Toggle Dropdown
3
"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 1999 жылғы 3 шілде N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 905
Toggle Dropdown
Редакция 17.11.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді :
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудан өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
Toggle Dropdown
3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде осы қаулыны және "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберiп, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 3 шілдедегі
N 157 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiн ұйымдастыру және жұмыс iстету тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Жүйе). Пайдаланушыларға Жүйедегi төлемдердi жүзеге асыру бойынша қызмет "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (бұдан әрi - Орталық) олардың арасында жасалған шарт негiзiнде көрсетiледi.
Toggle Dropdown
2. Жүйедегi төлемдердi пайдаланушылар Орталыққа ақша аудару (бұдан әрi - төлем құжаттары) және оларды банкаралық клиринг негiзiнде өңдеу туралы нұсқау бар электрондық хабарлар беру жолымен жасайды. Электрондық хабарлармен алмасқанда пайдаланылатын қорғау әрекеттерiнің тәртiбi және оны бұзушылыққа Орталықтың және пайдаланушылардың жауапкершiлiгi бадарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы келiсiммен белгiленедi. Жүйедегi барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
Toggle Dropdown
3. Пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң операция күнiн аяқтау сәтiнде банкаралық ақша аудару жүйесiндегi пайдаланушының қалдық ақшасы шегiнде жасалады. Егер пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесiнде ақшасы жоқ болса, онда осы пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң басқа пайдаланушыларынан оның пайдасына түскен төлем құжаттары сомасының шегiнде жасалады. Пайдаланушының дебеттiк таза позициясы осы пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесiндегi ақша сомасынан аспауы тиiс. Банкаралық клиринг нәтижесi бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнде жасалады.
Toggle Dropdown
4. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) аудиторлық iз - Жүйедегi төлем құжаттарының қозғалысын бақылауға арналған ақпарат;
Toggle Dropdown
2) аутентификация - Орталық және пайдаланушы арасындағы келiсiм бойынша белгiленетiн төлем құжаты жасалуының түпнұсқалығын және дұрыстығын растайтын iс-жосық;
Toggle Dropdown
3) төлем күнi - ақша аудару туралы нұсқауды орындаған күн;
Toggle Dropdown
3-1) пайдаланушының дебеттік кезегі - осы пайдаланушының басқа пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары;
Toggle Dropdown
4) банкаралық клиринг (бұдан әрі - клиринг) - Орталық жүзеге асыратын пайдаланушылардың нұсқауларын жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау бойынша, сондай-ақ өзара есептесуін жүргізу және Жүйені пайдаланушылардың таза позицияларын айқындау процесі;
Toggle Dropdown
5) басымдық коды - клирингтегi төлем құжаттарын өңдеу кезегiн анықтайтын код. Төлем құжатына басымдық кодын жiберушi тағайындайды;
Toggle Dropdown
6) пайдаланушының кредиттік және дебеттiк таза позициясы (сальдо) - бiр пайдаланушыға қатысы бойынша барлық пайдаланушылардың ақша мiндеттемелерi жөнiндегi төлем құжаттарының сомасы мен қалған пайдаланушыларға қатысы бойынша осы пайдаланушының мiндеттемелерi жөнiндегi төлем құжаттарының сомасы арасындағы айырма. Егер айырма - терiс сан болса, онда пайдаланушының дебеттiк таза позициясы, егер оң сан болса - кредиттiк таза позициясы болады;
Toggle Dropdown
6-1) пайдаланушының кредиттік кезегі - басқа пайдаланушының осы пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары;
Toggle Dropdown
7) операция күні - Орталық ақша аудару туралы нұсқаулар және пайдаланушылардан осындай нұсқауларды қайтарып алу туралы өкiмдер қабылдауды жүйеге асыратын уақыт кезеңi;
Toggle Dropdown
8) жіберуші - Жүйеге электрондық хабар жіберетін пайдаланушы;
Toggle Dropdown
9) алушы - пайдасына төлем жасалатын пайдаланушы;
Toggle Dropdown
10) Жүйенiң пайдаланушысы (пайдаланушы) - Орталықпен Жүйеге қатысу туралы шарт жасасқан және электрондық хабарларды жіберуші және/немесе алушы болып табылатын банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым (бұдан әрі - банк);
Toggle Dropdown
11) төлем құжатын қайтарып алу туралы өкім - пайдаланушы Жүйеден төлем құжатын қайтарып алуды жасайтын электрондық хабар;
Toggle Dropdown
12) операция референсі - Жүйеде электрондық хабарды бірдейлестіретін бірегей номер;
Toggle Dropdown
12-1) электрондық дебеттік хабар - алушының пайдаланушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талабы бар төлем хабары;
Toggle Dropdown
13) электрондық хабар - Жүйеде берілетін электрондық төлем құжатын қоса, кез келген электрондық хабар.
