• Мое избранное
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 3 ақпанда N 677 тіркелді.

Бұйрықтың күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 24.02.2011 № 95 бұйрығымен (17.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 24.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2013.01.01 бастап күші жойылады - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.24 № 95  ( 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
: Бұйрықтың атауына өзгертілді ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 405 бұйрығымен.
Бұйырамын:  
Қосымша беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомы бекітілсін. 
Директор 
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрлігі
 Қазынашылық департаментінің
 1998 жылғы 1 желтоқсандағы
 N 548 бұйрығымен
 Бекітілді
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын 
 мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік нысандардың 
 Альбомы 
: № 6, 7 Мемориалдық ордер Әртүрлі ұйымдармен есептесу жөніндегі жинақтаушы ведомость № 408 нысан" және 6 бөлімнің № 408 нысан "Есеп айырысулар" бөлімшесінің атауынан басқа, мәтіні мен нысандарындағы "бюджеттік ұйымдар," "ұйымдар" сөздер тиісті септіктерде "мемлекеттік мекемелер" сөздермен ауыстырылды ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 405 бұйрығымен.
1-бөлiм 
 Активтер 
 Активтердi қабылдау-беру 
 (орын алмастыру) актiлерi 
 N ОС-1-нысан 
#$: 1-бөлімге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 50 бұйрығымен.
Акт активтердi қабылдау-беру (орын алмастыру) үшiн қабылданады. Активтердi қабылдау-беру (орын алмастыру) әрбiр жеке объект (зат, комплект) үшiн жасалады. Бiр үлгiдегi және құны бiрдей машиналарды, аппаратураларды, приборларды, шаруашылық құралдары және жабдықтар үшiн бiрнеше объектiлердi (заттарды) қабылдауға арналған жалпы акт жасауға рұқсат етiледi.  
Актив объектiлерiн (заттарын) қабылдау үшiн мемлекеттік мекеменің жетекшiсiнің өкiмiмен (бұйрығымен) комиссия құрылады. Мемлекеттік мекеме жетекшiсiнің актiсiмен бекiтiледi. Акт ресiмделгеннен кейiн бухгалтерлiк қызметке берiледi. Актiге осы объектiге (заттарға) қатысты техникалық құжаттар қоса берiледi. Осы құжаттар негiзiнде бухгалтерлiк қызмет объектiге түгендеу нөмiрiн бередi және есеп тiркелiмiнде тиiстi жазба жасалады. 
Тiкелей бастапқы құжат негiзiнде (шот-фактурлар және т.б.) негізiнде жекелеген заттарды қабылдауды ресiмдеуге рұқсат етiледi.  
Материалдық жауапты адам бастапқы құжаттарда объектiлердi (заттарды) жауапты сақтауға қабылдау жазбасынан басқа түскенi туралы, оларды активтердің түгендеу тiзiмiне (олардың орналасу, пайдалану жерлерi бойынша) түгендеу нөмiрi көрсетiле отырып жазғандығы туралы белгi жасауы тиiс.     
Мемлекеттік мекемелердегі активтердi 
 есептен шығаруға арналған акт 
 N ОС-3 бюдж. нысан 
Акт мемлекеттік мекемелердегі активтердің жекелеген объектiлерiн есептен шығаруды ресiмдеу үшiн қолданылады.  
Есептен шығаруға арналған активтерде актив объектiлерiн сипаттайтын мынадай деректер көрсетiледi: объектiнің жасалу немесе құрылысы салынған (құрылысы аяқталған) жылы, оның мемлекеттік мекемеге түскен күнi, пайдалануға енгізiлу уақыты, объектiнің бастапқы құны, бухгалтерлiк есеп бойынша есептелген тозу сомасы, жүргізiлген күрделi жөндеу саны.  
Активтер объектiлерiнің шығу себептерi тиянақты көрсетiледi, негiзгi бөлiктердің, тетiктердің, желiлердің, конструктивтiк элементтердің техникалық сипаттамасы берiледi.  
Активтердi есептен шығаруға арналған актiлердi комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекемелердің басшылары бекiтедi. Актiнің данасы бухгалтерлiк қызметке есепте активтердi есептен шығару үшiн берiледi, екiншi данасы материалдық-жауапты адамда қалады және қоймаға активтердi жоюдан алынған жарамды желiлер мен тетiктердi, сынықтарды, қалдықтарды және т.б. тапсыру үшiн негiз болады.  
