Bestprofi Logo

Қаулы № 862 от 2011-07-26г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015 г.

Документ на казахском языке

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.06.2014 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 және «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысымен бекітілген

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2012 жылғы № 1258 Қаулысымен (07.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)

1. Бағдарламаның паспорты

1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1492 Қаулысымен (04.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)

Бағдарламаның атауы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары; Бағдарламаны әзірлеуге және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Бағдарламаның мақсаты Өңірлердің перспективада өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу Бағдарламаның міндеттері 1. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу. 2. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өңірлік1 және әлемдік нарықтармен ықпалдастырылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру. 2-1. Ауылдық аумақтарды дамыту. 3. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.

1 Мұндағы «өңір» ұғымы Орталық Азияны, РФ Орал және Сібір өңірлерін, Батыс Қытайды, Кавказ маңын қамтиды.

Іске асыру мерзімі 1-кезең - 2011 - 2012 жылдар

Нысаналы индикаторлар 2015 жылға қарай: ЖӨӨ-ның нақты мәнде алдыңғы жылға өсуін қамтамасыз ету:

Облыс/қала 2011 2012 2013 2014 2015
Ақмола 108,2 107,4 107,2 108,5 107,2
Алматы 105,8 105,8 106,0 106,1 106,4
Атырау 103,2 103,8 103,0 107,2 111,6
Батыс Қазақстан 106,1 105,6 104,0 104,6 104,4
Жамбыл 108,8 106,6 106,4 106,9 105,7
Қарағанды 106,4 106,0 105,2 105,3 106,5
Қостанай 105,8 107,0 106,7 106,9 108,2
Қызылорда 104,1 105,2 104,3 105,5 105,4
Маңғыстау 106,1 105,7 106,9 107,0 107,9
Оңтүстік
Қазақстан
108,1 108,1 108,0 109,2 109,7
Павлодар 106,0 105,7 105,1 104,9 105,8
Солтүстік
Қазақстан
107,0 105,6 105,6 106,1 104,6
Шығыс Қазақстан 108,0 106,9 106,7 108,0 107,4
Астана қаласы 108,5 108,1 106,8 107,0 106,1
Алматы қаласы 108,2 108,8 108,4 107,9 107,1

Бағдарлама шеңберінде бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы кемінде 1/2 құрайды; 2020 жылға қарай: Бағдарлама шеңберінде бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды; 2012 жылмен салыстырғанда: - агломерациялар халқының өмір сүру деңгейін (нақты табыстарын) 50%-ға; - агломерациялар халқының саның 20%-ға; - агломерациялар аумағында шоғырландырылған кәсіпорындарда еңбек өнімділігін 50%-ға; - агломерациялар аумағында шоғырландырылған кәсіпорындардың инновациялық (жоғары технологиялық) өнімді шығаруын 20%-ға; - ауыл халқының өмір сүру деңгейін (ақшалай табыстарын) 30 %-ға; - агломерациялар экономикасының құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 50%-ға ұлғайту; 2012 жылмен салыстырғанда: - агломерациялардың шикізат емес сектордың өзіндік құн құрылымындағы көлік шығындарының үлесін 10%-ға азайту. Қаржыландыру көздері мен Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі: 2011 жылы — 176,5 млн. теңгені, 2012 жылы - 15 050,0 млн. теңгені**, 2013 жылы - 29 500,0 млн. теңгені**, 2014 жылы - 20 000,0 млн. теңгені**, 2015 жылы - 21 000,0 млн. теңгені** құрайды. Жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталатын қаражат көлемі айқындалғаннан кейін анықталатын болады. 2016-2020 жылдарға-______**. **Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде анықталатын болады.

2. Кіріспе

2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1492 Қаулысымен (04.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» және 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының маңызды бөлігі жаңа өңірлік саясат болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа аумақтық ұйым қалыптастырылып жатқанын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар - агломерациялардың үдемелі өсуінен айқын көрінеді.

Қазіргі заманғы Қазақстанда қалалық агломерацияларды қалыптастырудың негізгі үрдістерін қарастыра отырып, аумақтардың анық көрінетін табиғи аймақтарына және жоспарлы экономикадан қалған қоныстандыру ерекшеліктеріне байланысты олардың әркелкі екендігін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта қалыптасып жатқан қалалық агломерациялар елдің барлық халқының үштен бір бөлігін шоғырландырады. Олардың ішінде барынша ауқымдысы (халық санын және маңындағы қалалармен бірге өзек-қаланы қамтитын агломерациялар құрылымының күрделілігін есепке ала отырып) Алматы мен Шымкент маңында дамып келеді. Қарқынды өсуі қоныстандыру жүйесіндегі жаңа елорданың рөлін арттыруға бағытталған мемлекеттің заманауи саясатына негізделген Астана әлі дамыған қала маңы аймағын қалыптастырып үлгерген жоқ. Республиканың батысында Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерациялар перспективалы болып табылады.

