• Мое избранное
"Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

"Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 217 Қаулысы.

Редакция 16.01.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 4 наурыздағы
 N 217 қаулысымен
 бекітілген
"Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - осы техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін техникалық реттеу объектілері болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларына қолданылады. 3402 - тауар позициясы ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеушісіне сәйкес).
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған негізгі терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады.
1) аэрозольдік орам - металдан, шыны немесе пластмассадан жасалған, ішінде сұйықтықпен, сықпамен немесе ұнтақпен немесе онсыз қысым астында сығылған, сұйылтылған немесе ерітілген газ болатын бір реттік пайдаланылатын ыдыс. Осы ыдыс газда өлшенген қатты немесе сұйық бөлшектерді, көбік, паста немесе ұнтақты сұйық немесе газ тәрізді күйде лақтырылуына мүмкіндік беретін, аэрозольдік шашыратқымен жабдықталған шығару құрылғысымен жабдықталған;
2) өтінім беруші - осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау үшін өнімді берген заңды немесе жеке тұлға;
3) толық биоыдыраушылық - заттардың микроорганизмдермен көміртегінің қос тотығы мен тұздарды қайта өңдеу есебінен толық минералдануымен сипатталатын (оттегі болғанда) биологиялық аэробтық ыдырау деңгейі;
4) кері жалын - жалынның тұтану көзінен аэрозоль ағыны бойынша аэрозоль орамына таралуы;
5) қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімнің сипаттамалары мен оны қолдану кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қажетті мәліметтерден тұратын ақпараттық құжат;
6) алғашқы биоыдыраушылық - заттың тазартатын құрылғылар мен су қоймаларында бар микроағзалармен, оның беттік-белсенді қасиеттерін жоғалтуға әкелетін аэробтық (оттегі болғанда) биологиялық трансформациясы (құрылымдық өзгеруі);
7) беттік-белсенді зат - беттік-белсенді қасиеттерге ие және судың беттік тартылысын төмендетуге, сондай-ақ су мен ауа шекарасында таралатын немесе сіңірілетін мономолекулярлық қабаттардың қалыптасуына, эмульсиялар және/немесе микроэмульсиялар және/немесе мицеллалар қалыптасуына, сондай-ақ қатты және сұйық фазалар бөлінісінің шекарасында сіңірілуге мүмкіндік беретін бір немесе одан да көп гидрофильдік топтардан және бір немесе одан артық гидрофобтық топтардан тұратын кез келген органикалық зат және/немесе препарат;
8) пропеллент - затпен бірге ыдыста қысымда болатын және затты шашыратуға мүмкіндік беретін көміртегінің қос тотығы немесе басқа газ;
9) синтетикалық жуғыш құралдар - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдаланылатын синтетикалық немесе табиғи беттік-белсенді заттар негізіндегі жууға арналған құралдар;
10) тұрмыстық химия тауарларына (оның ішінде аэрозольдық орамдағы): 
маталарды жуғанға дейін және кейін өңдеуге арналған құралдар; 
қатты беттерді жуу мен тазартуға және олардың күтіміне арналған құралдар; 
үй-жайлар мен жабық ыдыстардағы иістерді жоюға арналған құралдар жатады.
3. Өнімдердің нарықтағы айналымының шарттары
4. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары осы техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
5. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары егер олар арналуы бойынша тиісті пайдалану кезінде адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп туғызбаған жағдайда ғана нарыққа жеткізіледі және өткізіледі.
  • 3
4. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
6. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі арналуы мен қолданылу тәсілін және әзірленген қорғаныс шараларының жеткіліктілігін есепке алып өнім құрамымен қамтамасыз етіледі.
7. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамындағы ингредиенттер тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
  • 1
8. Нарықтағы айналымға ескертпе таңбалаусыз және баламалы қорғау шараларымен қолдану тәсіліне арналған нұсқауларсыз мынадай: 
1) асқазанға енгізген, теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде аса уыттылығы бойынша қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын; 
2) теріні жарақаттайтын (күйдіретін) және шырышты қабыққа қайтарусыз салдарлар тудыратын; 
3) теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде сезімталдық тудыру (аллергендік) әсер етуге ие; 
4) гендік өзгеріс ету әрекеттерін және өну қызметтерінің бұзылуын тудыратын; 
5) канцерогендік болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары жіберілмейді.
9. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздік көрсеткіштері: 
1) биоыдыраушылық (толық, алғашқы); 
2) сутегі иондарының белсенділік көрсеткіштері (рН); 
3) ыдыс жууға арналған құралдардың ыдыстан шайылуы; 
4) фосфордың бес тотығына қайта санағанда құрамында фосфоры бар қосылыстардың салмақтық үлесі (Р2О5); 
5) хлорбелсенді қосылыстары бар құралдарда белсенді хлордың салмақтық үлесі; 
6) тозаң түзу (тозаңның салмақтық үлесі); 
7) тыныс алу жолы арқылы улану мүмкіндігінің коэффициенті (КВИО - 20 градус Цельсий жағдайында (20  0  С) ауада зиянды заттың ең жоғарғы рұқсат етілетін шоғырының тышқандар үшін заттың өлім қаупін тудыру шоғырына қатынасы); 
8) аэрозольдік орамдағы тұрмыстық химия тауарлары үшін - 20 градус Цельсий жағдайында (20  0  С) аэрозольдік орамдағы артық қысым болып табылады.
10. Аэрозольдік орамдағы қауіпсіздік көрсеткіштері өрт қауіпсіздігінің мынадай көрсеткіштері болып табылады: 
1) өртену жылуы, килограмға мегаджоуль (МДж/кг),