• Мое избранное
Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1305 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 167 Бұйрығын қараңыз
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қарашадағы
 № 1305 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Әдістеменің есебін және қолданылуын анықтайтын негізгі қағидаттар мыналар болып табылады:
1) жолаушыларды темір жолмен тасымалдаудың стратегиялық және әлеуметтік мәні;
2) жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру, маршруттардың экономикалық орындылығы және жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді жоғарылату резервтерін айқындау;
3) поездардың жүру маршрутының қажетті құрамдылығын және жүру учаскелері бойынша сұранысын айқындау;
4) тасымалдау процесінің қатысушыларына тең экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия залалдарды азайтуда ескеріледі.
3. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өлшеуіш – тасымалдау процесінің кез келген сандық сипаттамасы, олардың белгілері өлшегіштің атауы, өлшеу бірлігі және мәні болып табылады;
2) вагон жүрісі – вагон-километрмен өлшенетін, жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай қашықтықпен (километр мөлшерімен) анықталатын көрсеткіш;
3) жөнелтілген жолаушылар – Қазақстан Республикасының станцияларынан жөнелтілген алыс және қала маңындағы қатынастардағы барлық жолаушылардың санына сәйкес келетін көрсеткіш, олар жолаушылармен немесе адаммен өлшенеді;
4) тасымалданған жолаушылар – одан әрі тасымалдау үшін басқа мемлекеттердің темір жолдарынан жөнелтілген және қабылданған (әкелу және транзит) жолаушылардың санына сәйкес келетін көрсеткіш;
5) жолаушылар айналымы – жолаушылар тасымалдарының көлемін жолаушы-километрде көрсететін көрсеткіш, жолаушылар санының тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде есептеледі;
6) жол жүрудің орташа ұзақтығы – жолаушы-километрдің жөнелтілген жолаушылар санына қатынасымен анықталады;
7) ұйымның шығыстары – активтердің істен шығуы немесе капиталдың азаюына алып келетін міндеттемелердің туындауы нәтижесінде экономикалық пайданың азаюы;
8) тасымалдаушының кірістері – жолаушыларды тасымалдаудан, поездарда төсек-орын керек-жарақтарын беруден түскен ақшалай түсімдер, Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешені қызметін үйлестіру, реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген бағалар бойынша комиссиялық алымдар;
9) тасымалдаушының шығындары – Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген салық міндеттемелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы темір жол көлігінің негізгі қызметі жөніндегі шығыстар номенклатурасында ескерілген жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға арналған тасымалдаушының шығындары;
10) қызметтерге кететін тікелей шығындар – Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген қосымша құн салығын есептемегенде, белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар шығындар;
11) үстеме шығыстар – бұл өзіндік құнға (тауарлардың, қызметтердің) қосылатын өнімдердің (қызметтің) бірнеше түрлерін өндірумен байланысты жанама шығыстар;
12) шығыстар номенклатурасы – Қазақстан Республикасы темір жолдарының негізгі қызметі бойынша шығыстар номенклатурасы;
13) шығыс өлшеуіштері – тасымалдау процесіндегі жұмысты мөлшерлік бағалауға арналған ірілендірілген өлшем бірліктері;
14) шығыс ставкасы – шығыс өлшегішке жатқызылған шығындардың жолаушы-километрмен өлшенетін оның көлеміне қатынасы;
15) қызметтердің өзіндік құны – жолаушыларды тасымалдау бойынша реттелетін қызметті жүзеге асыратын тасымалдаушы шығындарының ақшалай мәні;
16) кіріс ставкасы – өлшеуішке жатқызылған кірістердің оның көлеміне қатынасы, оның жұмыс бірлігі үшін жолаушы-километр қабылданады;
17) кезең шығыстары – тұрақты шығыстар ретінде анықталған және сатылған өнімнің немесе қызметтердің нақты түрлерімен байланысты емес шығыстар, соның ішінде үстеме шығыстар;
18) шығындар бабы (шығындар бағыты) – нәтиже, оған қол жеткізуге жұмсалған шығыстар тікелей бағытталады;
19) өндірістік факторлар – жолаушыларды тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктерін ескеретін факторлар (жылжымалы бірліктің түрі, жылдамдығы және т.б.).
2. Қолданылу аясы
4. Әдістеме облысаралық және ауданаралық қатынастарда тасымалдарды жүзеге асыру кезінде туындайтын кірістердегі шығындарды өтеуге арналған темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды субсидиялаудың экономикалық орындылығы қағидаттарын және мынадай көлемдерін есептеу тәртібін белгілейді:
1) жолаушылар поезының пайдалану көрсеткіштерінің көлемін есептеу;
2) өлшеуішке кіріс ставкасын есептеу;
3) өлшеуішке шығыс ставкасын есептеу;
4) тасымалдау кезіндегі шығынды анықтау.
5. Әдістемені:
1) Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешені қызметін үйлестіру, реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және тиісті облыстардың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар конкурсқа немесе шарттарды ұзартуға қойылған әрбір әлеуметтік мәні бар қатынас бойынша субсидиялардың қажетті көлемін анықтау үшін қолданады;
2) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау жөніндегі бағдарламалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерді ұсынған кезде есептердің негіздемесін ұсыну үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға уәкілетті орган және атқарушы органдар қолданады;
3) табиғи монополиялар мен реттелетін рыноктар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) тарифтерді жоғарылату мәселесін қарау (заңнамаға сәйкес темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді реттеу жағдайында) және магистральдық темір жол қызметтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін ұсыну кезінде шығындары мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың (бұдан әрі – тасымалдаушы) шығыстары мен кірістерін жоспарлау үшін қолданады;
4) тасымалдаушылар жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыстардың орындалуы туралы есепті беру кезінде шығыстар мен кірістерді есепке алу үшін қолданады;
5) қызмет деректері бойынша шығындар элементтері бойынша шығыстар көлемін анықтау үшін негіздеме болып табылмайды;
6) тасымалдаушының қызмет деректері немесе жұмыс көлемі бойынша бөлінген субсидияларды ұлғайту (төмендету) бойынша есептеулер үшін негіздеме болып табылмайды.
3. Есептердің негіздемелері