Toggle Dropdown
2-тарау. Пайдаланушылар
Toggle Dropdown
5. Банк Орталықпен Жүйеге қатысу туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасағаннан кейiн пайдаланушы мәртебесiне ие болады. Шартты бұзу iзiнше банктi пайдаланушы мәртебесiнен айыруға әкелiп соғады. Шарттың нысанын Орталық осы Ереженiң 8-тармағының талаптарын есепке ала отырып жасайды.
Toggle Dropdown
6. Жүйенiң пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банкiлiк есепшоты мен заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындаудың аударым операцияларын жүргiзуге уәкілетті органның лицензиясы бар банк болуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
7. Шарт жасау үшiн пайдаланушы Орталыққа мына құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) Жүйеге қосуға арыз;
Toggle Dropdown
2) Банк жарғысының және банктiк операциялар жүргiзуге лицензияның нотариалды расталған көшiрмелерiн бередi.
Toggle Dropdown
8. Орталық пен банк арасындағы Шартта мыналар болуы тиiс:
Toggle Dropdown
1) тараптардың деректемелерi;
Toggle Dropdown
2) тараптардың құқықтары және мiндеттерi;
Toggle Dropdown
3) пайдаланушының банктiк құпиясының мәнi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын сақтау талаптары;
Toggle Dropdown
4) клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударудың мерзiмдерi және тәсiлдерi;
Toggle Dropdown
5) шарт талаптарының орындалмауына тараптардың жауапкершілігі;
Toggle Dropdown
6) шартты бұзу және шарттың талаптарын өзгерту тәртiбi;
Toggle Dropdown
7) тараптардың келiсуi бойынша басқа талаптар.
Toggle Dropdown
Шартта банктi пайдаланушы мәртебесiнен шартты бұзбай уақытша айыру жағдайы көзделуi мүмкiн. Шарттың нысанын Орталық белгiлейдi.
Toggle Dropdown
9. Пайдаланушылар мен олардың клиенттерi (бастамашылар және бенефициарлар) арасындағы қарым-қатынас олардың арасында жасалған шарттармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Toggle Dropdown
3-тарау. Электрондық хабарлармен алмасу тәртiбi
Toggle Dropdown
10. Орталық пен пайдаланушылар арасындағы электронды хабарларды алмасу Жүйеде қолданылатын ақпаратты беру форматы бойынша электронды тәсiлмен ғана жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Электронды хабарларды алмасу тәртiбi, сондай-ақ оларды Жүйеге беру форматтары Орталықта айқындалады және Орталық пен пайдаланушылар орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Пайдаланушылардан төлем құжаттарын және оларды қайтарып алу туралы өкімдерді қабылдау Орталықпен тек қана операциялық күн ішінде жүргізіледі. Операциялық күннің ұзақтығы және оның жабылу уақыты Ұлттық Банкпен белгіленеді.
Toggle Dropdown
12. Егер төлем құжаты және/немесе төлем құжатын қайтарып алу туралы өкiм Орталықпен операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай төлем құжаты және/немесе төлем құжатын қайтарып алу туралы өкiм Орталықпен келесi операциялық күннiң басында алынған болып саналады. Орталыққа өткен операциялық күнгi төлем күнiмен келiп түскен төлем құжаты жiберушiге орындалмай қайтарылады.
Toggle Dropdown
13. Орталық Жүйеде өңделiнетiн бiр төлем құжатының ең жоғарғы сомасына шектеулер қоюға құқылы. Шектеулер мөлшерi Ұлттық Банкпен және пайдаланушылармен жазбаша түрде келiсу бойынша белгiленедi. Белгiленген шектеуден сомасы асатын төлем құжаттары Жүйеде өңделмейдi.
