• Мое избранное
Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандарын белгілеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 185 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4809 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес
"Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандары белгіленсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев): 
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы
N 185 қаулысына қосымша
Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандары
 
1. Сақтанушы туралы ақпарат:
Атауы
Тұратын орны
Телефон, факс, e-mail
Байланыс жасайтын адам
Бірінші басшы
 
2. Пайда алушы туралы ақпарат (екі және одан артық
тұлғалармен сақтандыру шарты жасалған жағдайда,
нысанда әрбір тұлға бойынша деректемелері
көрсетіледі):
Фамилиясы, аты-жөні, бар болса - әкесінің аты
Туған күні/жасы
Жынысы
Мамандығы
Мекен-жайы
Телефон, факс, e-mail
Отбасылық жағдайы
Төлқұжаттық деректері
Шарт жасау себебі (қайтыс болу, мүгедектігі, кірісті жоғалту)
Аннуитеттік сақтандыру шартының мерзімі =
Сақтандыру төлемі  =
Аннуитеттік фактор (индекстеуді ескеріп есептелетін) =
Сыйлықақы мөлшерлемесі =
Жиынтық сыйлықақы мөлшері =
Орындаушы:.