• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

1

«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1417 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1090 Қаулысына сәйкес
1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеде:
«7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік органның шешімі бойынша оның тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сараптамалық кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.»;
«7-1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы сіз келісілді деп есептеледі.»;
«Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық кеңес төрағасының қолы қойылатын хаттама жасалады.
Аталған хаттама сарапшылар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі және нормативтік құқықтық акті жобасының міндетті қосымшасы болып табылады.»;
«14. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және оларды қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
«16. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 8 қарашадағы
 № 1417 қаулысына
 қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері
 жөніндегі сараптамалық
 кеңестер туралы үлгі ережеге
 қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ХАТТАМАСЫ _________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері _______________________________________________________ қарауы туралы  (нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе)
1. Сараптамалық қорытындыларды лер мен ұсыныстарсыз ұсынғандар:
 _____________________________________________________________________  (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы)
       2. Сараптамалық қорытындыларды лермен және ұсыныстармен ұсынғандар: _________________________________________________________
 (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы,  _____________________________________________________________________  ұсынылған лер мен ұсыныстардың жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)
 _____________________________________________________________________  (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы) 
       4.____________________________________________________________           (лер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)
* - Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы – 10 (7/3)        ** - Мұндай жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі