«Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда № 6965 тіркелді
1. «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6829 тіркелген):
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы бұйрықтың 2-121-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Осы бұйрықтың 122-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары бекітілсін.»;
мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес толықтырылсын;
осы бұйрыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Мемлекеттік мекеме ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу үшін мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормаларын пайдаланады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 бұйрығына
122-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары