• Мое избранное
Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 маусымда № 6991 тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 31.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің 
міндетін атқарушы                          Е. Дүйсенбаев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Қоршаған opтаны 
қорғау министрі 
       Н. Әшім __________ 
2011 жылғы 10 мамыр
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2011 жылғы 21 сәуірдегі
 № 216 бұйрығымен
 бекітілген
  • 3
Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Реттеу мәні, ұғымдар және терминдер
1. Осы Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Кеме қатынасының тіркелімі) пайдаланудағы кемелердің жүзу қауіпсіздігін, жолаушылар мен кеме экипажының өмірін және денсаулығын қорғау, тасымалданатын жүктердің, кемелердің экологиялық қауіпсіздігін сақтауға жағдай жасау мақсатында, аталған кемелерді куәландыру тәртібін, мерзімін және көлемін белгілейді, сондай-ақ кеменің техникалық жай-күйін анықтау үшін нормативтерді қамтиды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар және терминдер қолданылады:
1) арнайы персонал – жолаушы, экипаж мүшесі немесе бір жастан аспаған бала болып табылмайтын, бортта кеменің арнайы міндетіне байланысты осы кеменің борт жұмыстарын орындауға арналған тұлға;
2) арнайы міндеттегі кеме - бортында 12 адамнан жоғары арнайы персоналы бар кеме (ғылыми-зерттеу, экспедициялық, гидрографикалық, оқу кемелері, су ортасының биологиялық ресурстарын өңдеуге арналған және тормен орын алмаған кеме);
3) ақаулық – дұрыс емес реттеу, жанасудағы шамадан тыс саңылау, бақылау өлшеу аспаптары бас тартуы себеп болатын және кейбір жағдайларда шу, тарсыл, жоғарғы температура қоса жүретін, жұмысқа қабілеттілігін сақтау кезінде нормативтік құжат талаптарының ең болмаса біреуін қанағаттандырмайтын объектінің жағдайы;
4) ас қалдықтары – алдыңғы аспаздық өңдеудің тамақтың жиынынан құрылған қалдықтар, қайта өңделмеген қалдықтардан тұратын қоқыс түрі;
5) балық аулайтын кеме – тікелей балық аулауға, сондай-ақ су ортасының басқа да биологиялық ресурстарын өндіру үшін қолданылатын кеме;
6) бас тарту – объектінің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуын қорытындылайтын оқиға;
7) бонды қоршау – су бетінде қалқитын мұнайдың таралуын болдырмау үшін және оның қозғалу бағытын өзгерту үшін және келесі жиналуын болдырмайтын құрылғы; 
8) дедвейт – белгіленген жазғы су үсті бортына және бос су ығыстыруға сәйкес, конструктивтік ватерсызық бойынша кеменің отыруы кезіндегі су ығыстыру арасындағы айырмашылық;
9) жасалу үстіндегі кеме – кильді салған сәттен бастап жүзуге жарамдылығы туралы куәлікті және басқа да Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын алуға дейінгі жасалынып жатқан кеме;
Кильді салу сәтінен бастауды, осы кемеге қатыстыны немесе кеме корпусының жиналған бөлігінің көлемі корпус материалдарының барлық есептік көлемінің кемінде 1 % құрайтынын анықтауға мүмкіндік беретін жасаудың басталуы болып табылады.
10) жиналмалы цистерна (бұдан әрі - танк) - зиянды заттармен ластанған, өңделмеген сұйықтықты жинауға және сақтауға арналған сыйымдылық;
11) жолаушылар сыйымдылығы – ерекшелігіне және Кеме қатынасының тіркелімі ерекшелігі және құжаттарына сәйкес осы жолаушылар кемесінде немесе жүріп-тұратын кемеде тасымалдауға рұқсат етілетін жолаушылар санының едәуір саны;
12) жүзбелі кран – жүк көтеру операциялары өндірісіне арналған, понтон типті жүзбелі негіздегі крандық құрылыс;
13) жүк кемесі – жүктерді (құрғақ, құйма, құрамдастырылған, рефрижераторлық, кәсіптік-көліктік) тасымалдауға арналған кеме;
14) жүріп-тұратын кеме – 12 адамнан көп емес жолаушыларды тасымалдауға арналған кеме;
15) зақымдану – өзінің артынан тартумен кеме аралық және техникалық жай-күйінен жұмысқа қабілеттілігінен техникалық құрал жұмысқа қабілетсіз немесе жұмыс қабілетіне шек қойылған соңғы оқиғаны сипаттау үшін шартты түрде қолданылатын термин.
