• Мое избранное
"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 14-1/358 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 шілдеде № 7091 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 18-06/1085 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Министр                                    А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 бұйрығымен бекітілген
 2011 жылғы 24 маусымдағы
 № 14-1/358
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.
Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ағаш кесу билеті – орман пайдаланушыға сүрек (кәделік және отындық қабығымен), кесім қалдықтарын (бұтақ отындар), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін құжат;
мемлекеттік қызмет көрсету – ағаш кесу және орман билетін беру;
орман билеті – жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар қажеттігі үшін пайдалануға құқық беретін құжат;
орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды және жеке тұлғалар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары ұсынады (бұдан әрі - орман иеленушілер).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мына негіздерде ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 36 бабы;
2) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысына (бұдан әрі - Өсіп тұрған сүректі босату ережесі);
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысы (бұдан әрі – Қаулы).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа органдардың қатысуы қарастырылмаған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет көрсету және ұсынылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - www.minаgri.gov.кz, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің интернет-ресурстарында - www.fhc.кz және орман иеленушілер кеңселерінің қабырға тақталарында берілген.
7. Мемлекеттік қызмет алуды күту уақытының максималды уақыты – 30 (отыз) минут;
мемлекетік қызмет алушыға қызмет көрсетудің максималды уақыты – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы ұсынылатын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды бір маман жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ағаш кесу билетін немесе оның дубликатын және орман билетін (қағаз жүзінде) беру немесе берілмейтіндігі туралы хат жүзінде дәлелді жауап беру болып табылады.
Қаулымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемінде ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
10. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар тізімін тапсыру керек.
11. Тұтынушының құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат, мемлекеттік қызмет алу күні және тіркелген нөмері мен күні көрсетілген талон болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) қабылданған құжаттар қарастырылады, орман иеленуші кеңсесінде маман қадағалауға алады;
2) тиісті түрде ресімделген, тіркелген құжаттар орман иеленушінің басшысына және содан кейін орман пайдалану жөніндегі инженерге беріледі;
3) орман пайдалану жөніндегі инженер тапсырылған құжаттардың дұрыс толтырылғанын және толықтығын тексереді, ағаш кесу және орман билетін жазып береді немесе орман иеленуші басшысының қолымен жазбаша түрдегі дәлелді бастарту дайындайды;
4) ресімделген ағаш кесу билетіне немесе орман билетіне орман иеленуші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырады.
13. Ағаш кесу және орман билеті бір нөмірмен үш дана толтырылады:
1) біріншісі – тұтынушыға беріледі, ол оны орман пайдаланудың соңына дейін сақтайды және орман иеленуші, орман шаруашылығы саласының уәкілетті органдары мен оның аймақтың органдарының лауазымды тұлғаларының, орман және табиғат күзетін бақылаудың мемлекеттік бақылау органдары өкілдерінің талаптары бойынша көрсетіледі;
2) екіншісі – орманшылыққа жіберіледі, ол участокты беру, орман пайдалануға рұқсат беруге негіз болады және орманшы оны орман иеленушіге ағашы кесілген жерді куәландыру актісімен бірге тапсырады;
3) үшіншісі – орман иеленушіде қалдырылады, оны операция біткені туралы толтырылған ағашы кесілген жер мен сүрек дайындалғанын куәландырған актісімен және басқа орман пайдалану түрлерімен орман иеленушінің бухгалтерлік есеп қызметі бөліміне сақталуы үшін өткізіледі.
14. Ағаш кесу және орман билеті компьютердің көмегімен толтырылады, ол болмаған жағдайда – көк түсті шарикті қаламмен толтырылады, түзетуге жол берілмейді.
15. Ағаш кесу немесе орман билетін берер кезде орман иеленуші тұтынушыны Өсіп тұрған сүректі босату ережесімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02171 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6840 тіркелген Қазақстан Республикасы ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырады, ол туралы тұтынушы билетке қол қояды.
16. Ақпарат қауіпсіздігін талап ету қарастырылмаған.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттестірілген (бұдан әрі – ҚФБ):
1) кеңсе маманы;
2) орман иеленуші басшысы;
3) орман пайдалану жөніндегі инженері.
18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
19. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
 мемлекеттік қызметі регламентіне
 1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
 

Негізгі процестің (жұмыс барысының, легінің) іс-әрекеттері
1 Іс-әрекеттің № (жұмыс барысының, легінің) 1 2 3 4 5
2 ҚФБ атауы Канцелярия маманы Орман иеленуші басшысы Орман пайдалану жөн індегі инженер Орман иеленуші басшысы Орман пайдалану жөніндегі инженер
3 Іс-әрекеттің атауы (процестің, рәсімнің, операцияны ) және олардың сипаттамасы Өтініштердің , ұсынылатын құжаттарды қабылдау, көшірмелерді түпнұсқалармен салыстыру, журналға тіркеу Ұсынылған құжаттармен танысу Ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресімделу дұрыстығын тексеру Қаралған құжаттармен танысу Ағаш кесу және/немесе орман билетін (дубликатын) тұтынушыға беру
4 Аяқталу нысаны (мә ліметтер, құжат, ұ йымдастыру-өкімдік шешім) Тұтынушыға талон беру Қарарды қою Ағаш кесу жә не/немесе орман билетін (дубликатын) жазып беру, немесе дәлелді бас тарту дайындау Ресімделг ен құжатқа қол қою және мөр мен куә ландыру Тұтынушы ағаш кесу немесе орман билетіне қол қою
5 Орындау мерзімі 30 минут 1 күн 1 күн 1 күн 30 минут
2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
 Негізгі жұмыс барысы – мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім бекітілген жағдайда
 
Негізгі жұмыс барысы (барысы, жұмыс легі)
1 2 3 4 5
Канцелярия маманы Орман иеленуші басшысы Орман пайдалану жөніндегі инженер Орман иеленуші басшысы Орман пайдалану жөніндегі инженер
№1 іс-әрекет
Өтініштерді, ұсынылатын құжаттарды қабылдап, көшірмені түпнұсқамен салыстырып, журналға тіркеп, талон береді (30 мин)
№ 2 іс-әрекет
Ұсынылған құжаттармен танысады, қарады қояды (1 күн)
№ 3 іс-әрекет
Ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресімделу дұрыстығын тексереді, ағаш кесу және/немесе орман билетін (дубликатын) жазып береді, немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (1 күн)
№ 4
іс-әрекет
Ұсынылған құжаттармен танысады, ресімделген құжаттарға қол қояды және мөрмен куәландырады (1 күн)
№ 5
іс-әрекет
Ағаш кесу және/немесе орман билетін (дубликатын) тұтынушға беру, ағаш кесу және/немесе орман билетінде қол қояды (30 мин)
3–кесте. Пайдалану нұсқалары
 Баламалы процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім бекітілген жағдайда
 
Баламалы процесс (жұмыс барысы, легі)
Канцелярия маманы Орман иеленуші басшысы Орман пайдалану жөніндегі инженер
№ 1 іс-әрекет
Өтініштерді, ұсынылатын құжаттарды қабылдап, көшірмені түпнұсқамен салыстырып, журналға тіркейді және талон береді (30 мин)
№ 2 іс-әрекет
Ұсынылған құжаттармен танысады, қарарды қояды (1 күн)
№ 3 іс-әрекет
Ұсынылған құжаттардың толықтығын және дайындығын тексереді, ағаш кесу және/немесе орман билетін (дубликатын) жазып береді немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (1 күн)

№ 4 іс-әрекет
Дәлелді бас тартуға қол қояды
№ 5 іс-әрекет
Тұтынушыға дәлелді бас тартуды береді
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
 мемлекеттік қызметі регламентіне
 2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба