Bestprofi Logo

Қаулы № 2315 от 2009-12-30г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745 Қаулысымен (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)

2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:

1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;

2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;

3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген

«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Осы «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дұрыс әрі уақтылы статистикалық есепке алу және оның жай-күйін талдауды жүзеге асыру мақсатында мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою және мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (куәлік телнұсқасын) беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабы 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

өтініш Комитет кеңсесінде тіркелген күннен бастап 15 күн ішінде;

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 5 минут.

8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алынатын алым ставкасы мынаны құрайды:

1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеу күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

2) өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш.

Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін төленетін алым ставкасы мынаны құрайды:

осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

Алым Қазақстан Республикасының банктері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын түбіртек береді.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электрондық Үкімет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, «Министрліктер үйі» ғимаратындағы ақпараттық тақталарда орналастырылады.

10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіден басқа күндері күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11. Қызмет мына мекенжайда көрсетіледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 227-кабинет. Үй-жайдың жұмыс істеу режимі: күн сайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құқықтық тәртіпті қолдау үшін үй-жайда тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мына құжаттарды ұсынады:

1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.

Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, тілінің, таралу аумағының, негізгі тақырыптық бағытының және шығару мерзімділігінің өзгеруіне байланысты) тұтынушы мыналарды ұсынады:

1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) бұрын берілген мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы;;

5) меншік иесі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжат талап етіледі;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание