• Мое избранное
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.01.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 801 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5946 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 8 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-309/2020 Бұйрығына сәйкес 
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.08.2016 жылғы № 765 Бұйрығына сәйкес (29.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2017 жылғы № 627 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 02.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.02.2018 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.08.2016 жылғы № 765 Бұйрығына сәйкес (29.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2017 жылғы № 627 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 02.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.02.2018 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                        Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 801 бұйрығына
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру
қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.02.2018 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-105 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) амбулаториялық-емханалық көмектің (бұждан әрі - АЕК) базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі - түзету коэффициенттерін есепке алмай, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) пен консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) нысандарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін есептеу құны;
2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті - түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, МСАК пен КДК нысандарында көрсетілген ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есептік құны;
3) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - АЕК КЖН) - АЕК КЖН кепілдік берілген компонентінен және КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің құны;
4) ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті - түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, бекітілген ауыл тұрғындарына көрсетілетін ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
5) ауыл тұрғындарына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) - құрамында ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бар, «БХТ» АЖ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегендегі ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі қызметтер кешенінің құны;
6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыратын, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемде және талаптар бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды, төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
7) базалық мөлшерлеме - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өлшеу бірлігі үшін алынған қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
8) бір адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғанға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен бір иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі - АИТВ) жұқтырғанға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі - ЖИТС) ауыратын науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі АИТВ-ны жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
9) бір онкологиялық науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен АХЖ-10 кодтары бойынша лимфа және қан жасау тіндерінің қатерлі ісіктерімен ауыратын және қан, қан жасау органдарының аурулары бар науқастарды және онкологиялық аурулары бар он сегіз жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде тіркелген, бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер кешенінің құны;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) емделіп шығу жағдайы - пациентке стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын шарттарда емдеуге жатқызылған сәттен бастап жазылып шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
12) жеке әріптес - «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
13) жыныстық-жастық түзету коэффициенті - халықтың әр түрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды есепке алатын коэффициент;
14) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі - КЖНЫК) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларымен (бұдан әрі - № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіпте түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген индикаторлар негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;
15) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеу шығындары бойынша ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары;
16) коммуналдық және басқа шығыстар (бұдан әрі - КБШ) - жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеуге, үй-жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүккәмал және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар;
17) медициналық-экономикалық тариф (бұдан әрі - МЭТ) - ТМККК шеңберінде онкологиялық аурулары бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне ақы төлеу үшін клиникалық хаттамалар негізінде қалыптасатын бір емделіп шығу жағдайы үшін орташа құн;
18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) – мемлекеттік әріптес пен жеке әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
19) МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив - МСАК нысанындағы бір адамға есептегендегі шығындардың нормасы;
20) МЖӘ субъектілері үшін түзету коэффициенті – жеке әріптес пен денсаулық сақтау ұйымы төлеуі тиіс тарифтің қорытынды сомасын түзету үшін қолданылатын коэффициент;
21) пайдалану шығыстары - пайдаланылатын жүйелерді, машиналарды, жабдықтарды, ғимараттар мен басқа да шығыстарды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстаумен байланысты шығыстар;
22) психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» кіші жүйесінде (бұдан әрі - ННТ) тіркелген психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
23) психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Психикалық науқастардың тіркелімі» кіші жүйесінде (бұдан әрі - ПНТ) тіркелген психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
24) тариф - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызмет бірлігінің немесе медициналық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
25) тарификатор - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық қызметтердің тарифтері;
26) төсек-күн - науқастың стационар шарттарында өткізген күні;
27) туберкулезбен ауыратын бір науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» кіші жүйесінде (бұдан әрі - ТАНҰТ) тіркелген туберкулезбен ауыратын бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
28) түзету коэффициенттері - осы Әдістемеге сәйкес тарифті түзету мақсатында уәкілетті орган қолданатын коэффициенттер;
29) учаскелік қызметтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі - УҚЫК) - кадрлардың біліктілігін арттыру сертификаты бар және артериялық гипертензия (бұдан әрі - АГ), созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі (бұдан әрі - СЖЖ), қант диабеті (бұдан әрі - ҚД) ауруларымен ауыратын, динамикалық бақылауды қажет ететін пациенттердің кемінде 10%-ын қамтумен және (немесе) жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың 10%-ын қамтумен прогрессивті тәсіл бойынша патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізген МСАК субъектілерінің қызметкерлерін ынталандыруға қосымша ақы;
30) шығын сыйымдылығы коэффициенті - КШТ-ның базалық мөлшерлеме құнына шығын дәрежесін айқындайтын коэффициент;
31) электрондық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті субъект - қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталатын және осы ақпараттық денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын (электрондық денсаулық сақтау) және медициналық статистиканы (бұдан әрі - ақпараттандыру субъектісі) жетілдіру бөлігінде қызметін жүзеге асыратын және құқықтық қатынастарға түсетін ұйым;
32) «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі - диспансерлік науқастарды уақтылы анықтау, тұрақты байқау және сауықтыру бірыңғай ақпараттық жүйесі;
33) «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» кіші жүйесі (бұдан әрі - ННТ) - психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
34) «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Психикалық науқастардың тіркелімі» кіші жүйесі (бұдан әрі - ПНТ) - психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;