Toggle Dropdown
Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
Редакция 23.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кiреберiс, 227-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz;
2) Комитетте орналасқан стендтерде;
3) порталда орналастырылады.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
уәкілетті органда – қағаз тасығышта мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк;
порталда - мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктің немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың дайын екендігі туралы хабарлама болып табылады. Куәлiк өтініште көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің мерзiмдерi:
уәкілетті органға өтініш білдірген сәттен:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күнi iшiнде;
2) мемлекеттік қызметті алушы тiркелген кезде өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 5 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 5 минуттан аспайды.
портал арқылы өтініш білдірген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күн iшiнде.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсеткенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес алынатын тіркеу алымының ставкасы:
1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы екi айлық есептiк көрсеткiштi;
2) өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы бес айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң телнұсқасын беру үшiн төленетiн тіркеу алымының ставкасы:
1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген жеке және заңды тұлғалардан тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы 1,6 айлық есептiк көрсеткiштi;
2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жеке және заңды тұлғалардан тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы 4 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу ақысыз жүзеге асырылады.
Тіркеу алымы тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленедi.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлікті алуға мемлекеттік қызметті Портал арқылы электронды сұраныс берген жағдайда төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк қызметті алу үшін жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда – Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында белгіленген мереке және демалыс күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-дан 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы.
1) уәкілетті органда алушылардың таңдауы бойынша, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайларымен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілерімен ақпараттық стенділері бар;
2) порталда – жеке кабинетінде.