• Мое избранное
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 943 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 406 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 17 шілдедегі
 № 943 қаулысымен
 бекітілген
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – мемлекеттік кадастр) жүргізу мен ұстау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көздердің негізгі санаты – Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының немесе сіңірулерінің көлеміне ең көп үлес қосатындардың қатарына жатқызылатын экономиканың секторы немесе кіші секторы;
2) парниктік газдар шығарындылары – парниктік газдардың атмосфераға белгілі бір учаскеде және уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде босап шығуы;
3) парниктік газдарды сіңіру – атмосфералық ауадан парниктік газды сіңіретін үдеріс, тетік немесе табиғи кешен;
4) сапаны бақылау – парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын оны әзірлеу шамасына қарай сапасын өлшеу мен бақылауға арналған стандартты техникалық іс-шаралар жүйесі.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік кадастрды әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
4. Мемлекеттік кадастрды жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындылары саласындағы ғылыми-зерттеу қызметті жүргізетін мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
5. Жыл сайынғы мемлекеттік кадастрды дайындау есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан бастап жүзеге асырылады.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші жартыжылдығында жыл сайынғы негізде мемлекеттік кадастрды дайындаудың жыл сайынғы жоспарын бекітеді.
7. Мемлекеттік кадастрды дайындауға мемлекеттік органдар ұсынған осы Қағидаларға Қосымшада көрсетілген Парниктік газдардың шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және сіңіргіштермен абсорбциялауға әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы мәліметтер мен деректер тізбесі және табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодесінің 94-2 бабы 9-тармағына сәйкес ұсынатын парниктік газдарды түгендеу туралы есептері пайдаланылады.
2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібі
8. Жыл сайынғы мемлекеттік кадастрды жүргізу мынадай іс-шараларды іске асыруды қамтиды:
1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін бағалау үшін бастапқы деректері бар ақпараттарды жинау;
2) мемлекеттік кадастрдың алынған деректерін талдау және өңдеу, есептеулерін жүргізу және дайындау;
3) мемлекеттік кадастрдың сапасын бақылау және сапасын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту саласындағы халықаралық шартының талаптарына сәйкес бағалау рәсіміне арналған мемлекеттік кадастрды беру.
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік кадастрды дайындау мақсатында мемлекеттік кадастрды толық қалыптастыру үшін қажетті деректер мен мәліметтер бар және осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген және мемлекеттік органдардың тізбесін анықтайды.
10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың анықталған тізбесіне сәйкес оларға мемлекеттік кадастрды қалыптастыру үшін деректер ұсыну туралы сұраным жолдайды.
11. Мемлекеттік кадастрды дайындау үшін ақпарат сұратылатын мемлекеттік органдар тиісті cұраныс түскен сәттен бастап бір ай мерзімде сұрау салынған деректер мен мәліметтерді ұсынады.
12. Парниктік газдар шығарындыларының көздері болып табылатын, оның ішінде мемлекеттік кадастрды дайындау үшін пайдаланылатын қондырғы операторлары бойынша парниктік газдарды түгендеудің деректерін жинауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
13. Мемлекеттік кадастрды дайындауды мемлекеттік органдардан алынған деректерді жинау, талдау және өңдеу, сондай-ақ қондырғы операторларынан алынатын парниктік газдарды түгендеу деректері арқылы мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
14. Мамандандырылған ұйым климаттың өзгеруі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес мемлекеттік кадастрды бағалау рәсіміне ұсынуды қамтамасыз етеді.
15. Мамандандырылған ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік кадастрды ұсынғанға дейін сапаны қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізеді.
16. Сапаны қамтамасыз ету іс-шаралары сыртқы ұйымдарды, бейінді мемлекеттік органдар мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырылады.
3. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының мазмұны
17. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының құрылымы мыналарды қамтиды:
1) парниктік газдар шығарындыларының шығу көздері, олар шығарған шығарындылардың мөлшері, сондай-ақ секторлар бойынша парниктік газдар сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер:
парниктік газдар шығарындылары саласындағы үрдістер;
шығу көздерінің негізгі санаттарына шолу;
энергетика секторы бойынша шолу;
өнеркәсіптік үдерістер секторы бойынша шолу;
еріткіштер мен басқа өнімдерді пайдалану секторы бойынша шолу;
ауыл шаруашылығы секторы бойынша шолу;
жерді пайдалану, жерді пайдаланудың және орман шаруашылығының өзгеру секторы бойынша шолу;
қалдықтар секторы бойынша шолу;
басқа секторлар бойынша шолу;
қайта есептеулер мен жетілдірулер;
2) қондырғы операторлары, қондырғы операторлары үшін белгіленген шектер аясында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер:
қондырғы операторы қызметінің түрі;
қондырғының атауы;
қондырғының орналасқан жері, географиялық координаталары;