• Менің таңдаулыларым
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар қыран құстардың тұқымын сақтап қалу жөніндегі шаралар туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 28.06.2000 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар қыран құстардың тұқымын сақтап қалу жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 тамыз N 1150.

  • 1
Республиканың Қызыл Кiтабына енгiзiлген, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар неғұрлым бағалы қыран құстардың тұқымын сақтап қалуға нұқсан келуiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi: 
1. Сұңқардың, Ителгiнiң, Бидайықтың, Лашынның, Тұрымтайдың, Дала қыранының, Бүркiттiң республикадағы саны анықталғанға дейiн оларды аулауға рұқсат беруге, Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салсын. 
2. Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген неғұрлым бағалы қыран құстардың санын есепке алуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi