Toggle Dropdown
Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы
Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4263
Редакция 20.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы мен 10-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Жол жүрісі қауіпсіздігі" Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын және белгіленген тәртіппен (бұдан әрі - көлік құралдары) тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді, мопед, трактор мен өздiгiнен жүретiн машиналардан басқа, мерзімді мемлекеттік техникалық байқауды (бұдан әрі - байқау) жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ІІМ) Жол полициясы комитеті қамтамасыз етсін.
Мыналар бақылаудың негізгі міндеттері болып белгіленсін:
1) жол жүрiсiне қатысатын көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен жабдықтары Жол жүрiсi ережелерiне, стандарттарға және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестілігін бағалау;
2) көлік құралдарының санын, олардың тиесілігін және өзге де тіркеу құжаттарын нақтылау;
3) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 747 қаулысымен бекітілген әскери-көліктік міндеттер туралы тәртіпке сәйкес, жергілікті органдардағы әскери басқарманың өкілдерінің қатысуымен көлік құралдары мерзіміне байланысты.
2-1. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудан өткізу жол полициясының тексеру пункттерінде мынадай кезеңде:
- шыққан жылын қосқанда жасы 7 жылдан асқан көлік құралын - әpбip 12 ай сайын;
шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылдан 7 жылға дейінгі көлік құралын - әpбip 24 ай сайын;
шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылға дейінгі көлік құралын - әрбір 36 ай сайын жүргізіледі.
Бұл ретте автобустар, микроавтобустар мен такси, және де адам тасуға арнап жабдықталған жүк автомобилдері меншік түріне және шыққан жылына қарамастан мемлекеттік техникалық байқаудан әрбір 6 ай сайын өткізіледі.
3. Көлік құралдарын байқау олардың тұрақты немесе уақытша тіркелген жері бойынша механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді техникалық байқау туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынған жағдайда жүргізіледі.
Белгіленген мерзімде байқауға ұсынылмаған көлік құралдары одан әрі жол қозғалысына жіберілмейді деп танылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарын байқаудың қорытындысы бойынша агрегаттың нақты нөмірлері көрсетіліп, олардың тіркелген құжаттарда көрсетілген деректерімен сәйкестігін растай отырып, біржолғы байқаудан өткендігі туралы 2 дана акті (1-қосымша ) жасалады, бір данасы қалалардың (аудандардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі.
Қазақстан Республикасы аумағына жаңадан әкелінген көлік құралдарын алғашқы рет тіркеу, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қайта жабдықталған көлік құралдары жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде байқаудан өткізуі тиіс.
Заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудың қорытындысы екі данада көлік құралдарын техникалық байқаудың құрама актісімен (2-қосымша ) және біржолғы байқаудан өткендігі туралы акті ресімделеді, бір данасы қалалардың (аудандардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне), ал екінші данасы - Жол полициясына жіберіледі. Актінің көшірмесі көлік құралының иесіне - заңды тұлғаға беріледі. Деректер Жол полициясының көлік құралдары туралы деректер базасына енгізіледі және "Технадзор" автоматтандырылған іздеу жүйесінде есепке алынуы тиіc.
Байқау қорытындысы бойынша барлық көлік құралдары жөніндегі мәліметтер Жол полициясының көлік құралдары туралы деректер базасына енгізіліп, сонымен бірге қалалардың (облыстардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі.
4. Байқаудан өткен автокөлік құралдарына Жол полициясы байқаудан өткені туралы куәлік және талон, байқаудан өткен күні (3-қосымша ) беріледі. Куәлік Жол полициясы уәкілетті өкілінің қолымен және оның жеке мөртаңбасымен ("Қаралды") куәландырылады. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен талондар бланкісінің есебі журналында (4-қосымша ) тіркеледі.
Белгіленген мерзімде көлік құралдарын байқау жүргізетін орынға өз күшімен жеткізуге мүмкіндігі болмағанда (меңгере алмауына байланысты және т.б.), иесі Жол полициясына тиісті белгілер қою және есепке алуды жүргізу үшін жазбаша өтініші мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті ұсынуға міндетті.
Ұзақ уақытқа қойылған көлік құралдарының иесі - заңды тұлға осы көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетілген актіні ұсынғаннан кейін, байқау жүргізіледі.
Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді байқау автопоезд құрамында жүргізіледі.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бастықтары:
1) Осы бұйрықты Жол полициясы жеке құрамының зерделеуін және оларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
2) Қалалық, аудандық ІІО жол полициясы бөлімшелерінің байқау пункттерін ұйымдастырсын.
3) Көлік құралдары иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Ереженің талаптары туралы ақпараттандыру жөнінде іс-шаралар жүргізсін.
4) Осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттандырудың бланкілерін, Жол полициясы байқаудан өткені туралы куәліктері мен талондарын дайындау және олармен Жол полициясы бөлімшелерін қамтамасыз етсін.
5) Жол полициясы бөлімшелерінде көлік құралдарының саны және олардың жыл сайын мемлекеттік мерзімді байқаудан өтуі туралы мәліметтерді "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2137 болып тіркелген) талаптарына сәйкес компьютерлік есепке алуды және талдауды енгізуді қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін.
8. Жол полициясы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
9. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы
N 263 бұйрығына 1-қосымша
Көлік құралының мемлекеттік техникалық
байқаудан өтуi туралы
АКТ
200___ жылғы "__"______________ жасалды. Толтырылған жері___________
Көлік құралының иеci________________________________________________
____________________________________________________________________
МНТ белгісі_____________________ Маркасы, үлгісі___________________
Шыққан жылы_____________________ Санаты____________________________
Қозғатқыш N_____________________ Шасси_____________________________
Шанақ___________________________ Tүci______________________________
Қозғатқыш көлемі (см. куб)__________________________________________
Рұқсат берілген ең ауыр салмақ, (кг)________________________________
Жүктемесіз салмағы (кг)_____________________________________________
АКҚ мақсаты__арнаулы, мамандандырылған (керектісін сыз)
КҚТК сериясы, N_____________________________________________________
Басқару органдарының орналасуы______________________________________
классификация_______________________________________________________
Отыратын орындар саны_______________________________________________
Көлік иесінің КҚТК бойынша мекен-жайы_______________________________
Сенімхат бойынша мекен-жайы_________________________________________
Жүргізуші куәлігінің сериясы, N, санаты_____________________________
Қашан және қай жерде берілген_______________________________________
Тексеру барысында анықталған ақаулар туралы ескертпелер және қосымша
ақпарат_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Байқаудан өтуі туралы қорытынды_____________________________________
Жол полициясы қызметкері____________________________________________
(ЖП қызметкерінің аты-жөні, қолы) мөртаңба
Техникалық байқаудан өтуі туралы берілген куәлік N__________________
Келесі техникалық байқаудан өту мерзімі 200 жылғы "___"____________.
Таныстым, көлік құралының иесі(қолы)________________________________
N 263 бұйрығына 2-қосымша
Көлік құралдарын мемлекеттік техникалық
байқаудағы жиынтық
Актісі
"_____"_________________200__ж.
Мен,________________________________________________________________
(Жол полициясы қызметкерлерінің лауазымы, атағы, аты-жөні)
комиссия мүшелері___________________________________________________
__________________________________________________________қатысуымен
______________________________"_____________________________________
(кәсіпорын, ұйым, ведомстволық тиесілігі)
______________балансында тұрған техникалық құралдарға (ТҚ)
техникалық байқау жүргіздім.
Байқау кезінде мыналар анықталды:
1.______________бірлік ТҚ байқауға ұсынылды
N | ТҚ-ның үлгісі | Моделі | Мемлекеттік нөмірлік белгісі | Шыққан жылы | N КҚТК | Реттік нөмірі | ТБ-ден өткендігі туралы қорытынды | ТБ-ден өткендігі туралы талонның нөмірі |
Қозғатқыш | Шанақ | Шасси |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| | | | | | | | | | |
____________________бірлік көлік құралдары техникалық байқаудан өтті
________________________көлік құралдары техникалық байқаудан өтпеді,
оның ішінде мынадай себептермен:
ағымдағы жөндеудің немесе оны күтудің салдарынан_____________бірлік;
күрделі жөндеуге байланысты__________________________________бірлік;
қайта жабдықтауға байланысты_________________________________бірлік;
консервацияда болуына байланысты_____________________________бірлік;
байқауды өткізу талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты______бірлік.
2.________________көлік құралдары техникалық байқауға ұсынылған жоқ.
N р\с | Көлік құралының түрі | Моделі | Мемлекеттік нөмірлік белгісі | Техникалық байқауға ұсынбау себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
Кәсіпорынның басшысы________________________________________________
Бухгалтер (немесе есеп жүргізетін тұлға)____________________________
Жол полициясының қызметкері_______________________________ М.О.
Cаны ________________ бірлік байқаудан өткендігі туралы куәліктерді
кәсіпорынның өкілі алды ____________________________________________
N 263 бұйрығына 3-қосымша
Көлік құралдарының мемлекеттік мерзімдік байқаудан
өткені туралы куәліктің үлгісі
көлік құралдарының мемлекеттік байқау өткені жөніндегі КУӘЛІГІ Иесі _______________________________________________ ____________________________________________________ Маркасы (үлгісі)____________________________________ Мем. нөмірі _______________ Шыққан жылы ____________ Көтеретін жүгі (тн)_____Жолаушылар орнының саны ____ Қозғалтқыш көлемі KZ Z N 000000_ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| | | | | | | | | | | |
Иесі мен мемлекеттік тіркеу н ө мірі белгісінің ө згеруі Иесі ________________ мем. нөмірі ______________________________ ________________________ МО ____________________________________ күні қолы Иесі _________________ мем. нөмірі _____________________________ _________________________ МО __________________________________ күні қолы мемлекеттік бай қ ауды к ө рсетілген айда ө ту керек |
Берілген уақыты | КҚТК N | Мөртаңба | Қолы |
| | | |
| | | |
| | | |
N 263 бұйрығына 4-қосымша
Көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткені
туралы куәліктердің және талондардың беруін және
сақталуын тіркеу журналы
Куәліктер алында | N-денN-дейін | Алушының лауазымы, аты-жөні | Алғаны туралы қолы | Берілді (саны) | N-ден N-дейін | Алушының лауазымы, аты-жөні | Алғаны туралы қолы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | | | | |
N 263 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күшін
жойған кейбір бұйрықтарының
тізімі
1. "Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 990 болып тіркелген.
2. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 571 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1349 болып тіркелген.
3. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қарашадағы N 787 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1699 болып тіркелген.
4. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2092 болып тіркелген.
5. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 722 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2651 болып тіркелген.
6. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 528 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3138 болып тіркелген.
7. "Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3582 болып тіркелген.
8. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 548 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3893 болып тіркелген.
9. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3974 болып тіркелген.
10. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 және "Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 78 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4115 болып тіркелген.