• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 15 мамырдағы N 5 қаулысы

Редакция 25.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы, заңдарға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты қаулы етеді:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 13.12.2001 жылғы № 21 қаулысымен (15.05.1998 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 s_ қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн: 
а) Қаулының аты жаңа редакцияда жазылсын: 
"Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы";
     
ә) 7-тармақтың 1-бөлiгiндегi 7-бабына деген сiлтеме ҚР АК 9, 143-баптарына деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     
б) 7-тармақтағы АК 7-бабы 2-бөлiмiне деген сiлтеме ҚР АК 143-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     
в) 8-тармақтағы АК 7-бабына деген сiлтеме ҚР АК 143-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     
г) 9-тармақтың 2-бөлiгiндегi АК 7-бабына деген сiлтеме АК 143-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     
д) 10-тармағындағы АК 84-бабына деген сiлтеме ҚР АК 187-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     
е) 12-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
"12. Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек. 
Терiске шығару азаматтардың ар-намысы абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне немесе заңды тұлғаға таратылған мәлiметтердiң шындыққа жатпайтындығын көпшiлiкке хабарлау деп түсiндiрiледi. 
Бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдар құжаттарынан шыққан, кiр келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi ҚР АК  143-баптың 2-тармағының 1-2-тармақшаларында анықталған. 
Басқа жағдайларда терiске шығару жолын сот белгiлейдi. 
Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда кiр келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау, шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау)"; 
ж) 13-тармақтың 3 бөлiгiндегi АК-тiң 84-бабына деген сілтеме ҚР АК 187-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын. 
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен (13.12.2001 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
     
Пленум хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы