Toggle Dropdown
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 Қаулысы
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 886 қаулысымен
бекітілген
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) ұзартуды белгілейді.
Осы Қағидада Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға ұғынылады.
Осы Қағидада ұлттық тасымалдаушы деп мәртебесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын арнайы тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк багажды, пошта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін тасымалдаушы түсініледі.
2. Тендерге конкурстық құжаттаманы «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жүруі болжанатын ұлттық темір жол компаниясының жолаушылар поезы қозғалысының нормативтік кестесі базасында құрылған лоттар және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттама негізінде уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Уәкілетті орган тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Тендерлік комиссияны құру
4. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзарту мәселелерін қарау үшін құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
5. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерді қарайды және шарттардың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
7. Тендер өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша ұйымдастырушысына жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін өзге де мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
8. Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі Шарттың мерзімін ұзартуға берілген өтінімдердің, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпазды анықтау және шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
3. Тендерге қатысушыларға және тендерлік өтінімдерге қойылатын талаптар
9. Тендерге қатысуға ҚҚС төлеушілері болып табылатын және осы Қағиданың 10-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келетін, осы Қағидаға сәйкестелетін өтінімді және басқа да қажет құжаттарды уақтылы ұсынған әлеуетті тасымалдаушылар жіберіледі.
10. Тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту үшін әлеуетті тасымалдаушылар мынадай шарттарға сәйкес болуы қажет:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жеке меншік немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушы жылжымалы құрамының болуы, бұл ретте (жалпы, плацкарт, купелі) үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызын, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайызды құруы тиіс;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешектерінің болмауы;
4) тиісті әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы;
5) тасымалдаушының Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда 12 айға (конкурсы өткізілген немесе Шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірі күніне) анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы;
6) тасымалдаушының мәлімделген бағытта көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай және негізгі қаражатының болуы.
11. Әлеуетті тасымалдаушы тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тендерлік өтінімді ұсынады:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 3-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес үлгілері, саны, шығарылған жылы, вагондардың зауыттық нөмірлері, техникалық жай-күйі және жоспарлы жөндеу түрлері көрсетіле отырып (жеке меншік құқығын немесе жалға алынғандығын растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды қоса берумен) жеке меншік және (немесе) сенімді басқарудағы, мүлікті жалдау немесе басқа да заңды негіздерде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымалы құрамның мүккәмал паркі туралы мәліметтер, бұл ретте (жалпы, плацкарт, купелі) үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызды, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайыз құрауы тиіс;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның (осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп) қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген адамның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;
4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес тендерге қойылған әлеуметтік мәні бар қатынастардағы маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар;
5) тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсетілген әлеуметтік мәні бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтініш берген кезде осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат – міндеттеме.
6) Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да темір жол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі және берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді ұсынудың ай – күні белгіленген берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;
7) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес Шарттың мерзімін ұзартуға мәлімделген маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар;
8) осы Қағиданың 44-тармағына сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету;
9) таңдалған әлеуметтік мәні бар қатынасты дамытуды қамтамасыз ету, сервистік қызметтердің сапасын арттыру, қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру жөніндегі, жыл сайынғы меншікті вагондар паркін толықтыру үшін вагондарды сатып алу іс-шаралар жоспары.
12. Тендерге қатысу және/немесе Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.
13. Тендерлік өтінімде және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімде жолдардың арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
14. Әлеуетті тасымалдаушы тендерлік өтінімді және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді конвертке салып желімдейді, онда әлеуетті тасымалдаушының атауы мен мекенжайы көрсетіледі. Содан соң конверт тағы бір конвертке салынып жабылады.
15. Конверттер тендерді ұйымдастырушыға (комиссияға) мынадай белгілермен жіберілуі тиіс:
тендерге қатысу ниеті болған жағдайда – «Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсқа арналған тендерлік өтінім»;
Шартты ұзарту ниеті болған жағдайда – «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаурын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім».
16. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді (Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді) ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, салынуы және ұсынылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы (Комиссия) тендерлік өтінімдерді (Шартты ұзартуға арналған өтінімдерді) ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
17. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін өтінімдерге ешқандай өзгертулер енгізілмеуі тиіс.
4. Тендерді өткізуді ұйымдастыру
18. Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген қолданыстағы шарттарды мерзімінен бұрын бұзу немесе жаңа бағытты әлеуметтік мәні бар деп тану жағдайларын қоспағанда, тендер және/немесе Шарттың мерзімін ұзарту жылына 1 рет өткізіледі.
19. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Шарт жасасу жолымен бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және пойыз басшылары) міндетті түрде пайдалана отырып, тиісті кезеңге бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде тасымалдауды одан әрі ұйымдастыруды жыл соңына дейін тасымалдаушыны айқындағанға дейін Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушыға беруге рұқсат етіледі.