Активтердi бөлшектеу және бұзу есептен шығару актiлерiн бекiткенге дейiн рұқсат етiлмейдi. 
"Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады. 
Автокөлiк құралдарын есептен шығаруға арналған акт 
 N OC-4 нысан 
Бұл нысан автокөлiк құралдарын шығаруда ресiмдеу үшiн қолданылады.  
Есептен шығаруға арналған актiлерде активтердiң актiлерiн сипаттайтын мынадай деректер көрсетiледi: автокөлiк құралдарының жасалған жылы, мемлекеттік мекемеге түскен күнi, пайдалануға енгiзiлген уақыты, объектiнiң бастапқы құны, осы бухгалтерлiк есеп бойынша есептелген тозу сомасы, жүргiзiлген күрделi жөндеулердiң саны, автомобильдердiң жүруi.  
Активтердiң объектiлерінің шығарылу себептерi тиянақты көрсетiледi, негiзгi бөлшектердiң, тетiктердiң, желiлердiң, конструктивтiк элементтердің техникалық сипаттамасы берiледi.  
Автокөлiк құралдарын есептен шығаруға арналған актіні комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекеменің басшысы бекiтедi.  
Активтердi есептен шығаруға арналған актiлердi комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекемелердің басшылары бекiтедi. Актiнiң данасы бухгалтерлiк қызметке есепте активтердi есептен шығару үшiн берiледi, екiншi данасы материалдық-жауапты адамда қалады және қоймаға активтердi жоюдан алынған жарамды желiлер мен тетiктердi, сынықтарды, қалдықтарды және т.б. тапсыру үшiн негiз болады.  
Активтердi бөлшектеу және бұзу есептен шығару актiлерiн бекiткенге дейiн рұқсат етiлмейдi. 
"Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады. 
Мемлекеттік мекемелердегі активтердi есепке 
 алудың түгендеу карточкасы 
 N ОС-6-нысан 
Түгендеу карточкасы үйлерге, ғимараттарға және беру қондырғыларына, машиналарға және жабдықтарға, өндiрiстiк (жабдықтарды қоса) және шаруашылық құралдарының, көлiк құралдарының және т.б. құрал-жабдықтарына арналған.  
Карточкадағы жазбалар алғашқы құжаттар: пайдалануға енгiзу туралы қабылдау актiлерi, әзiрлеушi заводтардың техникалық құжаттары және басқа құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Карточкада объектiлердiң (заттардың) өздерiне тән ерекшелiктерi: сызбасы, үлгiсi, түрi, маркасы, заводтық нөмiрi, шығарылу (жасалу) күнi, активтердi пайдалануға енгiзу актiсiнiң күнi және нөмiрi көрсетiледi.  
Түгендеу карточкасында жылдық тозу сомасы теңгемен, жылдық тозу шифрi және тозу соңғы рет есептелген жылы жазылады.  
"Объектiнiң қысқаша жеке сипаттамасы" бөлiмiнде негiзгi объектiнiң сондай-ақ оған жататын маңызды құрылыстардың, қондырғылардың және жабдықтардың тек негiзгi сапалық және сандық көрсеткiштерi ғана жазылады. Егер жабдықтардың, құралдардың, есептеу техникаларының және т.б. құрамында қымбат бағалы металдар бар болса, онда құрамында қымбат бағалы металдар бар тетiктердiң тiзбесi, тетiктердiң атауы және техникалық құжатта көрсетiлген металдың салмағы көрсетiледi.  
Егер объект сипаттамасының сапалық және сандық көрсеткiштерi қайта құру, қосымша құрылыс салу және қосымша жабдықтау нәтижесiнде айтарлықтай өзгерсе, онда ол бойынша есепке алынған бұрынғы түгендеу карточкасын (қосымша жабдықталған немесе қайта құрылған объектiлердi тұтастай алғанда сипаттайтын ондағы барлық көрсеткiштердi көрсету қиын болған жағдайда) жаңасымен ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұрынғы түгендеу карточкасы анықтамалық құжат ретiнде (карточканы ауыстыру туралы мiндеттi түрде белгi соға отырып) сақталады. 
Мемлекеттік мекемелердегі активтердi 
 есепке алудың түгендеу карточкасы 
 (жануарлар және көп жылдық екпелер үшін) 
 N ОС-8-нысан 
Түгендеу карточкасы жұмысшының, өнiмдi және асыл тұқымды малдың жеке есебi үшiн, сондай-ақ жердi (құрылыс салынбаған) жақсарту бойынша көп жылғы және күрделi шығындар үшiн қолданылады.  
