Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 19996 жылғы 4 қаңтардағы N 13 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.11.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Апатқа ұшыраған немесе ұшыраудағы әуе кемелерiнiң құрамдары мен жолаушыларын iздеу мен құтқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру, халықаралық конвенциялар мен шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн толық көлемде орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволары мен авиакомпанияларының әуе кемелерi бар iздеу-құтқару қызметтерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
3. Iздеу-құтқару шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу, Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметiнiң жұмысын дамыту мен үйлестiру жөнiнде жедел басшылық жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң жанында әуе кемелерi бар министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың өкiлдерiнен Авиациялық iздеу мен құтқару жөнiнде үйлестiру кеңесi құрылсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштерiнiң қолбасшысы Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып тағайындалсын.
Toggle Dropdown
5. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың келiсiмiмен бiр ай мерзiм iшiнде Үйлестiру кеңесiнiң құрамын анықтасын және Үкiметтiң бекiтуiне ұсынсын.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Үкiметiнiң
Toggle Dropdown
1996 жылғы 4 қаңтардағы
Toggle Dropdown
N 13 қаулысымен
Toggle Dropdown
БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық
iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) туралы
ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
I. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) - бұл иелiгiнде әуе кемелерi бар министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың iздеу және құтқару авиациялық қызметтерi, апаттық-құтқарушылық және парашюттық-десанттық қызметтерi.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының БАIҚҚ апатқа ұшыраған немесе ұшыраушы әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу және құтқаруды, қонғаннан кейiн ғарыш объектiлерiнiң түсiретiн аппараттары мен ғарышкерлердi iздеу мен эвакуациялауды, теңiз айлақтары мен су айдындарындағы кемелер мен корабльдердiң жеке құрамдарын және экипаж мүшелерi мен жолаушыларға апат жағдайларында көмек көрсетудi ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тапсырмасы бойынша апаттар мен ауыр апаттар, дүлей және экологиялық апаттар кезiндегi жұмыстарды орындау үшiн құрылады.
Toggle Dropdown
Оның қызметiне жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Авиациялық iздеу мен құтқару жөнiндегi үйлестiру кеңесiне (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) жүктеледi.
Toggle Dropdown
II. БАIҚҚ басқару органы -Үйлестiру кеңесi
Toggle Dropdown
3. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы мен әуе кемелерiн пайдаланатын және iздеу-құтқару күштерi мен құралдары бар министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыштық агенттiгiнiң өкiлдерiнен құралады.
Toggle Dropdown
4. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi.
Toggle Dropdown
Үйлестiру кеңесiнiң дербес құрамын мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және авиакомпаниялардың бiрiншi басшыларының келiсiмiмен оның төрағасы анықтайды және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерiнiң (ӘӘК) қолбасшысы Үйлестiру кеңесiнiң Төрағасы болып тағайындалады.
Toggle Dropdown
5. Үйлестiру кеңесiне мыналар жүктеледi:
Toggle Dropdown
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, авиакомпаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери түрлерi мен тектерiнiң Авиация мен ғарыш объектiлерiнiң ұшуларында iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi (ҰIҚҚ) қызметiн үйлестiру, осы жұмыстың жай-күйiн бақылау және бұдан әрi оны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлi салаларындағы апаттан құтқару қызметтерi мен өзара iс-қимылды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
бiрлескен iздеу-құтқару және iздеу-эвакуациялау жұмыстарын жүргiзуде шетел мемлекеттерiнiң апаттан құтқару қызметтерiмен келiсiмдердi және шарттарды әзiрлеу;
Toggle Dropdown
iздеу, құтқару және эвакуациялаудың және техникалық құралдарын пайдалануға енгiзу мен әзiрлеу, тапсырысқа беру кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзу, сондай-ақ iздеу-құтқару техникасы мен жабдықтарының жаңа үлгiлерiн сынақтан өткiзуге қатысу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы министрлiгiнiң, ведомстволарының және авиакомпанияларының авиациялық iздеу-құтқару қызметтерi үшiн ұйымдастырушылық және әдiстемелiк мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және авиакомпаниялардың әуе кемелерiнiң ұшуларындағы iздеу-құтқаруды қамтамасыз етудiң жай-күйiн бақылау, оны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау;
Toggle Dropdown
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) және Халықаралық теңiз ұйымының (ИМО) ережелерi мен ұсынымдарын ескере отырып, әуе кемелерiнiң ұшуларындағы iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету жөнiнде халықаралық келiсімдердiң жобасын әзiрлеу;
Toggle Dropdown
iздеу-құтқару ұшақтары мен тiкұшақтарының экипаждарын, парашюттық-десанттық құтқару топтарын (ПДҚТ), жердегi iздеу-құтқару командаларын (ЖIҚҚ), апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу әдiстерi мен көмек көрсету жөнiнде апаттан құтқару командаларын (АҚҚ) арнайы дайындықтан өткiзуге бақылау.