Бұл ретте Астана агломерациясының құрамына бірыңғай агломерациялық құрылым жасауға қабілетті Қарағанды қаласы және оның маңындағы елді мекендер (серіктес қалалар, кенттер) тартылады.

Басқа жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың (мысалы, моноқалалар, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі -АЕМ) ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына алып келді және қоғамда қиын әлеуметтік үдерістерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.

Алайда, елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан үдерістерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрынғы тәсілдер сақталуда. Мәселен, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау практикасы жалғасуда.

Мемлекет ресурстарын өңірлердегі іс жүзінде қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі.

Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда белгіленген негізгі басымдықтарға тікелей байланысты. Бағдарламаның іс-шаралары мен жобалары жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді арттыруға, экономиканың барлық салаларына қазіргі заманғы инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде өңірлерде әлеуметтік-рекреациялық сала объектілерін, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт, саябақ аймақтарын және басқаларды салу және қайта жаңғырту бойынша жобалар («Жұмыспен қамту 2020», «Өнімділік 2020», 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» салалық бағдарламалары, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы) қарастырылады.

1) Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган;

2) уәкілетті орган - Бағдарламаны іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

3) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - жұмыс органы);

4) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;

5) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары (бұдан әрі – Бағдарламаның үйлестірушілері).

Бағдарламада қолданылатын терминдер:

1) тірек ауылдық елді мекен (бұдан әрі – ТАЕМ) – абаттандырылған елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар жасалатын болады;

2) «зәкірлік» инвестициялық жоба – ауыл халқының өмір сүру сапасына әсер ететін, тірек ауылдық елді мекендердің экономикасын әртараптандыруға бағытталған орта немесе ірі инвестициялық жоба.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

3-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1492 Қаулысымен (04.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)

Елдегі үдемелі индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру бағытына бет алу «экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жоспарларымен» тікелей байланысты. Республиканың өңірлік дамуына жаңа серпін беру қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз !» атты Қазақстан халқына Жолдауында да ерекше айтылған, онда «индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын құрайды» делінген.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты өңірлердің ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту, еңбек пен капитал ресурстарының экономикалық өсу орталықтарында (аумақтық) шоғырлануы, республика тұрғындарының өңірлік жұмыспен қамтылуын және өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай мен факторлар қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған.

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі өңірлерде халыққа тұрақты және тиімді жұмыс орындарын құратын өнеркәсіптерді құру және іске қосу үшін өңірдің (табиғи, шикізат, еңбек, инфрақұрылым) әлеуетін қолдану дәрежесімен және тиімділігімен анықталады. Өңірлер бір-бірінен өз әлеуеті арқылы әртүрлі болатындықтан, әр өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясаты да әртүрлі болады.

Өңір жұмыс істеп тұрған немесе жаңа кәсіпорындарда олардың бәсекеге қабілеттілігін іске асыруға және арттыруға жағдай жасай алғанда ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Оның үстіне, өңір тек кәсіпорындар үшін ғана емес, сонымен қатар ең маңызды ресурстарының бірі болып табылатын жергілікті халыққа да тартымды болуы тиіс.

Жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік және инвестициялық ахуалға әсер ететін ең шешуші міндеттерінің бірі инфрақұрылымды дамыту мен қолдау және соның негізінде жекелеген кәсіпорындар мен өндірістердегі орын алған шектеулерді алып тастау болып табылады. Сонымен қатар, аумақтың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторларға қоршаған ортаның тартымдылығы мен қолайлы экологиялық жағдайы да жатады.

Жаңа өңірлік саясаттың тағы бір маңызды бағыты өңірлік аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру болып табылады, ол ұлттық экономиканың экономнкалық өсуінін ең маңызды орталықтары болып табылатын урбанизациялану үдерістері мен агломерациялардың дамуын ынталандыруды және реттеуді, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтиды.

Агломерация - тұрақты өндірістік, мәдениетті-тұрмыстық және өзге байланыстармен бір-бірімен біріккен, сондай-ақ аумақтық араласып кетуге бейім бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көп орталықты) өзек-қалалардың айналасында орналасқан елді мекендердің урбанизациялық жинақталуы.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание