиіс.
Жалға беру, сенiмгерлiкпен басқару құқығы алынған, жылжымалы құрам туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда қайта мемлекеттік тiркеуге тиіс.
9. Жылжымалы құрам:
1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;
2) сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда, қайта мемлекеттік тiркеу жүргізілмейді.
10. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.
11. Тіркеуші органға жылжымалы құрамның мынадай түрлерін мемлекеттік тіркеуге өтініш беріледі:
1) жүк жылжымалы құрамы;
2) жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамы;
3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам;
4) арнайы жылжымалы құрам.
12. Жүк жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
1) жабық вагондар;
2) платформалар;
3) жартылай вагондар;
4) цистерналар;
5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
6) астық тасығыш;
7) цемент тасығыш;
8) фитингтiк платформалар;
9) битум тасығыш платформалар;
10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған арнайы вагондар, оның iшiнде бункерлiк түрi, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрi).
13. Жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
1) купе вагондары;
2) плацкарт вагондары;
3) «СВ» – ұйықтауға арналған вагондар;
4) «РИЦ» – РИЦ габаритті купе вагондары;
5) вагон-мейрамханалар;