• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы N 1125 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн, әскери бөлiмдерi мен мекемелерiн бейбiт уақытқа арналған заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары; 
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын бейбiт уақытқа арналған ветеринарлық мүлiкпен жабдықтау нормалары; 
2. Тиiстi мемлекеттiк органдар тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде материалдық запастар мен мүлiктi сатып алуды кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.
1) "Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 265-құжат) 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 шiлдедегi N 788  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 28, 369-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2006 жылғы 27 қарашадағы
 N 1125 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерiн, әскери бөлiмдерi мен мекемелерiн бейбiт уақытқа арналған заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас қолбасшысын заттай мүлiкпен жабдықтаудың N 1 нормасы
 
Р/c N Заттар атауы Заттар саны
1. Киiм-кешек
1 Белгiленген түстi фуражка 1 дана
2 Қара қоңыр қорғаныш түстi берет 1 дана
3 Сұр түсті қаракөлден тiгілген құлақшын 1 дана
4 Сұр түсті қаракөлден тiгiлген жағасы мен погондары бар астары жылы белгiленген түстi пальто 1 дана
5 Погондары бар белгiленген түсті мундир мен балағы түсiңкi шалбар 1 жиынт
6 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель мен балағы түсiңкi шалбар 1 жиынт
7 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түстi жартылай жүн свитер 1 дана
8 Бүркенiш түстi далалық фуражка 1 дана
9 Погондары бар сыдырмалы бүркенiш түсті далалық күртеше мен тік пiшілген шалбар 1 жиынт
10 Сұр түcтi қаракөлден тiгiлген жағасы мен погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті маусымдық күртеше 1 дана
11 Сұр түстi қаракөлден тiгiлген жағасы мен погондары бар бүркенiш түстi сыдырмалы далалық күртеше мен астары жылы тiк пiшілген далалық шалбар 1 жиынт
12 Алып жүруге арналған белбеуі бар плащ-жамылғы 1 жиынт
2. Аяқ-киім
13 Iшi жылы қара түстi қысқа қонышты құрым етiк 1 жұп
14 Белгiленген түстi қысқа қонышты құрым бәтеңке 1 жұп
15 Қара түсті биiк қонышты бәтеңке 1 жұп
16 Қара түстi iшi жылы биiк қонышты бәтеңке 1 жұп
3. Іш киім 1 жұп
17 Погондары бар ақ түстi жейде 1 дана
18 Погондары бар caрғыш түсті жейде 2 дана
19 Погондары бар қысқа жеңдi сарғыш түстi жейде 2 дана
20 Қара түсті галстук 2 дана
21 Бүркенiш түстi футболка 1 дана
22 Іш киім 2 жиынт
23 Мақта-мата ұйық 3 жұп
24 Ақ түстi былғары қолғап 1 жұп
4. Жылы заттар
25 Жылы iш киiм 1 жиынт
26 Ақ түстi кашне 1 дана
27 Қара қоңыр қорғаныш түсті кашне 1 дана
28 Жүн ұйық 1 жұп
29 Ақ түстi іші жылы былғары қолғап 1 жұп
30 Қара түсті iшi жылы былғары қолғап 1 жұп
5. Амуниция
31 Алтын түстес салтанатты белдiк 1 дана
32 Шалбар белбеуі 1 дана
33 Галстукқа арналған қыстырма 2 дана
34 Алтын түстес аксельбант 1 дана
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқада әскерлерi мен әскери құралымдарының (Әскери-теңiз күштерiнен, жағалық қорғаныс бөлімдерiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерiнен басқа) жоғары офицерлер құрамын заттай мүлiкпен жабдықтаудың N 2 нормасы*
 
Р/с N № Заттар атауы Бір адамға заттар саны Кию мерзімі Осы затты берген кезде қолданылатын N
1. Киім-кешек
1 Жиек салынған көк барқын түсті фуражка 1 дана 4 жыл 1
2 Жиек салынған қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка 1 дана 2 жыл -
3 Қара түсті айнала жиекті көк барқын түсті фуражка 1 дана 5 жыл 2
4 Ақ түсті айнала жиегі бар барқын түсті фуражка 1 дана 5 жыл 2
5 Сұр түсті қаракөлден тігілген құлақшын 1 дана 2 жыл -
6 Жиек салынған қара қоңыр қорғаныш түсті пилотка 1 дана 2 жыл -
7 Белгіленген түсті берет 1 дана 2 жыл 3
8 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы мен погондары бар астары жылы қара қоңыр қорғаныш түсті пальто 1 дана 2 жыл 4
9 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы мен погондары бар астары жылы сұрғылт түсті пальто 1 дана 4 жыл 4
10 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы мен погондары бар сұрғылт түсті шинель 1 дана 5 жыл 2
11 Жиек салынған және погондары бар көк барқын түсті мундир 1 дана 4 жыл
12 Жиек салынған және погондары бар ашық сұр түсті мундир 1 дана 4 жыл -
13 Жиектер салынған және лампастары бар көк барқын түсті балағы түсіңкі шалбар 2 дана 4 жыл 1
14 Погондары бар ақ түсті мундир 1 дана 5 жыл 2
15 Погондары бар қара түсті мундир 1 дана 5 жыл 2
16 Жиектер салынған және лампастары бар қара түсті балағы етікке салынатын шалбар 1 дана 5 жыл 2
17 Жиектер салынған және погондары бар қара қорғаныш түсті китель 1 дана 2 жыл -
18 Жиектер салынған және лампастары бар қара қоңыр қорғаныш түсті балағы түсіңкі шалбар 3 дана 2 жыл -
19 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті күртеше 1 дана 3 жыл -
20 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті жартылай жүн свитер 1 дана 2 жыл -
21 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы мен погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті маусымдық күртеше 1 дана 2 жыл -
22 Алып жүруге арналған белбеуі бар плащ-жамылғы 1 жиынт 5 жыл -
23 Бүркеніш түсті далалық фуражка 1 дана 1 жыл 3
24 Погондары бар бүркеніш түсті далалық сыдырмалы күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жиынт 1 жыл 3
 
25 Погондары бар астары жылы бүркеніш түсті далалық сыдырмалы күртеше мен тік пішілген шалбар 1 2 жыл 3
2. Аяқ киім
26 Қара түсті іші жылы қысқа қонышты құрым етік 1 жұп 2 жыл -
27 Қара түсті қысқа қонышты құрым етік 2 жұп 1 жыл -
28 Қара түсті биік қонышты бәтеңке 1 жұп 1 жыл -
29 Қара түсті іші жылы биік қонышты бәтеңке 1 жұп 2 жыл -
30 Қара түсті құрым етік 1 жұп 2 жыл 2
31 Қара түсті іші жылы құрым етік 1 жұп 5 жыл 2
3. Іш киім
32 Погондары бар ақ түсті жейде 1 дана 2 жыл -
33 Погондары бар сарғыш түсті жейде 3 дана 2 жыл -
34 Погондары бар қысқа жеңді сарғыш түсті жейде 2 дана 1 жыл -
35 Қара түсті галстук 3 дана 2 жыл -
36 Ақ түсті кашне 1 дана 2 жыл -
37 Қара қоңыр қорғаныш түсті кашне 1 дана 2 жыл -
38 Іш киім 2 жиынт 1 жыл -
39 Бүркеніш түсті футболка 2 дана 1 жыл 3
40 Мақта-мата ұйық 12 жұп 1 жыл -
41 Ақ түсті қолғап 1 жұп 2 жыл 5
4. Жылы заттар
42 Жылы іш киім 2 жиынт 1 жыл -
43 Ақ түсті іші жылы қолғап 1 жұп 2 жыл 5
44 Қара түсті іші жылы қолғап 1 жұп 2 жыл
45 Жүн ұйық 2 жұп 1 жыл -
5. Амуниция
46 Алтын түстес салтанатты белдік 1 дана 5 жыл -
47 Галстукке арналған қыстырма 2 дана 3 жыл -
48 Далалық белбеу 1 жиынт 4 жыл -
49 Шалбар белбеуі 1 дана 2 жыл -
50 Далалық сөмке 1 дана 7 жыл -
51 Жатын қап 1 дана 5 жыл -
52 Жеке заттарға арналған несессері бар сөмке 1 дана 5 жыл -
53 Алтын түстес аксельбант 1 дана 5 жыл -
* Генералдарға, олардың тілегі бойынша ауыстырылатын заттардың құны шегінде жабдықтау нормасында көзделген заттар ішінен бір заттың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі. 
1. Әуе қорғанысы күштері мен Аэроұтқыр әскерлерінде - көк түсті фуражка, мундир мен шалбар. 
2. Республикалық ұланның генералдарына ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша беріледі. 
3. Аэроұтқыр әскерлерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар, далалық фуражка орнына - белгіленген түсті берет, ал футболка орнына - белгіленген түсті ұзын жеңді және қысқа жеңді тельняшка. 
Аэроұтқыр әскерлерінің және Республикалық ұланның генералдарына тельняшка 1 жылға 1 дана, жылы тельняшка 2 жылға 1 дана қосымша беріледі. 
4. Әскерлер парадына қатысатын генералдарға пальтоны кию мерзіміне астары жылы пальтоға бір жұп алтын түстес погон қосымша беріледі. 