Toggle Dropdown
6. Үйлестiру кеңесiне мынадай құқықтар берiледi:
Toggle Dropdown
сараптамалар жүргiзу және кеңес алу үшiн тиiстi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен авиакомпаниялар арқылы бiлiктi мамандарды тарту;
Toggle Dropdown
БАIҚҚ мүддесi үшiн зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының авиациясы ұшуларының iздеу-құтқарылуын қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды қарау;
Toggle Dropdown
Үйлестiру кеңесi қабылдаған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, авиакомпанияларда және әскерлерде ұшулардың iздеу-құтқаруын қамтамасыз етудiң жай-күйiн тексеру;
Toggle Dropdown
ұшулардың iздеу-құтқаруын қамтамасыз етудегi анықталған тәртiп бұзушылық пен кепiлдiктердi жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беру;
Toggle Dropdown
iздеу-құтқаруға қатысты қамтамасыз етiлмеген авиациялық бөлiмшелер мен әуе кемелерiнiң ұшуларына тыйым салу.
Toggle Dropdown
7. Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, авиация қызметi мен ұшулардағы iздеу-құтқаруын қамтамасыз етудi реттейтiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк актiлерiн және халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияның стандарттары мен ұсынымдарын, iздеу мен құтқару саласындағы қатысушы осы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық және мемлекетаралық келiсiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
8. Үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсi кемiнде 6 айда 1 рет өткiзiледi.
Toggle Dropdown
Үйлестiру кеңесiнiң шешiмi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және өз қарамағында әуе кемелерi бар және оны пайдаланатын барлық министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және авиакомпаниялардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Toggle Dropdown
III. БАIҚҚ мақсаттары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасының БАIҚҚ мыналар жүктеледi:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған (ұшыраушы) әуе кемелерiнiң мемлекеттiк қатыстылығына қарамастан экипаждары мен жолаушыларын, сондай-ақ теңiз айлақтары мен iшкi су айдындарында апатқа ұшыраған кемелердi iздеу мен құтқаруды ұйымдастыру, жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
ғарышкерлердi және ғарыш объектiлерiнiң түсiретiн аппараттарын iздеу мен эвакуациялауды ұйымдастыру және жүргiзу, сондай-ақ шартпен анықталған ғарыш объектiсiнiң орнынан ғылыми аппаратураны әуежайға жеткiзу;
Toggle Dropdown
iздеу және құтқару халықаралық жасанды жер серiгiнiң жүйесi (КОСПАС-САРСАТ) арқылы алынған апат белгiлерi туралы хабарды командалық пункттерге, жауапты аудандардағы басқару пункттерiне жеткiзу;
Toggle Dropdown
соғыс iс-қимылдарының барысында апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждарын iздеу мен құтқаруды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш объектiсiнiң түсiретiн аппараты қонғаннан кейiн ғарышкерлерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетудi ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
жерге (суға) түскеннен кейiнгi ұшу құрамдарының iс-қимылдарын және оларды жеке өмiр сүру жағдайында тiршiлiк етуге дайындау;
Toggle Dropdown
теңiз айлақтары мен iшкi су жолдарындағы апат жағдайларында кемелердiң экипаждары мен жолаушыларына және корабльдердiң жеке құрамына көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарға авиациялық құралдарды пайдаланып қатысу.
Toggle Dropdown
10. БАIҚҚ Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және экологиялық апаттар кезiнде апаттан құтқару жұмыстарына авиациялық құралдарды тартып қатысады.
Toggle Dropdown
IV. Iздеу мен құтқаруды ұйымдастыру
Toggle Dropdown
11. Iздеу-құтқару жұмыстарына мыналар енедi:
Toggle Dropdown
кезектi iздеу-құтқару күштерi мен құралдарының ұшуын (шығуын) ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу;
Toggle Dropdown
iздеу-құтқару күштерi мен құралдарын басқару, олардың өзара iс-қимылдары мен күшейтiлуiн ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларына және корабльдердiң жеке құрамына көмек көрсету.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын құтқару жөнiндегi барлық жұмыстарды ұйымдастыруға жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерiнiң қолбасшысы - Үйлестiру кеңесiнiң төрағасына жүктеледi.
