Bestprofi Logo

Қаулы № 172 от 2006-03-15г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 172 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:

1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi, төрайымның орынбасары;

Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;

Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;

Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есiмұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінiң экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары;

Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;

Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;

Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;

Калюжный Вячеслав Афанасьевич - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық басшысы (келiсiм бойынша);

Оңғарбаев Еркiн Әнуарұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамының бiрiншi проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келiсiм бойынша);

Баймаханов Мұрат Тәжiмұратұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келiсiм бойынша);

Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттiк басқару кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор (келiсiм бойынша);

Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы жанындағы заңнамалық кесiмдердiң жобаларын дайындау және сараптау ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкерi, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келiсiм бойынша);

көрсетілген құрамнан Мұқашев Рахмет Желдiбайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Коржова Наталья Артемовна, Курбатов Владимир Николаевич, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы шығарылсын;

4-тармақ "Әдiлет министрлiгіне" деген сөздерден кейiн "шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау," деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкілеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн;";

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.";

"9. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың бiрiншi және үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтiн өзге де күндерде де өткiзiледі.";

11-тармақ "хаттамамен" деген сөздiң алдынан "Комиссияға төрағалық етушi мен оның хатшысы қол қоятын" деген сөздермен толықтырылсын;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание