Toggle Dropdown
"Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 822 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8148 тіркелді
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Жұмағалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 822 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 33-бабы 4-тармағына, «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысына және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алушы – ол заңды және жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар.
Toggle Dropdown
3. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
Toggle Dropdown
4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет:
Toggle Dropdown
1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 33–бабының 4 тармақшасы;
Toggle Dropdown
2) Стандарттың;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптары;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысымен бекітілген Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасы негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нәтижесі Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО күн сайын сенбіні қоса алғанда дүйсенбіден бастап, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
Toggle Dropdown
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажет құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
Toggle Dropdown
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
Toggle Dropdown
ХҚКО ғимараттарында орналасқан стенділерінде;
Toggle Dropdown
1414 call-орталығында орналастырылған.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
Toggle Dropdown
13. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет алушы ХҚКО өтініш береді;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы уәкілетті органға тапсырады.
Toggle Dropdown
ХҚКО құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкод сканерінің көмегімен белгіленеді;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркейді, және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қарағаннан кейін құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына жұмыс үшін жібереді;
Toggle Dropdown
5) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/маманы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштерді қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды, және Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына жұмыс үшін жібереді;
Toggle Dropdown
6) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы үш жұмыс күні ішінде ХҚКО келген өтінішті қарауды жүзеге асырады, және осы Регламентке 1-қосымша 3-кестесіне сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігі немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, содан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
Toggle Dropdown
7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікке немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
Toggle Dropdown
8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдаған кезде ХҚКО Штрихкод сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілейді;
Toggle Dropdown
9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.
Toggle Dropdown
15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны 1 адамды құрайды.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар
(өзара іс-қимылдар) сипаттамасы
Toggle Dropdown
16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген операциялық залда кедергісіз қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті алушыға ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
Toggle Dropdown
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
Toggle Dropdown
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
Toggle Dropdown
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
Toggle Dropdown
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
Toggle Dropdown
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ іске қосылған:
Toggle Dropdown
1) ХҚКО қызметкері;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары;
Toggle Dropdown
5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;
Toggle Dropdown
6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;
Toggle Dropdown
7) курьер.
Toggle Dropdown
18. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдардың өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
20. Мемлекеттік қызмет алушының өтініші осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
Toggle Dropdown
«Кемелер экипаждарының ең аз
құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Toggle Dropdown
| Негізгі үдерістің іс-әрекеті |
| № іс-әрекет | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| ҚФБ атауы | ХҚКО қызметкері | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
| Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру туралы өтінішін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беруді келісу | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беру кітабына тиісті жазбаны енгізу, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті рәсімдеу. |
| Аяқталу нысаны | Тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға құжаттарды жіберу | | Жауапты орындаушының және орындау мерзімі қамтылған қарары бар құжаттар | | Тіркеу кітабына жазу, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті рәсімдеу |
| Орындау мерзімі | | 20 минут | 1 күн | 1 күн | 3 күн |
| Келесі іс-әрекеттің нөмірі | 6 | 7 | 8 | | |
| ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері | | |
| Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікке қол қою | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті ХҚКО курьер арқылы беру | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру | | |
| Аяқталу нысаны | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікке қол қойылған | | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік | | |
| Орындау мерзімі | 1 күн | 1 күн | | | |
Toggle Dropdown
2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Toggle Dropdown
| Негізгі үдеріс |
| ХҚКО қызметкері | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру туралы өтінішін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беруді келісу | Беру кітабына тиісті жазбаны енгізу, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті рәсімдеу. |
| Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру | Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті ХҚКО курьер арқылы беру | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікке қол қою | | |
Toggle Dropdown
1
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Toggle Dropdown
| Баламалы үдеріс немесе кеңейту |
| ХҚКО қызметкері | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ӨКБИ бастығы немесе оның орынбасарлары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
1. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. | 2. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады | 3. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру туралы өтінішін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беруді келісу | 4. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін берудің бас тарту туралы жазбаша қорытындысын рәсімдеу |
1-1. Егер құжаттар тізбесін толықсыз ұсынғанда тіркеу журналына тиісті жазба енгізіп және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен құжаттарын қайтару. 7-1. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беруден бас тартудың жазбаша қорытындысын өтініш берушіге жіберу | 7. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беруді бас тарту туралы жазбаша қорытындыны ХҚКО жіберу | 6. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін берудің бас тарту туралы қорытынды жазбаға қол қою | | |
Toggle Dropdown
1
Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
1
«Кемелер экипаждарының ең аз
құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
_________________________________бастығына
(Комитеттің аумақтық органының атауы)
__________________________________________
(Т.А.Ә.)
_________________________________________,
(Т.А.Ә.)
Тұратын мекенжайы:
Toggle Dropdown
Сізден кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру
Toggle Dropdown
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(кемені тіркеген порт және кеме атауы)
Toggle Dropdown
20__ жылғы ______________ __________________