5. Республикалық ұланның генералдарына ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша 1 жылға 1 дана ақ түсті қолғап, 2 жылға 1 дана іші жылы ақ түсті қолғап беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (Әскери-теңіз күштерінен, жағалық қорғаныс бөлімдерінен, ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, әскери қызметші әйелдерден басқа) аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтаудың N 3 нормасы *
 
Р/с
N №
Заттар атауы Бір адамға заттар саны Кию мерзімі Осы затты берген кезде қолданылатын N
1. Киім-кешек
1 Жиек салынған белгіленген түсті фуражка 1 дана 4 жыл -
2 Көк барқын түсті айнала жиекті көк барқын түсті фуражка 1 дана 5 жыл 1
3 Қара көк түсті теріден тігілген құлақшын 1 дана 3 жыл -
4 Сұр түсті қаракөлден тігілген құлақшын (тек полковниктер үшін) 1 дана 3 жыл -
5 Сұр түсті қаракөлден тігілген құлақшын 1 дана 5 жыл 1
6 Қара көк түсті теріден тігілген жағасы мен погондары бар астары жылы қара қоңыр қорғаныш түсті пальто (полковниктер үшін - сұр түсті қаракөлден тігілген жаға) 1 дана 4 жыл 2
7 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы бар сұрғылт түсті шинель 1 дана 5 жыл 1
8 Жиек салынған қара қоңыр қорғаныш түсті пилотка 1 дана 3 жыл -
9 Белгіленген түсті берет 1 дана 3 жыл 3
10 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті мундир 1 дана 4 жыл -
11 Жиектер салынған қара қоңыр қорғаныш түсті балағы түсіңкі шалбар 1 дана 4 жыл -
12 Ақ түсті мундир (жағасы - тік) 1 дана 5 жыл 1
13 Жиектер салынған көк барқын түсті балағы етікке салынатын шалбар 1 дана 5 жыл 1
14 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель 1 дана 2 жыл -
15 Жиектер салынған қара қоңыр қорғаныш түсті балағы түсіңкі шалбар 3 дана 2 жыл -
16 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті күртеше 1 дана 3 жыл -
17 Погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті жартылай жүн свитер 1 дана 3 жыл -
18 Сұрғылт түсті жүн свитер 1 дана 3 жыл 1
19 Қара көк түсті теріден тігілген жағасы мен погондары бар қара қоңыр қорғаныш түсті маусымдық күртеше (полковниктер үшін - сүр тұсті қаракөлден тігілген жаға) 1 дана 2 жыл 2
20 Алып жүруге арналған белбеуі бар плащ-жамылғы 1 жиынт 6 жыл -
21 Бүркеніш түсті далалық фуражка 1 дана 1 жыл 2
22 Погондары бар бүркеніш түсті далалық күртеше мен балағы тік пішілген шалбар 1 жиынт 1 жыл 3
23 Погондары, қара көк түсті теріден тігілген жағасы бар бүркеніш түсті астары жылы далалық күртеше мен балағы тік пішілген шалбар 1 жиынт 2 жыл 3
2. Аяқ киім
24 Қара түсті іші жылы қысқа қонышты құрым етік 1 жұп 2 жыл -
25 Қара түсті қысқа қонышты құрым бәтеңке 1 жұп 1 жыл -
26 Қара түсті биік қонышты бәтеңке 1 жұп 2 жыл -
27 Қара түсті іші жылы биік қонышты бәтеңке 1 жұп 3 жыл 4
28 Қара түсті құрым етік 1 жұп 2 жыл 1
29 Қара түсті іші жылы құрым етік 1 жұп 2 жыл 1
3. Іш киім
30 Погондары бар ақ түсті жейде 1 дана 2 жыл -
 
31 Погондары бар сарғыш түсті жейде 3 дана 2 жыл -
32 Погондары бар қысқа жеңді сарғыш түсті жейде 2 дана 1 жыл -
33 Қара түсті галстук 3 дана 2 жыл -
34 Ақ түсті кашне 1 дана 3 жыл -
35 Қара қоңыр қорғаныш түсті кашне 1 дана 2 жыл -
36 Іш киім 2 жиынт 1 жыл 5
37 Ақ түсті қолғап 1 жұп 3 жыл 6
38 Бүркеніш түсті футболка 2 дана 1 жыл -
39 Белгіленген түсті тельняшка 2 дана 1 жыл 1
40 Мақта-мата ұйық 12 жұп 1 жыл -
4. Жылы киімдер
41 Жылы іш киім 1 жиынт 1 жыл 7
42 Ақ түсті іші жылы қолғап 1 жұп 3 жыл 8
43 Қара түсті іші жылы қолғап 1 жұп 2 жыл -
44 Жүн ұйық 2 жұп 1 жыл -
5. Амуниция
45 Алтын түстес салтанатты белдік 1 дана 8 жыл -
46 Галстукке арналған қыстырма 2 дана 3 жыл -
47 Далалық белбеу 1 жиынт 4 жыл -
48 Шалбар белбеуі 1 дана 3 жыл -
49 Далалық сөмке 1 дана 7 жыл 9
50 Жатын қап 1 дана 5 жыл -
51 Жеке заттарға арналған несессері бар сөмке 1 дана 5 жыл -
52 Алтын түстес аксельбант 1 дана 8 жыл -
* Осы норма бойынша, сондай-ақ олар үшін армиялық киім нысаны белгіленген Әскери-теңіз күштерінің офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі. 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының әскери қызметшілеріне қара түсті киім-кешек (далалықтан басқа) беріледі. 
Қорғаныс министрлігінің объектілерін күзету жөніндегі әскери полиция жасағына құлақшын орнына күнқағары бар құлақшын, китель орнына - қара түсті күртеше, пальто орнына - қара түсті теріден тігілген жағасы бар қысқартылған күртеше мен астары жылы қара түсті шалбар беріледі. 
Қызметтік міндеттеріне өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ Шекара қызметі орталық аппаратын күзету және қамтамасыз ету бөлімшелерінің бақылаушыларына қосымша құлақшын, 4 жылға астары жылы пальтоға сұр түсті қаракөлден тігілген жаға беріледі, бұл ретте осы норма бойынша құлақшын мен теріден тігілген жаға 5 жылға беріледі. Қаракөлден тігілген жаға мүкәммалдық пайдалануға беріледі. Қаракөлден тігілген малақай киіп жүру көзделмеген жаңа қызмет орнына ауысқан кезде көрсетілген бас киімдердің қалған құны белгіленген тәртіппен өтеледі. 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне бір жұптан астарсыз былғары қолғап, іші теріден тігілген былғары қолғап 2 жылға беріледі. Іші теріден тігілген былғары қолғап шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне барлық климатты аудандарда, сондай-ақ суық климатты аудандарда қызмет өткеретін барлық офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Іші теріден тігілген былғары қолғап алатын әскери қызметшілерге іші жылы қолғап берілмейді. Астарсыз былғары қолғап шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің аға бақылаушыларына, бақылаушыларына, кіші бақылаушыларына беріледі. 
Шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ орталық аппаратты күзету және қамтамасыз ету және өңірлік қолбасшылықтар бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қара қоңыр қорғаныш түсті күртеше берілмейді, бір қара қоңыр қорғаныш түсті күнделікті китель 1 жылға, 3 дана күнделікті шалбар 2 жылға беріледі, 3 дана сарғыш түсті жейде 1 жылға, 3 жұп қысқа қонышты құрым бәтеңке 2 жылға беріледі. 
Жоғары және орта әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге (запасқа шығарылған адамдардан басқа) осы нормаға қосымша бір уақытта мыналар беріледі: сүлгі, сыртқы жастық тысы - 2 данадан, ақ жайма - 4 данадан, жартылай жүн көрпе, мақта матрац пен құсжастық - 1 данадан. Осы заттардың орнына көрсетілген әскери қызметшілерге қызмет орнына келгеннен кейін ақшалай өтемақы төлеуге рұқсат етіледі. 
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, оларға офицер атағы берілген кезде бұрын берілген заттардың кию мерзімі қамтамасыз етілгенге есептеледі. 
Әскери қызметшілерге, олардың тілегі бойынша ауыстырылатын заттардың құны шегінде жабдықтау нормасында көзделген заттар ішінен бір заттың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі. 
Офицерлерге және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілген жеке пайдаланатын заттай мүлік оларды кию мерзімі аяқталғаннан кейін олардың меншігіне айналады. 
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда жылдық қажеттіліктің 50 пайызы мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қоры ұсталсын, олардың ішінен 1 пайыз мөлшерінде мүліктің өкілдік шығыстарына пайдалануға рұқсат етіледі. 
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде дәлдеу және ұзындығын дәлдеу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктің 10 пайызы мөлшерінде киім-кешек дайын заттарынның азаймайтын қоры ұсталсын. 
1. Ерекше салтанатты киім нысаны кезінде Республикалық ұланның офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне қосымша беріледі. 
2. Әскерлер парадына қатысатын әскери қызметшілерге пальтоны кию мерзіміне астары жылы пальтоға бір жұп алтын түстес погон қосымша беріледі. Кезекті полковник әскери атағы берілген кезде кию мерзімі аяқталғанға дейін бұрын берілген астары жылы пальто мен маусымдық күртешенің қаракөлден тігілген сұр түсті жағасы беріледі. 
3. Аэроұтқыр әскерлерінде далалық фуражка орнына белгіленген түсті берет, бүркеніш түсті далалық жазғы күртеше және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар, ал футболка орнына - белгіленген түсті жеңі бар және жеңсіз тельняшка беріледі.