Toggle Dropdown
13. Апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу мен құтқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi басшылықты Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы Авиация мен ғарыш объектiлерiнiң ұшуларындағы iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету жөнiнде жедел топты пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
14. Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитетiнiң Қарулы күштер түрлерiнiң әуе кемелерiндегi ұшуларда iздеу-құтқаруды тiкелей ұйымдастыру ұшуларды ұйымдастыратын тиiстi командирлер мен басшылар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
15. Iздеу-құтқару жұмыстарын (IҚЖ) дербес немесе әуе алаңдарындағы, әуежайлардағы және авиациялық полигондардағы авиақұралдарды пайдаланып жүргiзу үшiн штаттық және штаттан тыс жерде iздеу-құтқару командалары құрылады.
Toggle Dropdown
16. Жергiлiктi атқарушы органдар, әскери комиссариаттар, кәсiпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының БАIҚҚ өкiлеттi тұлғалары сұрау салған кезде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету үшiн қажеттi күштер мен құралдарды бөледi.
Toggle Dropdown
17. Ғарышкерлер мен ғарыш объектiлерiнiң түсiретiн аппараттарын iздеу мен эвакуациялау мемлекетаралық келiсiмдердiң және шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады, мұндай жағдайда iздеу-эвакуациялау жұмыстарын (IЭЖ) ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi айқындайды.
Toggle Dropdown
18. Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемелерiнiң ұшуларындағы iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету үшiн жауаптылық аудандары белгiленедi. Аудандардың шекарасы Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағындағы ұшуларды iздеу-құтқаруды қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта белгiленедi.
Toggle Dropdown
19. Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу және құтқаруды қамтамасыз ету үшiн кезекшiлiк ұйымдастырылады:
Toggle Dropdown
белгiленген жауаптылық аудандарында авиациялық бөлiмдермен, бөлiмшелермен, авиакомпаниялармен және министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер кәсiпорындарынан бөлiнген ұшақтардың, тiкұшақтардың және ЖIҚҚ, АҚК;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының ЭҚҚ командалық пунктiнде (КП) авиация ұшуларын iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi оперативтiк топтың және ӘҚҚ КП бөлiмдерi мен бөлiмшелерi расчеттарының, Әуеге қарсы қорғаныс (ӘҚҚ), Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң (ШӘ).
Toggle Dropdown
20. Әуе кемелерiнiң ұшуларындағы iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету бойынша кезекшiлiк үшiн iздеу аппаратураларымен жабдықталған әуе кемелерi тартылады. Iздеуге ұшып шығу кезiнде оларда жабдықтар мен мүлiктер (жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес), сондай-ақ 2-3 құтқарушы, соның iшiнде дәрiгер болуы тиiс.
Toggle Dropdown
21. Iздеу-құтқару жұмыстарын (IҚЖ) орындау кезiнде АҚК және ЖIҚК авиациялық құралдары, сондай-ақ министрлiктерден, ведомстволардан және ҚК түрлерiнен қосымша бөлiнген күштер оперативтiлiгi жағынан IҚЖ басшысына бағынады.
Toggle Dropdown
Қажеттi күштер мен құралдарды бөлу мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың келiсiмiмен жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
22. Апат белгiсiн алған кезде кезекшi авиациялық құралдардың әуеге ұшу, сондай-ақ олардың әзiрлеген тексеру құқығы мыналарға берiледi:
Toggle Dropdown
авиациялық бөлiмдердiң командирлерiне, КП оперативтi кезекшiлерiне, (ОӨДҚ) орталық өндiрiстiк диспетчерлiк қызметтiң кезекшiлерiне, авиакөлiк кәсiпорындары мен авиакомпаниялардың басшыларына, ал ұшуларды жүргiзу кезiнде - осы күштер қарамағындағы ұшу басшыларына;
Toggle Dropdown
өздерiнiң жауапкершiлiк аудандарында IҚЖ тiкелей басшылық ету үшiн тағайындалған командирлерге, бастықтарға;
Toggle Dropdown
ҚК түрлерiнiң командалық пункттерiне, министрлiктер мен ведомстволардың (жергiлiктi басқару органдары арқылы) орталық және аймақтық басқару органдарына.
Toggle Dropdown
V. Өзара iс-қимылды ұйымдастыру
Toggle Dropdown
23. Теңiзде және iшкi су айдындарында апатқа ұшыраған теңiз кемелерiнiң, әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу және құтқару Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы бекiтетiн Қазақстан Республикасы құтқару қызметтерiнiң, бөлiмшелердiң, министрлiктер және мемлекеттiк комитеттердiң күштерi мен құралдарының өзара iс-қимылдары жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
24. Табиғи және экологиялық апаттар кезiнде авиациялық құралдармен көмек көрсету жөнiндегi жұмыстар авиациялық құралдардың тактикалық-техникалық ерекшелiктерi ескерiлiп, мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың келiсiмiмен БАIҚҚ орындалады.
Toggle Dropdown
VI. Апатқа ұшыраған немесе ұшыраушы әуе кемелерi туралы хабарлауды ұйымдастыру
Toggle Dropdown
25. Әуе кемелерiнде апат жағдайы туындаған кезде басқару арналары бойынша, сондай-ақ халықаралық байланыс регламентiмен белгiленген апаттық жиiлiктер бойынша апат белгiлерi берiледi. Барлық министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң апатқа ұшыраған теңiз кемелерi УҚТ жиiлiктерiмен апат белгiлерiн бередi.
Toggle Dropdown
26. Апатқа ұшыраған әуе кемелерiнен берiлетiн апат белгiлерiн уақтылы қабылдау және ұстау үшiн кезекшiлiк белгiленедi:
Toggle Dropdown
тәулiк бойы арнайы бөлiнген қабылдау жиiлiктерiндегi ВВС жүйесiнiң радиопеленгаторлық ҚТ және апат туралы белгi алынғаннан кейiн апаттық жиiлiктерде;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының ВВС, ПВО ПВ жұмыс iстеп тұрған әуежайларында, тәулiк бойы азаматтық авиация әуежайындағы УҚТ пеленгаторларында;
Toggle Dropdown
әскери қызмет аудандарында орналасқан құтқару кемелерiнде, тәулiк бойы ОТ және ҚТ диапазондарының апаттық жиiлiктерiнде және ұшуларды жоспарлайтын ұйымдардың тапсырысы бойынша УҚТ жиiлiктерiнде.
Toggle Dropdown
VII. БАIҚҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
27. Iздеу және құтқару авиациялық қызметтерiн ұстау және дамыту, талдамалар мен жаңа iздеу құралдарын енгiзудi қаржыландыру - қарамағында әуе кемелерi бар тиiстi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және авиакомпаниялардың қаржы есебiнен жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
28. Әуе кемелерiнiң барлық түрлерiн апаттан құтқару мүлiктерiмен, жабдықтарымен, жарақтармен, iздеу ұшақтары мен тiк-ұшақтарды iздеу аппараттарымен жабдықтау, сондай-ақ iздеу экипаждарын дайындауды қарамағында немесе меншiгiнде әуе кемелерi бар министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және ұйымдар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
29. Апатқа ұшыраған, сондай-ақ табиғи және экологиялық апаттар кезiнде әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу және құтқару жөнiнде жұмыстарды Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаржы есебiнен министрлiктер және мемлекеттiк комитеттер орындайды.
Toggle Dropdown
30. Iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде министрлiктер, ведомстволар және авиакомпаниялар өзара келiсiп республикалық бюджеттiң есебiнен iздеу-құтқару күштерi пайдаланатын әуежайларда ұшулары мен оларға бiрiншi кезекте қызмет көрсетудi, қажеттi байланыс құралдары мен радиотехникалық жабдықтар берудi, сондай-ақ жеке құрамда орналастыру мен азық берудi қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
31. Iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi БАIҚҚ тапсырысы бойынша (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi байланыс әскерiнiң бастығы арқылы), келiсiлген тiзiм бойынша уақытша жалдауға телефон арналарын және әуежайлары мен елдi мекен пункттерiндегi радиостанцияларын бередi, БАIҚҚ мамандарының iздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшiн жол жүрген кезiнде олардың кезексiз тасымалдануын қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
32. Әуе кемелерiнiң жолаушыларын, экипаж мүшелерiн және олардың мүлiктерiн ерiксiз қонған (құлаған) жерiнен эвакуациялау - олар қарайтын министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, авиакомпанияларының күштерiмен және құралдарымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
33. Теңiз айлақтарында және iшкi су айдындарында апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждарын iздеу мен құтқаруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы БАIҚҚ тапсырысы бойынша кемелердi және басқа жүзу құралдарын бөледi.
Toggle Dropdown
34. Iздеу-құтқару жұмыстары мен оқиға болған жердi қоршау үшiн қажеттi, жердегi және жүзу көлiк құралдарын, әскери бөлiмдердiң жеке құрамдарын мүдделi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және авиакомпаниялармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бөледi.
Toggle Dropdown
35. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс авиация ұшуларының iздеу-құтқарумен қамтамасыз етiлуi қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын тиiстi халықаралық және мемлекетаралық келiсiмдердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел мемлекеттерiнiң әуе кемелерiнiң iздеу-құтқарумен қамтамасыз етiлуi Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының әуе кемелерiмен тең негiзде жүзеге асырылады.