Toggle Dropdown
1
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамы
Toggle Dropdown
Рау - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, төраға
Жақатаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Еркін Исаханұлы технологиялар министрлігі Жер қойнауын
пайдалану департаментінің директоры, төрағаның
орынбасары
Сыздыханова - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Толқын технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану
Орынбайқызы департаменті конкурстар және тікелей келіссөздер
ұйымдастыру басқармасының бастығы, хатшы
Айтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ренат Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің
Құрметжанұлы меңгерушісі
Өжкенов - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Болат Сұлтанұлы технологиялар министрлігі Геология және жер
қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы
Карплюк - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Сергей Алексеевич технологиялар министрлігінің Инвестициялар
комитеті төрағасының орынбасары
Таспихов - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Амангелді технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің
Сатыбалдыұлы төрағасы
Жақсыбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
Бақыт Қалмырзаұлы сауда министрлігінің Экономика салаларын дамыту
департаменті директорының міндетін атқарушы
Құдабаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
Шафхат Серікұлы комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы
Төрекелдиев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
Сүйіндік министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау
Мырзахметұлы комитеті төрағасының орынбасары
Есенбаева - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға
Әлия Өмірбекқызы тәуелді актілер департаментінің сарапшысы
Жергілікті атқарушы
органның өкілі
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады)
2. Көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:
Қарабалин - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі,
Ұзақбай төраға
Сүлейменұлы
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Алдашев - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Рүстем Ағыбайұлы Жер қойнауын пайдалану келісім шарттары және
өнімді бөлу туралы келісімдер департаментінің
директоры, хатшы
Нұрабаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Базарбай Қанайұлы технологиялар министрлігі Геология және жер
қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы
Айтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Ренат Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің
Құрметжанұлы меңгерушісі
Құлмырзин - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қуандық Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры
Сағындықұлы
Такиев - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
Мәди Төкешұлы жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты
департаментінің директоры
Құдабаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
Шафхат Серікұлы комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы
Тәутеев - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су
Әуесбек Зпашұлы ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және
бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Жолдыбай - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Мақсат Орынбекұлы Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау
департаментінің директоры
Жергілікті атқарушы
органның өкілі
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жер қойнауы пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен жұмыс тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
Toggle Dropdown
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізілетін пайдалы қазбалардың түрлеріне қарай Комиссияның екі құрамы болады:
Toggle Dropdown
1) қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық мәселелері бойынша;
Toggle Dropdown
2) көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша.
Toggle Dropdown
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
Toggle Dropdown
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
Toggle Dropdown
2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Комиссияның функциялары:
Toggle Dropdown
1) конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) ұсынылған конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құқықтары:
Toggle Dropdown
1) конкурсқа қатысу үшін тапсырылған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
Toggle Dropdown
2) конкурс жеңімпазын анықтауға;
Toggle Dropdown
3) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген негіздер бойынша конкурсты өтпеген деп тануға;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге адамдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
Toggle Dropdown
5) отырыстарда Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, өзге де адамдарды тыңдауға;
Toggle Dropdown
6) Заңда белгіленген негіздер бойынша конкурстық ұсынысты кейінге қалдыруға;
Toggle Dropdown
7) қажет болған кезде тиісті салалардағы мамандардың ішінен сарапшыларды тартуға;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
3. Комиссияның жұмыс тәртібі
Toggle Dropdown
8. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Toggle Dropdown
9. Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. Комиссияның жұмыс органы функцияларын мына құзыретті органдар жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бөлігінде - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Toggle Dropdown
көмірсутек шикізаты бөлігінде — Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.
Toggle Dropdown
11. Комиссия хатшысы конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде бұл туралы жер қойнауын пайдалану объектісі мен өтініш берушілер тізімін көрсете отырып, Комиссия төрағасын, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасарын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
12. Комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары Комиссияның конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу бойынша отырысы болатын күн, орын және уақыт туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
13. Комиссия отырыстары оған комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
Toggle Dropdown
14. Комиссияның конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу бойынша отырысында Комиссия хатшысы отырыстың әрбір қатысушы Комиссия мүшесіне конкурстық ұсыныстар көшірмесі салынған пакеттің бір данасын береді.
Toggle Dropdown
15. Комиссия мүшелерінің жай көпшілігі қатысқан кезде, Комиссия конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашады.
Toggle Dropdown
16. Комиссия мүшелері конкурстық ұсыныстар көшірмесі салынған пакетті алғаннан кейін өз бетімен ашады.
Toggle Dropdown
17. Комиссияның хатшысы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасын ресімдейді.
Toggle Dropdown
18. Конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасына комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
19. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша Комиссияның отырысы болатын күнді, уақытты және орынды белгілейді.
Toggle Dropdown
20. Комиссия мүшелерінің алынған конкурстық ұсыныстарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның қатысып отырған әрбір мүшесі қаралған жер қойнауын пайдалану объектілері бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дауыс беру парақтарын толтырады және Комиссияның хатшысына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша комиссия отырысы өтетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
Toggle Dropdown
21. Комиссия шешімі дауыс берушілер санының көпшілігінің дауыс беру парағы негізінде қабылданады.
Toggle Dropdown
22. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурс қорытындысы хаттамасын ресімдейді, оған Комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
23. Егер конкурсқа қатысушы дауыс берген Комиссия мүшелері санының жартысынан артығының дауысын алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Toggle Dropdown
24. Қайта дауыс берген жағдайда, Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болса, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
Toggle Dropdown
25. Конкурсты өткізуші құзыретті орган конкурстың нәтижелерін ресми баспа басылымында бір уақытта қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ құзыретті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Toggle Dropdown
26. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап он бес күннен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мерзім Комиссияның шешімі бойынша, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
27. Комиссия конкурсты өтпеді деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хатшысы Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қоятын тиісті хаттаманы ресімдейді.
Toggle Dropdown
28. Комиссияның конкурсты өтпеді деп тану туралы шешімі конкурсқа жіберілген барлық қатысушыларға, ресми баспа басылымында бір уақытта қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурсты өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялану арқылы хабарланады.
Toggle Dropdown
29. Конкурсқа қатысушылар конкурс қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
Toggle Dropdown
4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Toggle Dropdown
30. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өз қызметін тоқтатады.
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған конкурстарды
өткізу жөніндегі комиссия туралы
ережеге
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасы
Toggle Dropdown
Астана қ. ______ жылғы «___» ___________
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия мынадай құрамда:
Toggle Dropdown
төраға (төрағаның орынбасары) ______________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия мүшелері:
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(конкурстық ұсыныстарды ашуға қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің аты-жөні)
Toggle Dropdown
конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу рәсімін жүргізді.
Toggle Dropdown
Конкурстық ұсыныстарды мына өтініш берушілер белгіленген мерзімде ұсынды:
Toggle Dropdown
1. _________________________________________________________ бойынша
Toggle Dropdown
(конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
Toggle Dropdown
1) ________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
2) ________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
2. _________________________________________________________ бойынша
Toggle Dropdown
(конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
Toggle Dropdown
1) ________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
2) ________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия төрағасы
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия мүшелері
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған конкурстарды
өткізу жөніндегі комиссия туралы
ережеге
2-қосымша
Toggle Dropdown
Дауыс беру парағы
Toggle Dropdown
Р/с № | Жер қойнауы учаскесінің атауы, жер қойнауын пайдалану құқығының түрі, пайдалы қазба түрі | Конкурсқа қатысушы жеңімпаздың атауы |
| 1. | | |
| 2. | | |
| 3. | | |
| 4. | | |
| 5. | | |
| 6. | | |
| 7. | | |
| 8. | | |
| 9. | | |
| 10. | | |
| 11. | | |
| 12. | | |
| 13. | | |
| 14. | | |
Toggle Dropdown
_____________ _____________________________________
Toggle Dropdown
(қолы, күні) (конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні)
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған конкурстарды
өткізу жөніндегі комиссия туралы
ережеге
3-қосымша
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс қорытындыларының хаттамасы
Toggle Dropdown
Астана қ. ______ жылғы «___» ___________
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия мынадай құрамда:
Toggle Dropdown
төраға (төрағаның орынбасары) ______________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия мүшелері:
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(конкурстық ұсыныстарды ашуға қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің аты-жөні)
Toggle Dropdown
ұсынылған конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс беру нәтижесінде (дауыс беру парақтары қоса берілген) ШЕШТІ:
Toggle Dropdown
1. жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстың жеңімпазы болып:
Toggle Dropdown
1. _________________________________________________________ бойынша
Toggle Dropdown
(конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
Toggle Dropdown
__________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(жеңімпаздың (аты-жөні) атауы)
Toggle Dropdown
2. _________________________________________________________ бойынша
Toggle Dropdown
(конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
Toggle Dropdown
_______________________________________________________ танылсын.
Toggle Dropdown
(жеңімпаздың (аты-жөні) атауы)
Toggle Dropdown
2. Құзыретті орган ресми баспасөз органында конкурстың қорытындыларын жарияласын.
Toggle Dropdown
3. Құзыретті орган белгіленген тәртіппен конкурстың жеңімпаздарымен келісімшарттар жасасын.
Toggle Dropdown
4. Мына объектілер бойынша неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізілсін:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________
Toggle Dropdown
(конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
Toggle Dropdown
1) __________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
2) __________________________________________________________;
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
5. _________________________________________________________ бойынша
Toggle Dropdown
(конкурсқа қойылған кен учаскесінің (блогының) атауы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________
Toggle Dropdown
(конкурс өткізілмеген деп тану негіздері)
Toggle Dropdown
конкурс өткізілмеген* деп танылсын.
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия төрағасы
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссия мүшелері
Toggle Dropdown
Ескертпе: * - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында көзделген негіздер бойынша конкурс өтпеді деп танылған жағдайда толтырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 82-құжат).
Toggle Dropdown
2. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысы.
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 907 қаулысы.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 920 қаулысы.
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 384 қаулысы.
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 1190 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
Toggle Dropdown
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 855 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.