Қаптаудың, төсеніштің немесе корпус жинағының үзілуі мен жарамайтын түрінің өзгеруі, бөлшегінің сынуы, кеменің техникалық құрал түйіндерінің бұзылуы-бүліну деп есептеледі;
16) зиянды заттар – шығару газының құрамында болатын және оларға жағымсыз немесе адам және қоршаған ортаға зиянын келтіруге тән зат, оксид көміртегі (СО), азот оксидтері (Nox), және көмірсутектер (CH);
17) инсинератор – қоқысты, мұнайлы шламды, пайдаланған судың қалдықтары мен шламды термиялық жоюға (өртеуге) арналған арнайы кеме пеші;
18) итергіш – тізбектік құрылғысы бар және басқа кемелерді және жүзбелі құрылыстарды итеру тәсілімен жүргізуге арналған кеме;
19) Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы – ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау Кеме қатынасы тіркелімімен келісу арқылы техникалық құжаттарды құру кезінде, қатынасты реттейтін, қайта жабдықтау, кемені жасау және қайта өңдеу, жаңғырту, жасау, қайта өңдеу, жаңғырту кемелерде орнату үшін бұйымдарды әзірлеу және өңдеу Кеме қатынасының тіркелімі техникалық бақылауды іске асырады, қайта жабдықтау, кемелерді үлгілеу және жөндеу, әзірлеу және бұйымды жөндеу және кемелерге орнату үшін материалдарды дайындау, пайдаланудағы кемелерді куәландыру;
20) Кеме қатынасының тіркелімі Қағидасына осы Қағидада қолданылған мынадай нормативтік құқықтық актілер жатады:
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген, Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 тіркелген) (бұдан әрі - ІСЖКЖҚ);
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген), (бұдан әрі - АСЖКЖҚ);
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 тіркелген) Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы (бұдан әрі – Кемелерді сыныптау қағидасы);
21) кеме экипажы – кеме ролін қосылған, басқаруды, қозғалысты, беріктігін және кеме экипажы сияқты қызмет етуші персоналдарды қоса алғанда, жолаушыларды да, кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар;
22) кеме элементтері – Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасында регламенттейтін кеменің құрылымдық бөлшектері: корпус, қондырмалар, кеме құрылғылары, жабдықтар, жабдықтаушы заттар, өртке қарсы қорғаныс құралдары, қозғалтқыштар, қазандар, жүйелер, жылу айналым аппараттары, күштелген, палубалық механизмдер, электр жабдықтары, радио және навигациялық жабдықтар, мұздатқыш қондырғылар, автоматтау құралдары, жүк көтергіш қондырғылар, ластанудың алдын алатын жабдық;
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
23) КОСПАС-САРСАТ – авариялық жағдайда кемелерде орнатылған дербес радиобуй және радиобуй авариясын және орналасқан координатасын хабарлау үшін әзірленген спутник жүйесі;
24) көлемді қайта жабдықтау – кеменің мөлшері және жүк көтерілімділігі елеулі өзгеретін, кеменің қызмет мерзімі айтарлықтай ұзаратын, бірақ, ол жаңа болған дәрежедегідей, жоғарыда көрсетілгенге қарағанда кеме басқа жолмен өзгеретін, олай болса, қайта жабдықтауға дейін оған қолданылмаған Қағидаға сәйкес жағдайының әрекетіне түсетін кемені қайта жабдықтау;