• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 04.06.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар:
1) осы Yлгi ережеге сәйкес тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң ережелерiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн;
2) өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң заң қызметтерiн нығайтуды қамтамасыз етсiн, заң қызметтерiнiң жұмыс сапасын арттыру әрi республикалық және өңiрлiк деңгейде заңдылық режимiн нығайту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлесiн;
3) қабылданатын кесiмдердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бақылауды күшейтсiн және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйiн кезең-кезеңмен қарасын.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк органдардың заң қызметтерi қызметкерлерiнiң тиiстi мемлекеттiк органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманың нормаларын бiлуiне тестiлеудi үнемi жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiк басқару органдарының және оларға қарасты кәсiпорындардың, мекемелердiң заң қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 624  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 17, 187-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметiнiң жай-күйiн жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 521  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 152-құжат);
3) "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 868  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 303-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі