• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 188 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5791 болып енгізілді

#$Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3124 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5208 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 171 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5396 тіркелген) енгізілген өзгеріс пен толықтырумен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде: 
4) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: 
"5) инвестициялық қор активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны; 
6) инвестициялық қор активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін); 
7) инвестициялық қор активін сатып алу күні және оның сатып алу құны; 
8) қаржы құралдары бойынша есептелген кіріс сомасы, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы."; 
"6-1. Инвестициялық қор активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады."; 
бірінші бөлігінде "сауда-саттықты ұйымдастырушының" деген сөздер "қор биржасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар жұмыс күнінің соңына Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректерi бойынша алдыңғы сауда күнінің орташа мөлшерленген мәмілелердің бағасы бойынша бағаланады."; 
мынадай мазмұндағы 7-2, 7-3, 7-4, 7-5 және 7-6–тармақтармен толықтырылсын: 
"7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарына құнсыздануы бойынша тестілеу жүргізеді. 
Құнсыздану бойынша тестілеуге эмитент банкрот болған жағдайда, сондай-ақ дефолт немесе делистинг жарияланған инвестициялық қорының активтерін құрайтын қаржы құралдары жатады. Осындай қаржы құралдары құнсызданған жағдайда олардың әділ бағасын анықтау құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады. 
7-3. Бағалы қағаздардың құнсыздануына жүргізілетін тестімен құнсыздануды танудың мынадай критерийлері анықталады: 
Акциялардың құнсыздануына тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.
Борыштық бағалы қағаздардың құнсыздануына тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген критерий қолданылмайды. 
Әрбір критерий бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді.
7-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді:
1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін;
2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын;
3) эмитент өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қолданатын шараларды қамтиды.
коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес, жалпылама қабылданған нормалар шегінде есептелген;
бизнестің дамуы үшін жағымды нарықтық жағдайлары бар, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;
ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған;
эмитенттің өзінің міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
эмитенттің активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас келеді;
2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі "тұрақты" сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады.
3) тұрақсыз – эмитент мынадай факторлардың себебінен өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды деген ықтималы бар:
эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес);
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген төтенше немесе өзге жағдайлардың болуы;
4) өте қиын – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты нашарлауы сыни деңгейге жетті:
төлеуге қабілетсіз, эмитент банкрот болуы немесе өзге түрдегі қайта құрылуы ықтимал;
шарт талаптарын бұзуы (пайыз немесе негізгі борыш сомасын төлемеу немесе төлеу мерзімдерін бұзу);
бағалы қағаздар ұстаушының эмитентке талап ету құқығын беру, өзге жағдайда ол берілмейтін еді;
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың болуы.
Есептен шығару мөлшері бағаланатын бағалы қағаздың санатына байланысты болады, ол осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес анықталады: 
он пайызға – "1-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін,         он бес пайызға – "2-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін,         жиырма бес пайызға - "3-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін",         елу пайызға – "қанағаттанарлықсыз" жіктеу санаты үшін. 
Қаржы құралы үшін ашық сауда тоқтатылуына байланысты белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануға растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсыздануының растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қол жетімді деректермен жиынтығында қаралады.
7-6. Акциялардың құны олардың белсенді нарығының болмауы салдарынан әділ құнын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда сәйкестендірілген құны бойынша анықталады. 
Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын баланстық құнына мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады: 
он екі ай ішінде, егер ағымдағы құны баланстық құнынан 1-1,5 есе ауытқыса; 
отыз алты ай ішінде – егер ауытқу 2 – ден астам есені құраса. 
Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады. 
Осы қаулының мақсаттары үшін баланстық құны деп эмитенттің қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын акциялардың құны танылады. 
Инвестициялық қордың активтерін құрайтын, бұрын қор биржасының тізіміне енгізілмеген қаржы құралдары басқарушы компанияның есеп жүргізу саясатына сәйкес есепке алынады. 
Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады."; 
"14-1. Тәуекелді инвестициялау инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны күнделікті басқарушы компанияның ресми сайтында орналастырылады."; 
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда 1-қосымшамен толықтырылсын; 
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда 2-қосымшамен толықтырылсын. 
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева): 
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін. 
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 188 қаулысына 1-қосымша
"Инвестициялық қор активтерiнiң,
 инвестициялық қордың таза активтерiнiң
 құнын, инвестициялық пай қоры пайының
 есептi құнын және акционерлiк инвестициялық
 қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке
 алу және айқындау ережесiне 1-қосымша
 
Критерийдің атауы Баллдар саны
1 Қаржылық жай-күйі:
1.1 Тұрақты +0
1.2 Қанағаттанарлық +1
1.3 Тұрақсыз +2
1.4 Өте қиын +5
2 Кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу:
2.1 Мерзім өткізу жоқ -1
2.2 Мерзімі 7 күнге дейін өткізілген +0
2.3 Мерзімі 8-ден 15 күнге дейін өткізілген +1
2.4 Мерзімі 16-дан 30 күнге дейін өткізілген +2
2.5 30 күннен астам +3
3 Кепілдіктің болуы:
3.1 Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% кепілдігі болған кезде) -4
3.2 Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100%-дан аз кепілдігі болған кезде) (баллдар сомасы кепілдік мөлшеріне пропорционалды есептеледі "- 4"-тен)
3.3 "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекетінің -3
3.4 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері -3
3.5 "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитентінің -2
3.6 Кепілдігі жоқ +0
4 Белсенді нарығының болуы:
4.1 Белсенді нарық +0
4.2 Нарығы белсенді емес +1
5 Рейтингінің болуы:
5.1 "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А" төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар -4
5.2 "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен "ВВВ-"-ке дейін рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар -3
5.3 "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар -2
6 Рейтингі жоқ
6.1 "бірінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар -1
6.2 "екінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар +0
7 Эмитенттердің қор биржасы тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар -1
7.1 Эмитенттердің қор биржасы тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар 0
8 Қор биржасы тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар +1
9 Дефолт, делистинг немесе рейтингтің төмендеуі +2
10 Бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі) +2
11 Ақпарат жоқ +10
Бағалы қағаздарды құнсыздандыру үшін осы критерийлерді қолданған кезде рейтингтік бағасы және листинг санаты болған жағдайда рейтингтік бағасы алынады. 
1-ге дейін (қоса алғанда) баллдар сомасын алған жағдайда – бағалы қағаз стандартты деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 2-ден 4-ке дейін (қоса алғанда) болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 8-ден 10-ға дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 10-нан астам болған кезде қанағаттанарлықсыз деп жіктеледі.
Бағалы қағаз эмитентінің банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз нөлге дейін біржолғы есептен шығарылады.".
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 188 қаулысына 2-қосымша
"Инвестициялық қор активтерiнiң,
 инвестициялық қордың таза активтерiнiң
 құнын, инвестициялық пай қоры пайының
 есептi құнын және акционерлiк инвестициялық
 қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке
 алу және айқындау ережесiне 2-қосымша
 
Баллдар сомасы Бағалы қағаздардың жіктеу санаты Құнсызданудың қажетті (барынша төмен) мөлшері
1 Стандартты 0%
2-4 1-санаттағы күмәнді 10%
5-7 2-санаттағы күмәнді 15%
8-10 3-санаттағы күмәнді 25%
10 астам Қанағаттанарлықсыз 50%