• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.07.2010 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 331 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745 Қаулысымен (16.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі  Қ   АУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде: 
"Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу" деген 1-бөлімде: 
реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағанында "қайтадан куәлік" деген сөздер "қайтадан куәліктер немесе анықтамалар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Кәсіпкерлердің заңды және жеке тұлғаларын тіркеу" деген 2-бөлімде: 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын: 
"
 
38-1 Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру Заңды тұлғалар ҰБ Аумақтық филиалдар
";
"Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу" деген 3-бөлімде: 
реттік нөмірлері 70, 71, 73-жолдарда: 
2-бағандағы "ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын; 
5-бағандағы "жер қатынастары басқармалары," деген сөздерден кейін "аудандардың және" деген сөздермен толықтырылсын; 
реттік нөмірі 72-жолда: 
2-бағанда: 
"ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"өтеусіз" деген сөз "өтемін төлеп" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-бағандағы "жер қатынастары басқармалары," деген сөздерден кейін "аудандардың және" деген сөздермен толықтырылсын; 
"Әлеуметтік қорғау" деген 4-бөлімде: 
реттік нөмірі 87-жолда: 
2-бағандағы "Мүгедектер" деген сөздің алдынан "Жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және" деген сөздермен толықтырылсын; 
5-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
"Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі"; 
реттік нөмірі 92-жолдың 5-бағанындағы "департаменттері/ басқармалары" деген сөздер "басқармалары" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"Анықтамалар беру" деген 5-бөлімде: 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 113-1 және 113-2-жолдармен толықтырылсын: 
"
 
113-1 Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру Заңды және жеке тұлғалар ҰБ Орталық аппарат және аумақтық филиалдар
113-2 Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру Заңды және жеке тұлғалар ҰБ Аумақтық филиалдар
";
реттік нөмірі 114-жолда: 
2-бағандағы "Қосалқы" деген сөздің алдынан "Жеке" деген сөзбен толықтырылсын; 
5-бағандағы "облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын; 
реттік нөмірлері 115 және 116-жолдар алып тасталсын; 
реттік нөмірі 124-жолда: 
2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігін беру". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов