Toggle Dropdown
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі N 767 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 349 Бұйрығын қараңыз
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 231 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
багаж түбiртегi – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшiн қабылдағанын растайтын құжат;
борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, тасымалдаушының мөрімен бекiтiлген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткенi туралы белгiлер қойылады;
диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;
жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi (аялдау пунктi) – осы Қағиданың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсiру мақсатында автокөлiк құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесi;
қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
қауiптi учаскелер – автомобиль жолдарының жүрiп өткенде жол-көлiк оқиғасы болуының жоғары қаупi туындайтын немесе қозғалыс режимiнiң елеулi өзгерiстерiне байланысты учаскелері;
маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;
маршрут схемасы – аялдау пункттерi, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, темiржол өтпелерi, көпiрлер және тоннельдер) көрсетiлген маршруттың графикалық шартты бейнеленуi;
рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;
қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.
4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 231 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала анықталады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттан ауытқуға жол берілмейді.
6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы автокөлік құралында жол қағазының болуын қамтамасыз етеді, оны тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресiмдейді.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 231 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды тасымалдаушылар ұйымдастырады және осы Қағида талаптарына сәйкес келетiн автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
8. Тұрақты емес тасымалдау:
1) заңды және жеке тұлғалардың бiр жолғы тапсырысы (өтiнiмi) бойынша тасымалдау. Мұндай тасымалдауға: туристiк, экскурсиялық, iс-шараларға қызмет көрсету жатады.
Бiр жолғы тасымалдау белгiлі бір кезең ішінде шарттық негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн;
2) таксимен тасымалдау болып бөлінеді.
2. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі, ал халықаралық жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуы қажет.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 231 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді және автобустар, шағын автобустар, троллейбустар жарамсыз болған жағдайда, олардың уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етедi.
Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар, троллейбустар тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.
10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
3) халықаралық қатынастарда жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдайтын маршруттарға тасымалдау түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;
4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11. Республикалық маңызы бар жолдар арқылы ұзақтығы 300 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдау үшiн пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың шалқаятын арқашалары бар жұмсақ орындықтары болуы тиiс.
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 231 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы талап маршруты ирелеңдері, бұрылыстардың кіші радиустары немесе паромдық өткелі бар таулы жерлерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауға қолданылмайды.
11-1. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделеді.
Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)