Осы редакция 13.12.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 1998 жылғы 15 мамыр N 5
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы, заңдарға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты қаулы етеді:
1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы "Мүлiкке тыйым салудан босату iстерi бойынша сот тәжiрибесi туралы" (1978 жылғы 21 қыркүйектегi N 18 және 1987 жылғы 2 қазандағы N 11 қаулыларымен өзгерiстер енгiзiлген) N 2 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
а) Қаулының 4-тармағы келесi редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Конституциясы және АК 244-бабына (жалпы бөлiм) сәйкес, өз бетiмен тұрғызылған құрылыстарға құқықтық-меншiктiк құқыққа қатысты даулар соттардың ведомостылығына қарайды. Осыған байланысты өз бетiмен салынған құрылыстарды және қосымша құрылыстарды тыйым салудан босату жөнiндегi талаптары да соттардың қарауына жатады";
ә) Қаулының 6-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
Көрсетiлген iстер бойынша талап арызға мүлiктердi тыйым салудан босату актiсiнiң көшiрмесi (тiзiмге алу), өкімнiң көшiрмесi, шешiмдер, басқа да қаулылар оны орындау үшiн тыйым салынған, талапкердiң арызданған талаптарын дәлелдейтiн басқа да құжаттар (сыйға беру, сатып алу-сату, өсиет, чектiк есептер т.т.) қоса тiркеледi;
б) Қаулының 10-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
Тәркiлеуге жататын мүлiктердi тыйым салудан босату дауына қатысты жағдаЙларда, сот осы мүлiктiң алынғандығы және оның қай жерде екендiгiн анықтауы қажет, өйткенi көрсетiлген жағдайлар мүлiктi табиғи күйiнде қайтару мүмкiндiгiне әсер етедi.
Соттардың мынаны ескеруi қажет, егерде арызбен талап ету негiздi деп танылған жағдайда тәркiленуге жататын мүлiк органдарында немесе ақысыз берiлсе, онда бұл мүлiк табиғи күйiнде қайтарылуға жатады. Бұл жағдайда осы iстерге қаржы орындарынан басқа көрсетiлген ұйымдар да тартылып, оларға мүлiктi қайтару мiндеттерi жүктеледi. Егерде даулы мүлiк өткiзiлiп, немесе қайта өңдеуге кетсе онда талапкерге мүлiктiң өткiзiлген құны өндiрiледi.