• Мое избранное
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 10

Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 Қаулысы

Редакция 04.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 98-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Біртұтас авиациялық іздеу-құтқару қызметі (БАІҚҚ) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 4 қарашадағы
 № 1296 қаулысымен
 бекітілген
  • 5
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1353 Қаулысымен (04.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК), сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды қамтамасыз етудің іздестіру-құтқару қызметін бірлесіп құратын барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерінің, КОСПАС-САРСАТ іздестіру мен құтқарудың халықаралық спутниктік жүйесінің іздестіру мен құтқарудың байланыс пункттері, ӘК пайдаланушылар мен әуежайлардың арасында жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады және қамтамасыз етіледі. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің схемасы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидаларда:
1) авариялық хабардар ету тәртібі, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру схемасы;
2) персоналға және әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарын, іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, әуе кемелері мен әуежайларды пайдаланушыларды қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақтандыруға қойылатын талаптар;
3) іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) (бұдан әрі – ІҚО (Ж)) жүргізу жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі;
4) барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының, әуе қозғалысын басқару органдарының, КОСПАС-САРСАТ іздестіру мен құтқарудың халықаралық спутниктік жүйесінің іздестіру мен құтқарудың байланыс пункттерінің, мемлекеттік органдардың іздестіру-құтқару командаларының, іздестіру, авариялық-құтқару қызметтерінің, ӘК пайдаланушылардың және әуежайлардың арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) азаматтық авиация ұйымдары ІҚО (Ж) жүзеге асырған және оларды қамтамасыз етуге қатысқан жағдайда, олардың шығындарын өтеу тәртібі айқындалады.
4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) авариялық кезең – әртүрлі жағдайлар кезіндегі айқынсыздық кезеңін, алаңдаушылық кезеңін немесе апат кезеңін білдіретін жалпы термин;
2) авариялық жағдай – әуе кемесін мәжбүрлі түрде қондыру қажет болатын ұшудағы ерекше жағдай немесе апаттық жағдайға ұласып кетуді болғызбау үшін экипажға физикалық және психологиялық ауыртпалық түсіретін және одан жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін жағдай;
3) алаңдаушылық кезеңі – оның кезінде әуе кемесі мен оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіп бар жағдай;
4) апат кезеңі – әуе кемесіне және оның бортындағы адамдарға елеулі және тікелей қауіп төніп тұрғанына немесе жедел көмектің талап етілетіндігіне негізді сенімділіктің болуымен сипатталатын жағдай;
5) айқынсыздық кезеңі – әуе кемесінің және оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігіне қатысты сенімсіздіктің болуымен сипатталатын жай-күй;
6) галс – әуе кемесінің бұрылыстан бұрылысқа дейінгі жол сызығы;
7) жердегі іздестіру-құтқару командасы (бұдан әрі – ЖІҚК) – арнайы оқытылған персоналдан тұратын және ІҚО (Ж) жүргізуге арналған жабдықтармен жарақталған команда;
8) квадрат – іздестіру мен құтқару ауданының шекараларындағы төрт жағы бірдей тікбұрыш нысанындағы жер;
9) қауіпті жүктер – адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) құтқару – апатқа ұшырау жағдайындағы адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық немесе өзге де көмек көрсету және оларды қауіпсіз орынға жеткізу мақсатындағы операция;
11) парашюттік-десанттық құтқару тобы (бұдан әрі – ПДҚТ) – парашютпен секіруге дайындалған мемлекеттік авиацияның авиациялық құтқарушыларынан және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын тұратын, ІҚО (Ж) өткізуге арналған жарақтармен жарақтандырылған және іздестіру-құтқару ӘК бортында орналасқан топ;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2017 жылғы № 663 Қаулысына сәйкес (12.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-1) авариялық-құтқару құралымы (бұдан әрі – АҚҚ) – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;
4-тармақ 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) тіркеу мемлекеті – тізіміне ӘК енгізілген мемлекет;
13) Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – іздестіру-құтқару қызметінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға жәрдем көрсету үшін, Қазақстан Республикасының іздестіру және құтқару аудандарының шегінде ІҚО (Ж) жүргізуді үйлестіру үшін жауапты орган;
14) Щ-код – ӘК экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) және әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – ӘҚБ) органдарының диспетчерлері арасындағы, сондай-ақ әуежайлар арасындағы байланыс үшін кодтық таңбалау мен қысқарту;
15) авиациялық іздестіру мен құтқару күштері мен құралдары – экипаждары және құтқару мен тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар ӘК, ПДҚТ авариялық-құтқару мүлкімен және жарақтарымен, сондай-ақ оларды апат орнына десанттау құралдары (парашют жүйелері, құтқару контейнерлері, парашюттік платформалар) бар АҚҚ және ПДҚТ;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) іздестіру мен құтқарудың қосалқы орталығы (бұдан әрі – Қосалқы орталық) – Үйлестіру орталығына бағынатын, соңғысын толықтыру үшін құрылған орган;
17) іздестіру – әдетте Үйлестіру орталығы немесе Қосалқы орталық үйлестіретін, қолда бар персонал мен апатқа ұшырау жағдайындағы адамдардың орналасқан орнын анықтауға арналған құралдар пайдаланылатын операция;
18) ІҚО (Ж) – апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
19) іздестіру-құтқару ӘК – ІҚО (Ж) жүргізу үшін арналған арнайы жабдықпен және арнайы мүлікпен жарақтандырылған кез келген ӘК, сондай-ақ арнайы жабдықтарсыз ІҚО (Ж) жүргізуге тартылатын ӘК;
20) іздестіру-құтқару қызметі – авариялық мониторинг, байланыс, үйлестіру, іздестіру мен құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету немесе мемлекеттік және жеке меншік ресурстарды, оның ішінде өзара іс-қимыл жасайтын әуе, теңіз және басқа да кемелер мен қондырғыларды пайдалана отырып, медициналық себептер бойынша эвакуациялау функцияларын жүзеге асыру;
21) іздестіру-құтқару күштері мен құралдары – олардың экипаждары, құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар іздестіру-құтқару әуе кемелерін, авариялық-құтқару мүлкі, оларды апат орнына жеткізу жарақтары мен құралдары бар ПДҚТ және ЖІҚК, байланыс, бақылау және басқару органдары мен пункттерін қамтитын ұғым;
22) мемлекеттік авиация басқармасының пункті – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
23) іздестіру және құтқару ауданы (бұдан әрі – ІҚА) – оның шегінде ІҚО (Ж), сондай-ақ іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігі қамтамасыз етілетін айқындалған көлемдегі аймақ;
24) NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсету мен қағидаларды қолданысқа енгізу, олардың жай-күйі немесе өзгерісі туралы ақпаратты немесе олар туралы уақтылы ескертудің ұшуларды орындауға байланысты персонал үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
25) ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы үйлестіруші – нақты бір ауданда ІҚО (Ж) үйлестіру үшін тағайындалған адам;
26) ІҚО (Ж) үйлестіруші – нақты орын алған немесе болжамды авариялық жағдайға байланысты ден қою шараларын үйлестіру үшін уақытша тағайындалған лауазымды адам;
27) ӘК үйлестіруші – ІҚО (Ж) үйлестірушіге және ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы үйлестірушіге қолдау көрсету мақсатында бірнеше ӘК-нің ІҚО (Ж) қатысуын үйлестіретін адам немесе адамдар тобы;
28) КОСПАС-САРСАТ жүйесі – 406 МГц жиілігінде сигнал тарататын авариялық маяктарды анықтауға арналған халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесі;
28-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) кезекші іздестіру-құтқару ӘК – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіптік даярлығы және авиациялық іздестіру мен құтқаруды орындауға рұқсат берілген экипажы бар дайындалған іздестіру-құтқару ӘК.
Қағидалар 29-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.10.2017 жылғы № 663 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
30) теңізде құтқару үйлестіру орталығы – кемелерден апат сигналдарын қабылдауды және оларды құтқару операцияларын жүргізуге жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтеріне беруді (қайта беруді) қамтамасыз ету үшін өз қызметін навигациялық орталық базасында жүзеге асыратын ұйым;
4-тармақ 30-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.04.2026 жылғы № 302 Қаулысына сәйкес (өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)