Toggle Dropdown
2
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1418 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 32-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кеден органдары жүргізетін (бұдан әрі - кеден органдары) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған біліктілік емтиханын тапсыру қажет.
Toggle Dropdown
3. Біліктілік емтиханы өткен күні нәтижелер белгіленгеннен кейін, осы емтихандарды өткізген кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті органға емтиханнан өткен тұлғалар туралы ақпаратты электрондық, сондай-ақ жазбаша түрде ұсынады.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға ұсынылған ақпараттың негізінде біліктілік емтихандарының нәтижелері алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттары толтырылады.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес біліктілік аттестаттары толтырылғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде біліктілік аттестаттарын емтихан өткізген кеден органдарына поштамен жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаттарын алғаннан кейін кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджін ресімдейді және біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын және бейджін беруді жүргізеді.
Toggle Dropdown
7. Кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді.
Toggle Dropdown
8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген кеден органына еркін нысандағы өтінішті:
Toggle Dropdown
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Toggle Dropdown
2) мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет.
Toggle Dropdown
9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
Toggle Dropdown
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.
Toggle Dropdown
9-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.
Toggle Dropdown
10. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
Toggle Dropdown
11. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.