Toggle Dropdown
14. Пайдаланушы Орталыққа өзi берген төлем құжатын Орталыққа төлем құжатын қайтарып алу туралы өкiм жiберу жолымен қайтарып ала алады. Жiберушi Жүйеден ағымдағы да келешектегi де төлем күнi қойылған төлем құжаттары қайтарып алуға құқылы. Қайтарып алынған төлем құжаттары жойылған болып саналады және Орталықпен және пайдаланушымен электрондық нысанда немесе қағазда тiркелуi тиiс. Төлем құжаттарын пайдаланушының Жүйеден операциялық күн аяқталғаннан кейін қайтарып алуына жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
15. Төлем құжатына өзгерiстердi тек оны жiберушi ғана төлем құжатын Жүйеден қайтарып алу жолымен енгiзуге құқылы. Өзгерiстер енгiзiлген төлем құжаттарын Орталық жаңа төлем құжаты ретiнде қабылдайды.
Toggle Dropdown
16. Жiберушi Орталыққа төлем құжаттарын болашақ төлем күндерiмен беруге құқылы. Пайдаланушы төлем күнiн, төлем құжаты Орталыққа берiлген күндi қоспай, үш банктiк күнге дейiн белгiлеуi мүмкiн. Болашақ төлем күнi қойылған төлем құжаттары Жүйеде төлем құжатында көрсетiлген төлем күнi басталғанша сақталады.
Toggle Dropdown
17. Егер пайдаланушы қандай да бiр өзге себептермен Жүйе үшiн операциялық күн болып табылатын жұмыс күнi жұмыс iстемесе, мұндай жағдайда Орталық осы пайдаланушының пайдасына түсетiн төлем құжаттарын қабылдауға, оның таза позициясын анықтауға және клиринг нәтижесi бойынша ақша аударуға мiндеттi.
Toggle Dropdown
18. Орталықтың операциялық күн iшiнде өз қалауы бойынша аутентификация iс-жосығын өткен төлем құжатын жоюға және пайдаланушыдан алынған электрондық хабарларға қандай болса да өзгертулер енгiзуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
18-1. Алушы Жүйеге белгілі бір пайдаланушының пайдасына кемінде екі операциялық күнге Жүйенің операциялық күніндегі ағымдағы күннен асатын төлем күнімен Жүйеге электрондық дебеттік хабар жібереді. Алушының электрондық дебеттік хабарды ұсыну құқығы алушы мен пайдаланушының арасындағы шартта көзделеді.
Toggle Dropdown
Осындай шартқа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пайдаланушы Орталыққа мынадай мәліметтерді жібереді:
Toggle Dropdown
1) пайдаланушының атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
Toggle Dropdown
2) алушының атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
Toggle Dropdown
3) шарттың нөмірі және күні, оны қолдану мерзімі;
Toggle Dropdown
4) бенефициардың атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
Toggle Dropdown
5) тараптар келіскен өзге мәліметтер.
Toggle Dropdown
Электрондық дебеттік хабар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарының пайдасына жіберілмейді.
Toggle Dropdown
18-2. Орталыққа жіберілген кемінде екі операциялық күн төлем күні бар электрондық дебеттік хабар автоматты түрде алушының кредиттік кезегіне және осы төлемді орындау күні белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талап қойылатын пайдаланушының дебеттік кезегіне түседі.
Toggle Dropdown
Орталық электрондық дебеттік хабарды алған күннен бастап операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушыға жібереді.
Toggle Dropdown
Пайдаланушы Орталықтың электрондық дебеттік хабарды өңдеуіне және ол бойынша төлем жасауына келіспеген жағдайда, пайдаланушы Орталыққа оның дебеттік кезегінен электрондық дебеттік хабарды жою туралы хабар жібереді.
Toggle Dropdown
Егер Орталық электрондық дебеттік хабар бойынша төлемді орындау мерзімі басталғанға дейін пайдаланушының дебеттік кезегінен электрондық дебеттік хабарды жою туралы оның хабарын алмаса, Орталық электрондық дебеттік хабарды орындайды.
Toggle Dropdown
18-3. Орталық электрондық дебеттік хабарды орындағанға дейін алушы оны қайтарып алуы мүмкін.
Toggle Dropdown
18-4. Электрондық дебеттік хабар қайтарып алынғанда, не күші жойылғанда Орталық бұл туралы алушыға және пайдаланушыға хабарлайды.
Toggle Dropdown
4-тарау. Пайдаланушылардың қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алу және клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару
Toggle Dropdown
19. Операциялық күн аяқталғаннан кейiн Орталық төлем құжаттарын қабылдауды тоқтатады, пайдаланушылардың ағымдағы төлем күнi қойылған қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алады және әр пайдаланушының таза позициясын анықтайды. Пайдаланушылардың қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алу кезiнде Орталық пайдаланушылардан электрондық хабарларды қабылдамайды.
Toggle Dropdown
20. Пайдаланушылардың қарама-қарсы ақша талаптары және мiндеттемелерi жөнiндегi төлем құжаттарын есепке алу басымдық кодына сәйкес жүргiзiледi. Бiр кезекке қатысты бiр басымдық коды шегiндегi төлем құжаттары олардың Жүйеге түскен ретi бойынша өңделеді.
Toggle Dropdown
21. Пайдаланушылардың қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алғаннан және олардың таза позициясын анықтағаннан кейiн Орталық пайдаланушының ақшасы жоқтығы салдарынан клирингте өңделмеген, ағымдағы жұмыс күнгi төлем күнi қойылған төлем құжаттарын жояды.
Toggle Dropdown
22. Әр пайдаланушының таза позициясын анықтағаннан кейiн Орталық дебеттiк таза позициясы болған пайдаланушылардан осы пайдаланушының дебеттiк таза позициясына тең ақша сомасынан банкаралық ақша аудару жүйесiнде қор жасайды.
Toggle Dropdown
23. Егер банк банкаралық ақша аудару жүйесiнiң пайдаланушысы болмаса, осы пайдаланушы банктiң таза позициясын анықтау Ұлттық Банкте ашылған оның өзiнiң корреспонденттiк есепшотынан Ұлттық Банкiдегi банкаралық ақша аудару жүйесiнiң есепшотына операциялық күн iшiнде ол аударған ақша сомасы шегiнде жүргiзiледi. Пайдаланушының Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотынан Ұлттық Банктегi банкаралық ақша аудару жүйесiнiң есепшотына ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнiң жұмыс iстеу ережелерiмен, Ұлттық Банктiң белгiленген нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкес жасалады.
Toggle Dropdown
Егер пайдаланушы операциялық күн iшiнде Ұлттық Банктегi банкаралық ақша аудару жүйесiнiң есепшотына ақша аудармаса, онда осы пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң басқа пайдаланушыларынан оның пайдасына түскен төлем құжаттарының сомасы шегiнде жүргiзіледi.
Toggle Dropdown
24. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару үшін Орталық Жүйеге банкаралық ақша аудару жүйесінде позиция ашады (бұдан әрі - Жүйенің позициясы).
Toggle Dropdown
25. Пайдаланушылардың таза позициясын анықтағаннан кейiн Орталық банкаралық ақша аудару жүйесiндегi клиринг нәтижелерi бойынша әр пайдаланушының таза позициясымен сәйкес ақша аударады. Ақша аудару Орталықтың ақшаны есептен шығару (есепке алу) туралы нұсқаулары негiзiнде әр пайдаланушының таза позициясының сомасына жасалады.
Toggle Dropdown
26. Орталық клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк сальдосы болған пайдаланушылардың позициясынан Жүйенiң позициясына ақша аударады, одан кейiн Жүйенiң позициясынан клиринг нәтижелерi бойынша кредиттiк сальдосы болған пайдаланушылардың позициясына ақша аударады. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн Жүйенiң позициясында қалдық қалмауы тиiс.
Toggle Dropdown
27. Банкаралық ақша аудару жүйесiнде пайдаланушылардың позициясы бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнiң жұмыс iстеу ережелерiмен, Ұлттық Банктiң белгiленген нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкес жасалады.
Toggle Dropdown
5-тарау. Yзiндiлер беру
Toggle Dropdown
28. Операциялық күн iшiнде Орталық пайдаланушының сұрауы бойынша оған мынадай ақпараты бар үзiндiлер бередi:
Toggle Dropdown
1) осы пайдаланушының Орталыққа берген төлем құжаттарының саны және сомасы;
Toggle Dropdown
2) осы пайдаланушының пайдасына түскен төлем құжаттарының саны және сомасы;
Toggle Dropdown
3) төлем құжатының жойылу себептерiн көрсетiп, жойылған төлем құжаттарының саны және сомасы;
Toggle Dropdown
4) осы пайдаланушының пайдасына түскен, ақтығында жiберушiнiң бастамасы бойынша қайтарып алынған төлем құжаттарының саны және сомасы.