Түгендеу карточкасы жануарлардың топтық есебi үшiн де қолданылуы мүмкiн.  
Жануарлардың қысқаша жеке сипаттамасы, олардың толық сипаттамасы тиiстi зоотехникалық құжаттамада толық көрсетiлгендiктен, карточкада көрсетiлген негiзгi көрсеткiштермен шектеледi.  
Көп жылғы екпелер түгендеу объектiсi бойынша тұқымы, егiлген түптердiң саны және алаңы көрсетiлiп ескерiледi. Жерлердi жақсарту бойынша күрделi шығындардың есебi мынадай шаралар кескiнiнде жүргiзiледi: жер учаскелерiн жоспарлау, егiн егiлетiн алаңдарды өңдеу арам шөптерден тазарту, алып отырған алаңдарын көрсете отырып су қоймаларын тазалау және әр шаралар бойынша орындалған жұмыстардың құны.  
Түгендеу карточкасында жылдық тозу сомасы теңгемен, жылдық тозу шифрi және тозу соңғы рет есептелген жылы жазылады. Бұл ретте өнiмдi мал, буйвол, қашыр, жануарлар әлемiнiң экспонаттары (хайуанаттар паркiнде және басқа ұқсас мекемелерде) бойынша, сондай-ақ пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелер бойынша тозу анықталмайтындығын назарға алу керек.
Мемлекеттік мекемелердегі активтердiң 
 топтық түгендеу карточкасы 
 N ОС-9-нысан 
Түгендеу карточкасы бiрдей өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттары, техникалық сипаттамалары және құны бар және бiр материалдық-жауапты адамның сақтауындағы активтердiң бiр үлгiдегi объектілердiң топтық есептемесi үшiн қолданылады. Активтердiң топтық есебi карточкаларында бiр үлгiдегi құралдар, станоктар, өндiрiстiк және шаруашылық жабдықтар, ас үй және асхана жабдықтары, кiтапхана қоры, сахналық-қойылымдық құралдары және т.б. Бұл карточкалардағы жазбалар әр зат (комплект) бойынша түгендеу нөмiрi, сомасы көрсетiлiп жүргiзiледi. Көпшiлiк қолданатын жабдықтар (парталар, құралдар және т.б.) саны және түгендеу нөмiрi көрсетiлiп, жалпы сомамен жазуға болады.  
Сахналық-қойылымдық құралдар үшiн бiр атаудағы, көлемдерi, материалдың сапасы мен бағасы бойынша жақын, бiр атаудағы заттарды, номенклатуралық нөмiрiн көрсете отырып материалдық-жауапты адамдарға ашылады. Кiтапхана қорының есебi үшiн бiр карточка ашылады, ондағы есеп тек жалпы сомадағы ақша түрiнде жүргiзiледi. 
Активтердiң есебi бойынша 
 түгендеу карточкаларының тiзiмi 
 N ОС-10-нысан 
Тiзiм активтердi талдау есебi кезiнде ресiмделетiн түгендеу карточкаларын тiркеу үшiн қолданылады. Тiзiм бiр данада түгендеу карточкаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында бухгалтерлiк қызмет жасайды.  
Жазбалар активтер топтарының кескiнiнде, карточкалардың ашылу жылы көрсетiле отырып жүргiзiледi. Нөмiрлеу әр топ бойынша 1-нөмiрден бастап жүргiзiледi. Орталықтанған бухгалтерияларда тiзiм әрбiр қызмет көрсетiлетiн бюджеттегi тәртiппен жүргiзiледi.  
Активтердiң шығарылған және орын алмастырылған кезiнде тiзiмнiң " бағанында мемориалдық ордердiң күнi (күнi, айы, жылы) және нөмiрi көрсетiледi. 
Активтердiң түгендеу тiзімi 
 N ОС-13-нысан 
Түгендеу тiзiмi активтер объектілерiнiң (заттардың) орналасқан (пайдалану) жерлерiнде әр объектiлiк есеп үшiн әрбiр материалдық-жауапты адам бойынша қолданылады. 
Активтердiң олардың орналасқан (пайдалану) жерлерi бойынша әр  объектiлiк деректерi активтер есебiнiң түгендеу карточкаларындағы бухгалтерлiк қызмет жасаған жазбалармен сәйкес болуы тиiс.