Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялауға жинау және экспонаттау жөніндегі қызмет түрі үшін қойылатын жалпы талаптар мен құжаттар |
1 | толық сауалнамалық деректер (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы) қоса берілген, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер | Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы | Құжаттың электрондық көшірмесі |
2 | қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындылар | Қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алу |
3 | соттылығының жоқтығы туралы анықтама | Соттылығының жоқтығы туралы анықтама | ҚР БП ҚСжАЕК АЖ-дан алу |
4 | қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама | Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
5 | заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі | Жоғары техникалық білімнің болуын растайтын диплом. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
6 | заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының тиісті Қауіпсіздік қағидалар жөніндегі білімі | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі | Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
7 | өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне тексеруден өткен білікті мамандар | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. | Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
8 | қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар түріндегі ғылыми база | Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы | Құжаттың электрондық көшірмесі |
9 | мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), жабдықтарды, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаске); қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қарудың немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база | Тиісті жабдықтар мен аппаратураның, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттары. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері | Құжаттың электрондық көшірмесі |
10 | қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар | Техникалық құжаттама | Құжаттың электрондық көшірмесі |
11 | қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар | Техникалық құжаттама | Құжаттың электрондық көшірмесі |
12 | қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
13 | үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты | Шарт | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
14 | заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі | Диплом | Құжаттың электрондық көшірмесі |
15 | заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының тиісті Қауіпсіздік қағидаларын білуі | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі | Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
16 | өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткен білікті мамандар | Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі | Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
17 | қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база | Қару мен оның патрондарының түрлерін жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы | Құжаттың электрондық көшірмесі |
18 | мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықты, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қаруды және оның патрондарын жасау жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехын (учаскені); бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау бойынша жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін құрастыру цехын; оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сингализациясы құралдарымен жабдықталған дайын қару мен патрондарды сақтау үшін мамандандырылған қоймаларды; өндіріс процесінде бракка шығарылған қарудың негізгі жарамсыз бөлшектері мен оның патрондарын сақтауға арналған ақауды оқшаулау орнын қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база. Өндірістік база аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшаулануы, қоршаудың, тәуліктік қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз қашықтықта орналастыруы | Тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттары Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актлері | Құжаттың электрондық көшірмесі |
19 | қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе шарт (келісімшарт) | Хаттама немесе шарт | Құжаттың электрондық көшірмесі |
20 | қару мен оның патрондарын өндіруге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар | Техникалық құжаттама | Құжаттың электрондық көшірмесі |
21 | жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау: бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу; кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттар | Техникалық және есепке алу құжаттамасы | Құжаттың электрондық көшірмесі |
22 | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен жұмысқа рұқсаты, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуі және олардың жеткіліктілігі | Жұмыс жүргізу мүмкіндігі туралы ҰҚК хаты | Құжаттың электрондық көшірмесі |
23 | қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
24 | үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты | Шарт | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
25 | қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандар | Қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің бар екенін растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді және т.б.). | Құжаттың электрондық көшірмесі |
26 | техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхана | Тиісті жабдықтардың, аппаратура мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттар. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
27 | арнайы жабдық пен құрылғылар | Тиісті жабдықтар мен аппаратураның бар болуын көрсететін құжаттар | Құжаттың электрондық көшірмесі |
28 | жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар | Техникалық және есепке алу құжаттамасы | Құжаттың электрондық көшірмесі |
29 | қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы | Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы | Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес журналдың болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
30 | қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
31 | техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар | Тиісті жабдықтар мен аппаратураның, үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттардың көшірмесі. Осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
32 | келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттама | Келіп түскен, сатылған қаруды және оның патрондарын есепке алу журналдары. | Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес журналдың бар болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
33 | қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
34 | коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жай | Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты | Құжаттың электрондық көшірмесі |
35 | қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы. Мұражай қарулары үшін – күзет сигнализациясымен жабдықталған, жеке, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сөрелер, сейфтер немесе металл шкафтар | Күзет сигнализациясын орнату актісі. Қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету шарты. Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері. | Құжаттың электрондық көшірмесі |
36 | қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы. Жеке қару үшін – қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтер немесе металл шкафтар | Тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инспекторының баянаты | Құжаттың электрондық көшірмесі |
Ескертпе: коллекциялық қару аумақтық ішкі істер органдарында заңнамада белгіленген тәртіпте міндетті түрде тіркелуге жатады. |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
37 | кілтпен жабылатын сөрелері, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жеке үй-жайлар | Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері | Құжаттың электрондық көшірмесі |
38 | үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт) | Күзет сигнализациясын орнату актісі. Қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты | Құжаттың электрондық көшірмесі |
39 | бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалар | Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау бойынша журналдар. | Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес журналдың бар болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
40 | қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі. Азаматтар үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инспекторының баянаты. | Құжаттың электрондық көшірмесі. |
Комментарий успешно добавлен