Toggle Dropdown
29. Орталық пайдаланушыларға ағымдағы да, келешектегi де төлем күнi қойылған төлем құжаттары туралы ақпарат бар үзiндiлердi бередi. Пайдаланушының үзiндi алуға сұрауында пайдаланушының үзiндiнi алғысы келетiн күн көрсетiлуi тиiс.
Toggle Dropdown
30. Егер үзiндiде пайдаланушының Орталыққа берген электрондық хабары туралы ақпарат болмаса, пайдаланушы бұл туралы дереу Орталыққа хабарлауы тиiс. Бұл жағдайда, Орталық және пайдаланушы келесi операциялық күннен кешiктiрмей электрондық хабардың жоғалу себебiн анықтауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
31. Ақша аударуды аяқтағаннан кейiн Орталық пайдаланушыға клирингте өңделген төлем құжаттары туралы ақпарат бар ақтық үзiндіні және клиринг нәтижелерi бойынша пайдаланушының таза позициясы туралы ақпаратты, сондай-ақ өткiзiлмеген құжаттардың тiзбесiн және осы пайдаланушының пайдасына түскен барлық төлем құжаттарын жiбердi.
Toggle Dropdown
6-тарау. Электрондық хабарлардың өтуiн бақылау
Toggle Dropdown
32. Операциялық күн iшiнде Орталық және пайдаланушылар жiберiлген және алынған электрондық хабарларды есепке алуды қамтамасыз етуге және бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. Жүйеге түсетiн барлық электрондық хабарлар пайдаланушыда және Орталықта аудиторлық iз қалдыруға тиiс.
Toggle Dropdown
7-тарау. Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клирингтік жүйесінің мониторингi
Toggle Dropdown
33. Жүйеде жасалған төлемдер мониторингін, пайдаланушылардың таза позицияларының мониторингін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарын бақылауды жүзеге асыру үшін Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және Ұлттық Банктің банктердің корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне клирингтің әрбір қатысушысының таза позициясы, Жүйедегі клиринг қатысушысының ақша сомасы туралы, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеде ашылған клиринг қатысушысының корреспонденттік шотындағы ақша сомасы туралы ақпаратты береді.
Toggle Dropdown
Пайдаланушыда ақшаның жетіспеуіне байланысты төлем құжаттары жойылған кезде Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесі осы пайдаланушыдан күші жойылған төлем құжаттарының кейіннен орындалуы туралы сұратуға құқылы.
Toggle Dropdown
8-тарау. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шаралары
Toggle Dropdown
34. Электрондық хабарларды жасағанда және бергенде, Орталық және пайдаланушылар бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы олардың арасында жасалған келiсiммен белгiленген қорғау iс-әрекетiнiң тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
35. Қорғау iс-әрекетiнiң тәртiбi бұзылған немесе ол жария етiлген жағдайда, осы бұзушылықты тапқан тарап бұл туралы екiншi тарапқа дереу хабарлауға және оның салдарын жоюға шаралар қолдануға мiндеттi.
Toggle Dropdown
36. Орталыққа берiлген аутентификация iс-жосығынан өтпеген электрондық хабарлар Жүйеге қабылданбайды. Егер Орталық қабылдаған төлем құжаты аутентификация iс-жосығынан өтпесе, Орталық пайдаланушы үшiн қате туралы жасайды. Электрондық хабарлардың аутентификациясы тәртiбiн Орталық белгiлейдi.
Toggle Dropdown
9-тарау. Қызмет көрсетуге ақы төлеу
Toggle Dropdown
37. Орталық шартта көзделген тарифтерге сәйкес Жүйедегі пайдаланушыға көрсететін қызметі үшін ақы алуға құқылы.
Toggle Dropdown
10-тарау. Жауапкершiлiк
Toggle Dropdown
38. Орталық Жүйеде төлемдердi жүзеге асыруға және пайдаланушылардың таза позицияларын анықтауға жауап бередi.
Toggle Dropdown
39. Орталықтың және пайдаланушының Жүйе шеңберiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны, сондай-ақ осы ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Орталық пен пайдаланушының арасындағы шартпен белгiленедi.
Toggle Dropdown
40. Егер Орталық пен пайдаланушының арасындағы шартта осы ережелердiң жекелеген баптарының бұзылуына жауапкершiлiк шегi көзделмесе, Орталықтың және пайдаланушының жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес анықталады.
Toggle Dropdown
11-тарау. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
41. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес шешіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк