Toggle Dropdown
Осы редакция 31.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.